Мәдениет саласының бір тармағы - кітапхана болса, сол халыққа рухани қызмет көрсетуде ауданымызда үлкен жоба бастау алған болатын.
Қазақ поэзиясының падишасы Фариза Оңғарсынова : “Кітап оқымаған адам тамырсыз қаңбақпен тең” деп бекер айтпаған. Бүгінгі таңда кітап оқу - ұлт мәдениетінің ең биік өлшемдерінің біріне айналп келеді. Ол бүгінгі және ертеңгі ұрпақты сауаттылыққа, терең ой мен кемел санаға бастайтын нұрлы жолса, аудан әкімінің қолдауымен бастау алған “Мен оқыған 30 кітап” атты жобасы алғаш рет 2023 жылы басталды. Жүлде қоры миллион теңгені құрайтын жобаға аудандық маслихат депуттары демеушілік жасалды. 2024 жылы жалғасын тапқан жобаға жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, жүлде қоры 2 млн теңгені құрады. Кейін жалғасын тапқан жоба 2025 жылы облыс деңгейінде оздырылды.Бас жүлдеге Шыңғырлаулық Жаумбай Айзере ие болды.
Жүйріктен жұйрік озар жарысқанда демекші, 3 жыл қатарынан өткізіліп келе жатырған жобаға ақын, ұстаз, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР білім беру саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалі мен Ыбырай Алтынсарин медалінің, «Парасат» орденінің иегері Дариға Ғазизқызы Мұштанова, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, «Орал өңірі» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағының БҚО-дағы өкілі Бауыржан Файзоллаұлы Ғұбайдуллин, айтыскер ақын, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жансая Ғалымжанқызы Мусина, «Адырна Медиа Холдинг» ЖШС директоры, журналист – Арман Серікұлы Әубәкір,
Философия докторы (PhD), М.Өтемісов атындағы БҚУ доценті Айдарбек Ахметұлы Ақболатовтар төрелік жасады.
Ауданымызда облысымыздың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткен жиында республикалық кезеңнің танысытылырым өтіп, сол жиында Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өміралиев облыстық кезеңде жеңімпаз аудан ретінде өз аудандарында өткізетінін жеткізді. Жас оқырмандардың білімге деген құштарлығын шыңдап, ой-өрісін кеңейтетін, болашаққа бағыт сілтейтін рухани жобаға ауданынымыз республикалық деңгейдегі дайындығын бастап кетті.



