Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ақпәтер ауылдық моделді кітапханасы

  ақпәтерАқпәтер бұрынғы «Красный Партизан» кітапханасы, 1960 жылы Фурманов аудандық кітапханасына қарасты Красный партизан кітапханасы болып ашылды. Алғаш іші пешпен жылытылатын орында орналасып, өз жұмысын бастады. 1980 жылы еліміздің барлық кітапханалары ОКЖ-не өткен кезде Красный Партизан кітапханасы Фурманов аудандық ОКЖ-нің №13 фиақпәтер кіт2лиалы болып бекітілді. Красный Партизан ауылы сол кезде қой шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, бидай өнімдерін егумен, бақша шаруашылығы, соның ішінде алма бағын салып, алманың түрлі сорттары өсіріліп, өнімін беріп отырған алма бағымен айналысқан. Он жылдық орта мектебі, кітапханасы, ауруханасы, мәдениет үйі, т.б. ұжымдары жұмыс жасады.    Әр жылдары түрлі шаруашылық орындарына жылжымалы кітапхана ретінде қызмет ақтардақпәтер кіт1ы. 1977 жылы кітапханада алфавиттік және жүйелік каталог жасақталған. 1956-1991 жылдары алғаш кітапханашы болып Түменова Қанымзия еңбек етсе, 1991-2002 жылдары Хайруллина Үміт, 2002-2004 жылдары Ищанова Жанар кітапханашы болды. 2016 жылдың 24 тамыз айында Ақпәтер ауылдық кітапханасы оқырмандарға кітапханалық – ақпараттық қызмет көрсетуде жаңа мүмкіндіктер беретін үлгілі қалыпта жабдықталған « модельді ауылдық кітапхана» статусына ие болды. Бүгінгі таңда кітапханашы Асқар Жансая мен көмекші кітапханашы Хайранова Самал қызмет атқаруда.