Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Аудандық балалар кітапханасы

20171205 153150

          Бөлім меңгерушісі: Сейфуллина Меңсұлу Бақиқызы

          Кітапханашылар: Алимова Жанна Бекжанқызы

                                        Каримоллина Мейрамгүл Қадырқызы

Кітапхананың басты байлығы – кітап қоры 14622   дана кітаптар, соның ішінде   5383 данасы мемлекеттік тілде. Жыл сайын кітапхана 1400-ден астам оқырмандарды қамтамасыз етеді, кітап берілімі 28000-ға жуық дананы құрайды.

 

Кітапхананың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  •  Кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту.
  •  Жұмыстың жаңа әдістері мен тәсілдерін енгізу.
  •  Қазақстандық елжандылық пен азаматтылыққа тәрбиелеу.
  •  Экологиялық көзқарас пен табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
  •  Туған өлкесінің тарихына деген қызығушылықты қалыптастыру.
  •  Басқа халықтармен мәдени қарым-қатынасты нығайтуға,
  • әдебиетке деген қызығушылықка тәрбиелеу.
  •  Рухани-адамгершілік тәрбие туралы.
  •  Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдени мұрасына деген қызығушылықты тәрбиелеу.
  • Көрмелердің, конференциялардың, тұсқаукесер рәсімдерінің және көпшілік жұмыстың басқа да нысандары көмегімен мазмұны жағынан маңызды баспа туындыларын насихаттаумен шұғылданады.

  Кітапханашының күнделікті жұмыс міндеті:
- Оқырмандарды кітапханаға жазу;
- Қарыз оқырмандардың формулярларын қарап, тізімін жасау;
- Баспасөз беттеріндегі ағымды жаңалықтар легіне карточкалар       
толтырып, картатекаларды толықтырып отыру.

   Балалар  кітапханасының пайдаланудың жалпы қағидалары:

  • Кітапхана тегін қызмет көрсетеді.
  • Кітапхана оқырмандарға уақытша пайдалануға кітапханада бар кітаптарды, басқа да баспа туындылары мен материалдарды беруді ұйымдастырады.
  • Оқырмандар абонементтен алған басылымның әрбір данасы үшін оқырман немесе кітап формулярына қол қояды. Үйге берілген әдебиеттің пайдалану мерзімі мен абонементте берілетін басылымдар саны шектеулі белгіленеді. Бір мезгілде берілетін даналар саны 4-5 данадан аспауы тиіс.


  
Оқырмандар мынаған міндетті:
1.Әр  жылдың басында оқырмандар қайта тіркелуге.
2.Кітапханада пайдалану қағидаларын сақтауға.
3.Кітапханадан алған басылымдарын белгіленген мерзімінде қайтаруға.
4. Кітапхана қорынан алынған баспа шығармаларына, ақпарат тарату құралдарына, техникалық құрал- жабдықтарға ұқыптылықпен қарауға.
5.Кітапханада тыныштық пен тәртіп сақтауға, кітапханаға үлкен портфельдер мен сөмкелермен кіруге болмайтындығы.
6. Кітапханада  өткізілетін шараларға қатысуға.  
7. Кітапханадан өздері қол қоймаған кітаптарды алып шығуға.
8. Кітапхана басылымдарын, бүлдіруге(оларға белгілерін салуға, сызуға,    
парақтарын жыртуға, мұқабасын бүгуге т.б.).
9. Каталогтер мен картотекалардан кәртішкелерді шығарып алуға.
10. Ашық кітап қорындағы әдебиеттердің орналасу тәртібін бұзуға.
11. Кететін оқырмандарға  іс қағаздар толтырылып, кітапхана абонементінен алған әдебиетін қайтарғаннан кейін ғана, кітапханада өзінің кету парағына белгі қойдырылып  беріледі.