Қараоба ауылдық кітапханасының іргетасы 1960 жылы «Қызыл бұрыш» атауымен құрылды. 1961 жылы Қараоба селолық советке қарайтын кітапхана болып қайта құрылып, Ғ.Қараш көшесінде орналасқан ауыл советінің бір бөлмесінде орналасады. 100-ге тарта кітап қоры бар кітапханада алғаш Дәметкен Есекенқызы жұмыс жасаған. 1963-68 жылдары Ахметжанова Фарида, 1969-88 жылдар аралығында Абдулова Мариям, Шамарова Мензипа, Қалауова Мариям, Өтебалиева Сандуғаш, Файзрахманова Гүлнәр, 1988 жылдан күні бүгінге дейін Бердігалиева Лаура Әдиетқызы еңбек етіп келеді. 2020 жылдың 20 сәуірінен бастап 0,5 бірлікте Темірболатова Саида кітапханашы болып орналасты. Әр жылдарда еңбек еткен кітапханашылар халыққа қалтқысыз еңбек етті, мерзімді басылымдар арқылы күнделікті жаңалықтардан хабардар етіп, ауыл тұрғындарымен м
әдени шаралар ұйымдастырды. Кітапхананы қабылдап алған кезде бір бөлмеде клубпен бірге орналасқан. Кітапхана 2000 жылы мәдениетті қолдау жылында мәдениет үйімен бірге жаңа орынға көшірілді. Екі бөлмелі кең жарық бөлмеде орналасқан кітапхана заман талабына сай қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда кітап қоры 11850 дананы құрайды.