Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Кітапхана тарихы

 

Бар тіршілігін халыққа қызмет етуге арнап, мыңдаған оқырманның құрметі мен ықыласына бөленген мәдениет ошағы - кітапхана.

1919 жылдардан бастап Талов өңірінде халықты жаппай сауаттандыру пукттері ашылып, жұмыс жасай бастады. Ел мәдениетін көтеруге Ә.Дінішев, М.Жұмағазиев, И.Кенжалиев т.б. сынды біртуар тұлғалар ат салысты. Жыл өте келе оқу үйлері біртіндеп кітапханаға айнала бастады. Алғаш кітапханашы болып Меңдібаева Нағима өз оқырмандарына қызмет атқарды. 1946 жылы «Қызыл Бұрыш» болып құрылып, кітапханашы Салимова Тұрсын жылжымалы кітапхана жұмысын жүргізді.

Жылдар өте келе ауданның мәдениет саласында өзгерістер болды. 1957 жылы кітапхана саны 17-ге жетіп, кітап қорлары жылдан жылға толыға бастады. 1980 жылы қазан айында Орал облысы мәдениет басқармасының №13 бұйрығына сәйкесті «Казталовка аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» болып беркітілді. 9 ауылдық кеңесте 25 ауылдық кітапхана жұмыс жасады. Кітап қоры 135393 дана болса, 10800 оқырманы болды. Кітапхананың басшылық қызметтерінде 1980-86 жылдары Роза Қимеденова, 1986-2007 жылдары Назкеш Адаялиева, 2007-2012 жылдары Салтанат Дүйсенғалиева директор қызметін атқарып келсе, 2012 жылдан күні бүгінге дейін Гүлдана Даулетова қызмет ақтарып келеді.1997 жылы Казталов Жалпақтал аудандары қосылып, кітапхана саны 46 –ға жетті. 2015 жылы Республикалық автоматтандырылған кітапхана жүйесі (РАБИС) бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіле бастады. 2000 жылы қараша айында кітапхана 2 қабатты ғимаратқа көшірілді. Ғимараттың жалпы алаңы 606,3 шаршы метрді құрайды.

Кітапханада оқырмандарға қызмет көрсететін 4 бөлім жұмыс істейді.