Бөлім жетекшісі: Егзалиева Жазира Болатқалиқызы
Кітапханашылар: Нигметова Мағия Бақтығалиқызы
Айтмағамбетова Ботагөз Қажмұқанқызы
Ахметова Жұмағаным Ермұханбетқызы
Базарғали Ақмарал Шаймұратқызы
- Абонемент бөлімі
- Оқу залы
- Басылымдар залы
- Мүмкіндігі шектеулі оқырмандармен жұмыс
Абонемент - кітапханадағы әдебиеттерді үйге бере алатын бөлім, 1978 жылдан бастап ұйымдастырылған.
Кітапхана оқырманы болу осы бөлімнен басталады. Оқырманның өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты арқылы оқырман билеті беріледі. Оқырмандар құрамы әртүрлі: ғылыми қызметкерлер, студент, оқушы жастар, әр саланың мамандары, зейнеткерлер және тағы басқалары. Қазіргі заманғы көркем және ғылыми-танымдық басылымдардың бай қорын түрлі жастағы пайдаланушыларға абонемент бөлімі ұсынады. Үйге әртүрлі әдеби-көркем журналдарды алуға болады. Кітап қоры оқырмандардың еркін пайдалануына берілген. Сондай-ақ бөлімде мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға қызмет көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі және нашар көретін азаматтардың бос уақытын тиімді пайдалануларына мүмкіндік туғызатын, қарым-қатынас жасаудың мәдени, рухани орталығы болып табылады. Оқу залы кітапхана пайдаланушыларына кітапхана көлемінде баспасөз шығармалары және басқа да құжаттармен шектеулі түрде қамтамасыз етуге жабдықталған зал. Бұл жерде студенттердің лекцияға, оқытушылардың сабаққа дайындалуларына, мамандарға жаңа әдебиеттермен танысуларына болады. Оқу залының кітап қоры энциклопедиялардан, анықтамалық құралдар мен оқулықтардан, кітапхананың ең құнды басылымдарының жиынтығынан құралған.