- Қазталов ауданы – 1826 жылы Бөкей Ордасында 5 қисым әкімшілік басқару жүйесі құрылды. Соның біреуі Талов қисымы. Сарыөзен және Қараөзен аралығында Жайық қазақ әскерилері бекіністері (форт), тосқаулар (форпост) салып, кейіннен Өзен казак әскерлерінің шебі салынды. Қарасу иініне орналасқан форпостыны «Таловая» (еш өзенге құймайтын, сайға жиналған қар мен жаңбырдың суы) 1930 жылдан «форпост Таловский» деп аталған. Өзен казак әскерлері кеткеннен кейін «Таловка» 1925 жылдан Қазақ Таловкесі , немесе Казталовка деп атай бастаған.1928 жылы құрылған аудан аты «Қазталов» деп аталып келеді. 1827 жылы форпост Таловскийде 15 шақты балшықтан соққан үй болған.1846 жылдан Жәңгір хан өлген соң, ішкі тарапты басқарған Уақытша кеңес әкімшілігі жылдарда Қарасу (Талов) алабы тұрғындарының біразы орнығып, шаруа тұрмысын түзеген. Сауда-саттықпен айналысып, мәдениеті дами түскен. Қарасу өңірінде 9 мешіт, 7 медресе, және көптеген мектептер ашылды. Талов округінде Сарыөзеннің батыс жағалауының Қақташ тұсынан Тарғын өзені бастауынан бері Ащыөзекке, Сарыкөлге дейін, шығысы Ақкөл, Төрткөлге дейінгі жер қос өзен аумағы болып аталды.Өзен әскері шебі Сарыөзеннің сол жағалауы Березово (Қайыңды) , Сламихин (Жалпақтал), Қарақоғаға дейін жылжыды. Сарыөзеннің оң жағалауында Кішей көлінен Беспішен, Қардымереке, Сазанды, Тереңкөлді, Ащыөзекке дейін жаз жайлауы болған.Талов қисымында 22 бөлімшесі болған. Олар: Дауымшар, Құлсүйіндік, Қоянқашу, Жаппас және Байбақты руынан. Уақытша кеңес есебі бойынша 1861 жылы Талов қисымында 1591 түйе, 15792 жылқы, 9450 сиыр, 66240 бас қой мен ешкі болған.Талов қисымы қазақтарының шаруашылығы жартылай көшпелі, шөп шауып, егін салып, қыстау, қоражай тұрғызып, отырықшылық өмір сүрген. Қарасу-Талов қисымына XIX ғасырдың соңында өзге ұлт өкілдері келіп қоныстанды. Қарақалпақтар 1843 жылы 28 шаңырақтан құралған бір ауылы «Сұлтангерей Қарасуы» маңына орналасады. 1889 жылы татарлар келе бастады. Татарларды жергілікті халық «Ноғай» деп атаған.Татарлар негізінен сауда кәсібімен айналысты. Орыстардың қоныстануы татарлардан кейін 1875-80 жылдары орын алды. Талов қисымының солтүстік аймағында Жайық казак әскерлерінің жері болып келген Шильная балка (Аққурай) және Большой Лиманға 1866 жылдан қазақтар көшіп келе бастаған.Жалпақ көл, Көпкүтір, Аққурай, Асанқұдық, Мирон ауылдары құрылады. 1867-1868 жылдарда бұл ауылдар Талов қисымы қарауына беріледі. Кейіннен Новоузен бекінісінен орыстар осы жерлерге көшіп келе бастады. Олар: И. Молотков, И. Богатырев, С, Шебаков, Глухов, Шашкин, Назаров, Еремин, Часовниктер келді.. Ұзақ жылдар бойы орыс ауылдары қалыптасты. XIX ғасырдың соңында Талов қисымы көп ұлтты елге айналды. Жеке қоныстар Еділбай, Қырықтық, Қапой, Әукетай, Жағи деп аталыпты. Талов қисымындағы 6238 қожалықта 6573 түйе, 22595 жылқы, 35617 сиыр, 133067 қой болған. Қос өзен аралығы малға жайлы, суы мол, көлдері құсқа толы байырғы мекенге айналды.