Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Әдістемелік-библиографиялық бөлім

Қызметкерлері:

 

 

20171205 154622

  Базартаева Гүлжан Уахитқызы - әдістемелік – библиографиялық бөлім жетекшісі

20171205 154916

      Жұмашева Анаргүл Нұрсұлтанқызы- балалар және жасөспірімдер жұмысы әдіскері

Айтмагамбетова Ботагөз Қажымұқанқызы - библиограф

Тел.: 8/71144/ 31-2-46
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Бөлім аудандағы 38 кітапхананың жұмысын үйлестіруші және бағыт беруші орталық болып табылады.
Бөлім  жұмысының негізгі бағыттары:

  • Ауыл кітапханалары жұмыстарын үйлестіру, бағыт беру, мониторингін жүргізу;
  • Кітапхана ісі жөніндегі озық тәжірибелерді зерттеу, іс жүзіне енгізу;
  • Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби-біліктіліктілігін жетілдіру мақсатындағы жұмыстардың жүйесін ұйымдастыру; конференциялар, зерделі кеңестер, тренингтер өткізу;
  • Кітапханалық қызметті жарнамалау, кітапхана жұмыс процестерін автоматтандыруды ұйымдастыру.
  • Кітапхана қызметін жоспарлау, талдау, болжау;
  • Ауданда кітапхана ісін дамыту;
  • Кітапхана қызметі түрлері туралы әдістемелік құжаттар даярлау;
  • Бөлім қызметкерлері аудандағы кітапханалар жұмысына бағыт-бағдар беріп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында ауыл кітапханаларына іссапарлар ұйымдастырады, әдістемелік құралдар шығару жұмыстарымен айналысады,  кітапханалар қызметін жарнамалайды, қоғамдық ұйымдар мен мекемелермен өзара іскерлік байланыс орнату жұмыстарына қатысады.
  • Әдістемелік бөліммен бірлескен ауылдық бөлімше кітапханалары, аудандық кітапхана бөлімдерінің жылдық жұмыс  жоспарларын жасайды;
  • Кітапханаға келу саны, оқырмандар, берілген әдебиеттердің жылдық есебін шығарады;
  • Әдістемелік кеңестер, ұсынбалар, атаулы күндерге сценарийлер жобасын дайындайды;
  • Жазбаша, сандық және статистикалық есеп береді;
  • Ақын – жазушылардың шығармаларын насихаттау үшін өткізілетін әдеби-кештер, оқырмандар конференциясы,  жыр кештерінің жобаларын жасақтайды;