Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Қош келдіңіздер

Қош келдіңіздер

Құрметті оқырман «Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-нің сайтына Қош Келдіңіздер! 

Мәдениет – адамзат баласының рухани азығы, сарқылмас байлығы, ұлылық пен ұлағатқа жетелейтін дүниенің құнды қазынасы. Ұлтымыздың рухын көтеріп, мерейін, асырып, мәртебесін асқақтатын да  - мәдениет. Егемендігімізді еңселі, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолында мәдениет саласының орыны ерекше, маңызы зор. Ал, аудан мәдениетінің бір саласы – кітапхана.
Кітапханалардың басты міндеттері елімізде болып жатқан басты, елеулі оқиғалармен, еліміздің даму бағытын басшылыққа ала отырып, халыққа кітапханалық қызмет көрсетуде кітапхана қызметін сапалы ұйымдастыру, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау, оқырман топтарына сапалы қызмет көрсету, көпшілік шаралардың жаңа түрлері мен әдістерін қолдану. Қазақ ақын – жазушыларының мерейтойларына орай шығармаларын насихаттауда жұмыс жүргізу.

  • Кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту
  • Оқырман сұранысын зерттеу, кітап қорын оқырман талабына сай толықтыру
  • Балалардың бос уақытын ұйымдастыру, кітап оқуға баулу
  • « Ашық аспан аясындағы кітапхана» акциясын ұйымдастыру
  • « Бір ел – бір кітап» акциясын ұйымдастыру
  • Өлкетану жұмысын жандандыру
  • Қазақ әдебиетінің ақын – жазушыларының әдебиеттерін насихаттау
  • «Мәңгілік ел» идеясын басты бағдар етіп ала отырып, жастар бойына патриотизм, Отанды сүю, бабалардан мирас болып қалған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, ел бірлігін сақтау, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіру мақсатында кітап қорын насихаттау.
  • Мемлекеттік тілді дамытуда маңызды роль атқаратын қазақ ақын-жазушылары мен жергілікті қаламгерлердің шығармаларын оқырмандарға кеңінен насихаттап, әр түрлі әдеби, мерекелік, кездесу кештер, поэзия сағаттары мен дөңгелек үстелдер өткізу.
  • Кітапхана  жұмысын дамыту, жұмыстың жаңа түрлерін енгізу, жаңашылдық бағытта жұмыстар атқару, электронды кітапхана жұмысын жандандыру.
  • ОКЖ-де тұрақты кітап көрмелерін ұйымдастыру және кітап қорын жоғары деңгейде насихаттау.

Рухани азық іздеген көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана. Кітап оқу - өнер. Уақыт талабына сай кітапсыз, жаңалықсыз ешкімнің де алға баса алмасын көзімізбен көріп отырмыз. Бүгінгі кітапхана – ақысыз пікір алмасу мен кездесу орталығы десек, біздің сайт өз оқырмандарымызға ғана емес, барлық пайдаланушыларға да ашық.