Аяпов Ахат
(1909-1971)
Аяпов Ахат 1909 жылы Казталов ауданы Беспішен ауылында дүниеге келіп,1971 жылы қайтыс болған. Бақташы, ауданымыздың мал шаруашылығының дамуына өлшеусіз үлес қосқан. 1944-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін Энгельс атындағы ұжымшарда, «Тереңкөл» кеңшарында аға бақташы, ферма меңгерушісі болған. А.Аяпов 1963-65 жылдары табындағы мал басын аман сақтап, төл алуда жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін сол кездегі ең мәртебелі Социалистік Еңбек Ері атағын 1966 жылы ие болды. Республиканың әйгілі адамдарының бірі ретінде А.Аяповтың есімі 1967жылы Қазақстан Республикасының Құрмет кітабына, 1970 жылы Қазақстан ауыл шаруашылығы министірлігінің Құрмет кітабына енгізілген. Тереңкөл ауылында ең үлкен көшеге аты берілген.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002.
- Музалевский М. В. Герои Социалистического Труда. Биобиблиографический словарь. - М, «Кавалер», 2008.- Т. 2.- 200 с.
- Қазақстан: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
Ерешев Сағындық
(1929)
Ерешев Сағындық Фурманов ауданы Жұлдыз ауылында Төртпішен мекенінде 1929 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 18 жасында Фурманов (қазіргі Жалпақтал ауылы) ауданы Жұлдыз шаруашылық артелінде бастаған. 1961-62 жылдары бағымдағы отарды шығынсыз өсіріп. Қозы алуда жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін және адал қызметі үшін 1966 жылы сол уақыттағы ең мәртебелі атақ Социалистік Еңбек Ері атағы берілген. Жалпақтал ауылындағы бір көшеге С.Ерешевтің есімі берілген.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Еңбектің Ері Ерешев [Социалирстік Еңбек Ері туралы] // Ауыл айнасы.-2008.-22 қыркүйек.-2 б.
- Мақатов Ұ.
Өнегелі өмірдің өткеніне де қырық күн...[С.Ерешев туралы естелік]// Ауыл айнасы.-2009.-№28.-15 маусым.-3 б.
- Нариманов М.
Сағындық аға 80 жас сеңгірінде [C.Ерешевтің 80 жылдығына орай] // Ауыл айнасы.-2009.-№15.-6 сәуір.-2 б.
Мерғалиев Шақай
(1901)
Мерғалиев Шақай 1901 жылы Казталов ауданында дүниеге келген. 1948 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілген. 1935 жылдан «Интернационал» ұжымшарында шопан болған. 1942-46 жылдары Кеңес армиясының еңбек батальонында жұмыс істеген. Әскерден орлған соң ұжымшарда 1951 жылға дейін шопан болған. 1961 жылы зейнеткерлікке шыққан. 1947 жылы қозы алуда жоғары көрсеткішке жеткені үшін сол кездегі мәртебелі атаққа ие болған.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002.
Сауанов Ыбырай
(1887-1951)
Сауанов Ыбырай 1887 жылы Казталов ауданында дүниеге келіп, 1951 жылы қайтыс болған. 1920 жылдары Еңбек ұжымының жетекшісі, Казталовка ауылының кеңесінде орындаушы, кейін төрағасының орынбасары. Ұйымдастырушылық қызметі үшін сол кездегі ең мәртебелі атақ Социалистік Еңбек Ері атағы 1948 жылы берілді. Ерен еңбегі еленіп Казталов ауданында Ы.Сауановтың атына көше берілді
Пайдаланған әдебиеттер:
- Батыс Қазақстан облысы.Энциклопедия.-Алматы:Арыс баспасы,2002.-255 б.
- Казталов ауданы.Шежіре.-Алматы:Арыс баспасы,2008.-82 б.