1972 жылы Әжібай ауылы Бостандық совхозынан бөлініп, ХХІV партсъезд қой өсіруші совхоз болып іргесі қаланды. Сол кездерде кітапханашы Рая Кенжеғалиева, Жұбатова Мариям, Асыл Аубекирова, Күміс Сарсенғалиева сынды азаматшалар қызмет атқарған. Олар халыққа жылжымалы кітапхана арқылы да қызмет көрсетті. Партия, съезд шешімдерін мүлткісіз орындап, азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосып отырған ауыл тұрғындарының ынта-жігерін арттыру бағытында, мәдени қызмет көрсету үшін ауыл кітапханашысының алдына қойған үлкен міндеті болды. 1980 жылы кітапханалар біріктірілді. 1989 жылдан қазіргі кезге дейін Бибигүл Аубекирова қызмет атқарды. 2016 жылдан бастап Ергалиева Гүлжихан Ізмұханбетқызы кітапханашы қызметін атқарып келеді. 2020 жылдың 26 тамыздан бастап кітапханашы болып қызмет атқарып келеді. Кітапханадағы 9473 дана кітап қоры, каталогтар мен картатекалар жинақталды. Кітапхана ауылдық мәдениет үйінің 2 бөлмесінде орналасқан. Ауыл тарихы мен табиғатын, экономикасы мен мәдениетін білем деушілерге «Туған өлкем қандай көркем», «Қазақстан еліне саяхат» бұрыштар
ы, «Табиғат–ел байлығы» т.б. көрмелері ұйымдастырылуда. Оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыруда мерзімді басылымдардың рөлі ерекше. Соңғы жылдары ауылдық кітапхана қоғамдық саяси, мәдени мерзімді басылымдарды алдырады. Соңғы жылдары материалдық-техникалық базасының жақсаруына байланысты жыл сайынғы жәй жөндеу жүргізіледі. Ауылдың рухани дамуына және ақпараттық қамты
луына зор көңіл бөлініп, компьютермен жабдықталып отыр. 2006 жылдан бастап кітапханада «Экология» клубы жұмыс істеуде. Ауыл мектебімен бірлесе отырып ашылған клубқа география пәнінің мұғалімі Р.Кенжеғалиева жетекшілік етеді. Құрамында 17 оқушысы бар бұл үйірменің мақсаты оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі маңызын жете түсіндіру. 2016 жылдың 24 тамыз айында Бірік ауылдық кітапханасы оқырмандарға кітапханалық – ақпараттық қызмет көрсетуде жаңа мүмкіндіктер беретін үлгілі қалыпта жабдықталған «моделді ауылдық кітапхана» статусына ие болды.