Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

     Хадиша Бөкееваға арналған кеуде тұғыры – Казталов аудандық мәдениет үйінің ауласындағы оң қапталда Қазақ ССР-нің халық артисі, профессор жерлесіміз Хадиша Бөкееваның 100-жылдық мерей тойы қарсаңында қойылған кеуде тұғыры тастан құйылып, беті қара гранитпен құйылған. Ескерткіш бетінде Хадиша Бөкеева (1917-2011)  деген жазулары бар. Ескерткіш авторы Оралдық мүсінші Р.Шамсуддинов.

     Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш белгі – Ғ.Қараш атындағы Қараоба ауылдық мектеп гимназиясы ауласындағы «Отан қорғаушылар даңқы мәңгі өшпесін!» - атты ескерткіш тақтасы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына ауыл маценаттары мен кәсіпкер жігіттердің қолдауымен тұрғызылды. Ескерткіш қабырғасы 5 шаршы ұзындықта, алдыңдағы стеласы 6 шаршы биіктікте, негізі қызыл тастан өрілді, қабырғасының үстіне белгісіз жауынгердің темір қаңылтырдан ойылып жасалған мүсіні жапсырылып 226 боздақтың есімдері ақ-сұр мәрмәрға қашалып жазылған.Оң жақ шетінде бөлек қабырғада «Отан қорғаушылардың даңқы мәңгі өшпесін» деген жазу бар.Алдыңғы жағында «Мәңгілік алау» қара қоңыр граниттен төртбұрышты етіп жасалып, жұлдызы алтын түстес темірмен қапталған.Тұрған жері Қараоба ауылы.

     Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге ескерткіш белгі – Казталовка ауылының орталық бағында 1985 жылы құйма тастан құйып жасалған «Белгісіз солдаттың» ескерткіші. Ескерткіш 7 метр биіктікте, астыңғы жағындағы тұғырнамасы 1 метр 70 биіктікте, алдында «1941 – 1945 ж.» деген жазулары бар ескерткіштің артында «Отан үшін от кешкендер», «Жерлестер есімі мәңгі есте» деген жазулары бар. Авторы белгісіз.1985 жылы ауданға студенттік құрылымымен келген студенттердің сыйға тартқан сыйы.Тұрған жері Казталов ауданы.

     Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш белгі – Көктерек ауылындағы облыстық мұражайдың филиалының ауыл жанашырларының көмегімен Сейткереев Төлеген ағамыздың басшылығымен орнатылған мемориалдық тақтада 180 боздақтың есімі сұрғылт ақ мраморға жазылған.Мекеме қақпасынан кіріп келе жатқан жерде дөңгелек мұнарада ақ мәрмәрға «Сұрапыл соғыстан оралмаған боздақтар мыналар еді.. Есімдері ұрпақтардың есінде болсын» деп жазылып, боздақтардың есімдері жазылған тізімнің алдынан қойылған.Мекеме үйінің қабырғасына қаптарластырылып солдат бейнесі мен 1941- 1945 жыл деген қойылып «Қастерлеуші жерлестеріңнен» деген сөзбен көмкерген.Тұрған жері Көктерек ауылы.

     Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналып қойылған ескерткіш белгі – тарих ескерткіші.1985 жылы орнатылған.Астыңғы жағы қызыл тастан өріліп, төрт бұрышта темірден бұрышнама жасалып ағаш тақтайшаларға 262 боздақтың есімдері жазылған. Ортасында қызыл қаңылтырдан жасалған тұрбаша тұрғызылып, үстіңгі жағында «Отан Ордені», ортасында «Ешкімде ешнәрседе ұмытылмайды» деген сөздер жазылған. Ескерткіштің айналасы әдемі темір торшалармен қоршалған. Алдында мәңгілік алауы бар. Тұрған жері Жаңажол ауылы.

1 бет. Барлығы: 2