Кітапханаға жазылу үшін азаматтар төлқұжатын көрсетулері қажет.
Тұрағы, жұмыс орны немесе фамилиясы өзгерген жағдайда оқырман кітапханаға келіп ескерткен жөн.
Оқырманның үйде оқуына 10 күндік мерзімге 2-3 кітап және журнал алуына болады. Журналдың жаңа номерлері 5 күнге беріледі. Сирек, кітаптар мен дара анықтамалық басылымдар үйге берілмейді.
Әрдайым оқырман өзінің формулярына кітапты алып, қайтарғандығын растап қолын қояды. Кітапты ұқыпты ұстап, жыртылған жері болса кітапханашыға ескертуі керек.
Кітапхана сөрелеріндегі кітаптардын орналасу тәртібін бұзбауы тиіс.
Кітапты белгіленген мерзімде қайтаруы қажет. Басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаса, кітаптың пайдалану мерізімен ұзартуға болады.
Кітапты жоғалтып алған жағдайда кітапханаға сол кітапқа сәйкес келетін кітап тапсыруына болады немесе 10 есе бағасын төлеуі тиіс.