Бөлім меңгерушісі: Алтаева Ағырыс Өтебайқызы
Кітапханашылар: Қажымұратова Ақбалым Сейсенғалиқызы
Нигметова Жанаргүл Ғалымжанқызы
Шайдоллина Жансая Тлепалықызы
- Жаңа әдебиеттерді өңдеу және тарату жұмысы
- Каталогтарды ұйымдастыру жұмысы
Бөлімнің ең басты міндеті мен атқаратын қызметі түрлі білім салаларын тұтас қамтитын басылымдар түрін жинақтау, аудандағы 46 кітапхананың кітап қорын олардың сұраныстарына қарай толықтыру, кітапханаларға санына қарай жаңа түскен әдебиеттерді бөлу, жаңадан ашылған кітапхана қорларын жасақтау. Негізгі кітап қорын толықтыру көздері кітап дүкендері, республикалық баспалар, мерзімді басылымдарға жазылу т.б. Бөлім әдебиеттерге сұраныс береді; отандық және шетел мерзімді басылымдарына жазылуды ұйымдастырады, олардың түсуіне бақылау жасап, каталогтарға арнап әдебиеттерді мазмұны бойынша жүйелеп және сипаттама жазады; түскен жаңа әдебиеттерді қабылдау; есебін алу; тіркеу, техникалық өңдеуден өткізу жұмыстарын жүргізеді. Кітап қорын жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі кітапхананың барлық қорын бейнелейтін бас алфавиттік каталог, оқырмандар үшін алфавиттік, жүйелік және кітапханалық “КАБИС” бағдарламасы бойынша кітап қорының электронды каталогін жүргізеді.