Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Өнер тарландары

Бақтыгереев Темірәлі

                                        (1950-2014)                                       

Бақтыгереев     Бақтыгереев Темірәлі -23шілде 1950 жылы Казталов ауданы Березин ауылында дүниеге келген. Композитор . 1967 жылы орта мектепті бітіріп, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін бітірген. 1993 жылы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Саратов қаласындағы Сабанов атындағы консерваторияда оқыған. 1970 жылы баяншы ретінде Орта Азия әскери ән-би ансамбілін құруға атсалысқан. Композитордың «Барып қайт, балам, ауылға» (А.Қадырбаеваның сөзіне жазылған), «Ғашықтар сенімі» (Ф.Оңғарсынованың сөзіне жазылған), т.б. әндері жұртшылық арасында кең тараған. Бақтыгереев мерзімді басылымдарға музыка өнері және өнер қайраткерлері туралы танымдық мақалалар жазып тұрған. «Барып қайт, балам, ауылға» әні 1999 жылы, «Әнімді саған арнадым» атты 2001 жылы аудиоальбомдары шыққан.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Көз алдыма екі сурет елестеді, «...Барып қайт,балам,ауылға...» [Композитор Темірәлі Бақтыгереев туралы]// Ауыл айнасы.-2017.-№37.-15 қыркүйек.-7 б.
  2. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002.
  3. Жақсыларымызды көзі тірісінде бағалайық! [Композитор Бақтыгереевтің Т. мерзімді басылымға жариялаған мақаласы туралы] // Шамшырақ.-2012.-№2.- сәуір.-16 б.

 

Бөкеева Хадиша

(1917-2011)

Бөкеева   Бөкеева Хадиша 9 қаңтар 1917 жылы Казталов ауданыныда дүниеге келген. Актриса. Қазақстнның халық артисі (1957), КСРО Халық артисі (1964), профессор (1974). Алғашқы сахыналық қадамын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған. 1932-34 жылдары Алматы мед институтының даярлық курсында оқып жүріп, қазақ радиокомитетінде әнші болды. 1938 жылы Ленинградтың мемлекеттік сахна өнері техникумының (қазіргі Санкт-Петербургтың Театр, музыка және кинематография институты) қазақ студиясын бітірген. Сол жылы Шымкент облысы қазақ драма театрының құрамына қабылданды. Осы театр сахнасында ойнаған тұңғыш рөлі- Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат» трагедиясындағы Луиза және А.Н.Островскийдің «Кешіккен махаббатындағы» Людмила. 1942 ж қазақ драма театрына ауысты. Ол –драмалық, комедиялық және трагедиялық рөлдерде бірдей өнер толғаған, әр қырлы, диапазоны кең суреткер. Бөкеева көркемсөз оқумен де шұғылданған. 1940 жылдан бастап киноға түскен: Райхан (осы аттас фильмде), Фатима («Асау Ертіс жағалауында», 1959), Ділдә («Тұлпардың ізінде», 1964) т.б. 1965 жылдан педагогикалық қызметпен де (әуелі Алматы мемлекеттік өнер институтының театр факультетінде, 1965-78, кейін Театр-көркемсурет институтында (1974 жылдан профессор) айналысады. Көптеген талантты шәкірттер-сахна шеберлерін тәрбиелеген. Ленин, «Құрмет белгісі» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Болат Ә.

     Казталовтан шыққан хас талант [Жерлес,театр өнерінің жұлдызы Х.Бөкееваның 100 жылдығына орай]// Ауыл айнасы.-2017.-№18.-7 мамыр.-6 б.

  1. Сармалаева А.

     Шәкірті болған еді [Х.Бөкееваның шәкірті Ж.Мұстахов туралы] //Ауыл айнасы.-2017.-№12.-24 наурыз.-5 б.

  1. Бисенбайқызы Г.

   Өнер иесіне арналған кеш өтті.[Х.Бөкеева туралы] // Ауыл айнасы.-2017.-№12.-24 наурыз.-5 б.

  1. Болат Ә.

   Театр-кино әлемінің ханшайымы[Х.Бөкееваның туғанына 100 жыл толуына орай] // Ауыл айнасы.-2017.-№12.-24 наурыз.-5 б.

  1. Жұмакелдіұлы Ү.

   Қазақ сахнасының хас шебері-Хадиша[Х.Бөкеева туралы]// Ауыл айнасы.-2017.-№12.-24 наурыз.-5 б.

  1. Сезім сырын шерткен –Хадиша[Х.Бөкееваның туғанына 100 жыл толуына орай]// Ауыл айнасы.-2017.-№8.-24 ақпан.-8 б.
  1. Ибатова И.

     Өмірі мен өнері сахнада өрнектелген жан. [Халық әртісі Х.Бөкееваның туғанына 100 жыл толуына орай]// Ауыл айнасы.-2017.-№8.-24 ақпан.-8 б.

  1. Әнуарбекқызы М.

     Қазақ сахнасының падишасы[Х.Бөкееваның туғанына 100 жыл]// Ауыл айнасы.-2017.-№2.-13 қаңтар.-6 б.

  1. Әділжан Г.

   Хадиша Бөкееваға 100 жыл (Тарихи-өлкетану мұражайындағы суреттер)// Ауыл айнасы.-2017.-№2.-13 қаңтар.-6 б.

  1. Жұмағалиев Б.

   Сахна өнерінің сөнбес жұлдызы[Халық артисі Хадиша Бөкееваның өмір жолы туралы]// Орал өңірі.-2011.-№22.-19 ақпан.-6 б.

  1. Қазақтың Хадишасы-сахна падишасы[Қазақстанның халық артисін мәңгілік мекенге шығарып салуы туралы]// Айқын.-2011.-№20.-3 ақпан.-29 б.
  1. Бөкеева Хадиша [Қазақстанның халық әртісі Х.Бөкееваның өмір жолы туралы]// Егемен Қазақстан.-2011.-2 ақпан.-8 б.
  1. Рысбеков Т.

      Актриса яркого дарования [ко дню 100-летия Х.Букеевой]// Приуралье.-2017.-№19.-18 февраль.-10 с.

  1. Болат Ә.

       Хадиша апамызды танып білдік пе?...[Х.Бөкееваның 100 жылдығына орай]// Ауыл айнасы.-2017.-№7.-17 ақпан.-9 б.

  1. Әміреев М.

     Қазақ сахнасының хас шебері Хадиша [Х.Бөкееваның 100 жылдығына]// Ауыл айнасы.-2016.-19 тамыз.-7 б.

  1. Қалықұлы М.

     Қазақ өнерінің бірегей тұлғасы Хадиша апай [Х.Бөкееваның 100 жылдығына орай]// Ауыл айнасы.-2016.-21 наурыз.-3 б.

  1. Әбиев А.

     Өнер сапарымен келген болатын[Би өнерінің хас шебері Х.Бөкеева туралы]// Ауыл айнасы.-2017.-№ 20.-19 мамыр.-5 б.

  1. Болат Ә.

       Хадиша Бөкеева және Асанәлі Әшімов [Х.Бөкееваның 100 жылдық мерейтойына]// Ауыл айнасы.-2017.-№20.-19 мамыр.-5 б.

  1. Әнуарбек М.,Жақып Қ.

   Өзгелерді дарынымен тамсандырған.[Х.Бөкееваның 100 жылдығына орай]// Ауыл айнасы.-2017.-№21.-26 мамыр.-6-7 б.

  1. Әміреев М.

       Туған жердің талантқа тағзымы [Хадиша Бөкееваның мерейтойы туралы] // Орал өңірі.-2017.-№83.-11 шілде.-9б.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

  1. Ануарбек М.,Жақып Қ.

         Хас талант-Хадиша.// Орал өңірі.-2017.-№53.-20 мамыр.-1,6 б.

  1. Әділжан Г.

         15 жасында Ленинградқа оқуға барған.[Х.Бөкеева туралы]// Ауыл айнасы.-2017.-19 мамыр.-5б.

 

 

Қажмұратов Сердеш

(1950)

Қажымұратов   Қажмұратов Сердеш 19.03.1950 жылы Казталов ауданы Әжібай ауылында дүниеге келген. Актер. 1986 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі. 1971 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтының актерлік факультетін бітірген. 25 жыл бойы Қарағанды облысы драма театрының актері болып еңбек етті. Ол Әлібек, Жапал, (М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» мен «Еңлік пен Кебегінде»), Шоқан (С.Мұқановтың «Шоқан Уалиханында»), Қодар, Сердәлі (Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» мен «Ақан сері-Ақтоқтысында»), Бақыт, Алтынбек (С.Жүнісовтың «Тырау-тырау тырналары» мен «Қысылғаннан қыз болғанда»), Нияз (Т.Ахтановтың «Махаббат мұңында»), Жангелдин (М.Д.Симашконың «Төтенше комиссарында»), т.б. ролдерде ойнаған. 10-нан аса киноға түскен, әсіресе 1986 жылы «Күзет бастығы» фильмінде Құрымбайдың ролін шебер сомдаған. С.Жүнісовтың «Өліара» спектаклінде Жақай Тайшиевтің ролін орындағаны үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілген. 1997-2001 жылдары БҚоблысында қазақ драма театрында бас режиссер болып қызмет атқарған.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Тілепқызы Р.

   Сахна тарланы-Серағаң [Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі С.Қажмұратов туралы]// Ауыл айнасы.-2011.-7 наурыз.-5 б.

  1. Қайдаров М.

   Халықтық театр-халық өнерінің сарқылмас бұлағы[Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі С.Қажмұратов туралы]// Ауыл айнасы.-2005.-10 қазан.-3 б          

      3. Батыс Қазақстан облысы.Энциклопедия.-Алматы:Арыс баспасы,2002.-334 б.

      4. Казталов ауданы.Шежіре.-Алматы:Арыс баспасы,2008.-105 б.

      5. Нықмұқанова А.

Елдің ерке Сердеші[Актер С.Қажымұратов туралы] //Айна.-2010.-11  наурыз.-3 б.

      6. Нықмұқанова А.

Елдің ерке Сердеші[Актер С.Қажымұратов туралы] // Мәдениет.-2010.-№4.-   24-25 б.

       7. Ғалымжанқызы Ә.

   Талант-тәңір берген сыйлық емес,бұл ең алдымен төзімділік пен еңбектің арқасы [Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс С.Қажымұратовпен сұхбат] // Шамшырақ.-2012.-№5.-қыркүйек.-32 б.

       8. Әйпішев Е.

            Мені жас әріптестерімнің болашағы ойландырады [облыстық қазақ драма театрының режиссері С.Қажымұратовпен сұхбат] // Орал өңірі.-2013.-№76.-20 маусым.-15 б.

       9. Көшбаева Г.

         Аудан әкімі Сердеш Қажымұратовты қабылдады. // Ауыл айнасы.-2014.-№26.-4 шілде.-2 б.

 

 

Сейтенова Ажар Жүсіпбекқызы

(1972)

  АжарСейтенова Ажар Жүсіпбекқызы 1972 жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қызыл ту ауылында дүниеге келген. Атырау қаласындағы Дина Нұрпейсова атындағы Атырау халықтық музыка колледжінде қызмет атқарған ұстаз, Атырау облыстық халық шығармашылық орталығының әншісі. Х.Досмұхаммедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетін, одан соң Алматыдағы Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияны ұстазы «Дарын» мемлекетік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері С.Жанпейсовадан және А.Қосановадан дәріс алып, халық әндері класын бітірген. 2001, 2006 жылдары өткен республикалық М.Мераліұлы, 2003 жылы Қ.Орашеваның 50 жылдығына арналған  «Көмейінде күміс жыр» атты байқауларының лауреаты, М.Өтемісұлының туғанына 200 жыл толуын орай өткізілген «Мен ақсұңқар құстың сойы едім» атты жыршы-жыраулар байқауында Құмар Жүсіпов атындағы жүлдені иеленген. 2005 жылы халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты. 2006 жылы Маңғыстауда өткен халықаралық «Каспий достық теңізі» фестивалінде, осы жылы С.Жанғабыловтың 130 жылдығына арналған байқауда, 2007 жылы Астана қаласында өткен Ә.Қашаубаев атындағы әншілер байқауында дипломант атанған. Алматы қаласындағы Абай атындағы опера және балет театрындағы және Астанадағы Президенттік Мәдениет сарайы орталығында Ғ.Құрманғалиевтің  жылдығына арналған концертте өнер көрсетті. Осы жылы Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау  облыстарының жұртшылығына «Әнші дауысы» атты жеке концертін берді. Ресей мен Қазақстан арасындағы достықты нығайту мақсатында концерттік бағдарламамен Астрахань, Казань (Татарстан) қалаларында өнер көрсетті. 2006 жылы Астархань қаласында өткен «Живая вода» фестивалінде қатысып қала губернаторының марапатына ие болды. «Інжу маржан», «Алтыбақан», «Дала думан». «Сегіз қырлы» «Жеті саз» телебағдарламаларына қатысты. Қазақ радиосының алтын қорында А.Сейтенованың өнері туралы хабар және 20 әні  сақталған. Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауымен Мәдениет Министрлігі шығарған  «1000 ән» дискісіне А.Сейтенованың орындауындағы  халық әні «Сарайшық» және Мұхит салдың «Күрең  шай» әндері енгізілген. А.Сейтенова республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, материалдары конференция жинақтарына енгізілді. «Қазақстан әйелдері» журналында тілші. Аналар тақырыбын дәріптеген бірнеше мақалалары жарық көрген. Халықаралық ақпараттық талдау қызметтері одағының мүшесі. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

 

Пайдаланған әдебиеттер:            

  1. Келес М.

     Атыраудың Ажары[Ажар Сейтенова ] // Қазақстан әйелдері.-2008.-№8.-7-9 б.

       2. Жұмағалиев С.

    «Алаштан ән оздырған Мұхит бабам» дәстүрлі ән кеші және оны тыңдаған 20 көрермен...[А.Сейтенова туралы] //Ауыл айнасы.-2011.-№36.-22 тамыз.-2 б.

       3. Келес М.

   Дәстүрлі әнді шетелдіктер ұйып тыңдайды[дәстүрлі әнші А.Сейтенова туралы] // Пайдалы кеңестер.-2011.-№8.-2-3 б.

 

 

Сүлейменов Әділбек Нәсекенұлы

(1955)

  СүлейАдилбек Сулейменовменов Әділбек Нәсекенұлы 1955 жылы Казталов ауданы, Қаракөл ауылында дүниеге келген. Композитор Қызылорда педагогикалық институтының музыка факультетін бітірген.70-тен астам әні бар, олар «Ауыл кеші көңілді» атты жинаққа енген. Бүкілодақтық 1,2,3 көркемөнерпаздар фестивалінің лауреаты. «Жігер» жастар фестивалінің диломанты.2005 жылы Астанада Президент орталығында өткен «Ауылым-әнім» республикалық фестивалінің жеңімпазы.Сол жылы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері атағы берілді.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: Арыс баспасы, 2002 жыл.- Т.9.

       2. Казталов ауданы.Шежіре.-Алматы:Арыс баспасы,2008.-.145 б.