Әбілдина Лаура Есенгелдіқызы
(1937)
Әбділдина Лаура Есенгелдіқызы (10.5.1937 ж.т., Казталов ауд., Казталов а.) – экономика ғылымдарының докторы (1981), профессор (1960). Ленинград ауыл шаруашылық институтын бітірді (1960). 1960 – 73 ж. шаруашылық мекемелерінде жауапты жұмыстар атқарды. Қазақтың ауыл шаруашылық экономикасы және оны ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі (1973 – 83), Алматы халық шаруашылығы институтының кафедра меңгерушісі (1983). Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – ауыл шаруашылығын химияландыру, жер қорларын пайдалану тиімділігі.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Казталов ауданы.Шежіре.-Алматы:Арыс баспасы,2008.- 55 б.
- Батыс Қазақстан облысы.Энциклопедия.-Алматы:Арыс баспасы,2002.- 155 б.
Басымов Қажым Аманғалиұлы
(1896-1939)
Басымов Қажым Аманғалиұлы 1896 жылы Казталов ауданы Саралжын ауылында дүниеге келген.Ауыл мектебінде,кейін Уфадағы «Ғалия» медресе- сінде оқыған. «Садақ» журналында мақалалар, «Саралжын», «Алаша» деген бүркеншек атпен өлең,жұмбақ,ертегі-әңгімелер жариялап тұрды.1918 жылы Саралжын ауылына келіп,мұғалім болады.Орынборда оқып,жұмыс істеп,1920 жылы Алматыға мұғалімдікке жіберіледі.Қапал педагогикалық училищесінде Қостанай халық ағарту институтында 1920-1930 жылдары қызмет етеді. Оқулық жазулармен шұғылданып, «бір жылдық тіл құралын» жарыққа шығарады.Кейін 1930 жылы «Латын әріппен негізделген жаңа емлеміздің құрылысы», «Жаңа әріп пен жаңа еміле» және «Қазақ дыбысының жіктелу сырлары» және тағы басқа еңбектері үшін оған доцент атағы берілді.1930-1937 жылдары Ақтөбедегі ауылшаруашылық мектебінде,мұғалімдер институтында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болды. 1938 жылы Орталық халық комиссариатына жауапты қызметке шақырылды.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Жұмағалиев С.
Жерлес ғалым есімін қастерлейік.[Ғалым Қажым басымов туралы]// Ауыл айнасы.-2007.-№26.-11 наурыз.-2 б.
- Кенжалиев И.
Қажым Басымұлы [ғалым Қажым Басымұлы туралы] // Ауыл айнасы.-2004.-№42.-4 қазан.-3 б.
- Ишмұхамедов Ә.
Ұстаз өнегесі өлмейді.[Дарыңды ұстаз Қ.Басымов туралы ]// Ауыл айнасы.-2004.-№44.-18 қазан.-2 б.
- Кенжалиев И.
Қажым Басымұлы //2004.-4 қазан.-3 б.
- Кенжалиев И.
Қажым Басымов. // Ана тілі.- 1990.-16 сәуір.-2 б.
- Кенжалиев И.
Көрнекті қайраткер,ғалым,педагог.//Коммунизм жолы.-1990.-№104.
- Кенжалиев М.
Қазақ тіліне еңбек еткен ғалым.[Қ.Басымов туралы]// Орал өңірі.-1991.-21 наурыз.-4 б.
- Сарыбаев Ш.
Басымов туралы.// Қазақ тілі мен әдебиеті.-1958.-№5.-74 б.
- Жұмағалиев С.
Жерлес ғалым есімін қастерлейік(Тіл білімінің тұңғыш ғалымы, жерлесіміз Қажым басымов есімі-Әжбай ауылындағы мектепке лайық) // Ауыл айнасы.-2007.№26.-11 маусым.-2 б.
- Басымов Қажым Аманғалиұлы // Ауыл айнасы.-2011.-12 қыркүйек. -3 б.
Бегалиев Ғали
(1887)
Бегалиев Ғали (1887, Казталов ауд. – 1966, Алматы қ.) – ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, филология ғылымдарының кандидаты (1943), доцент, қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі, бірнеше оқулық авторы, журналист. Қазандағы Мұхаммедия медресесінде оқыған (1902). Торғай облысында мұғалім болған (1907-09). Орынборда орысша курстарда оқыған (1910-12), Қошанкөл мектебінде (1913), одан соң Батыс Қазақстан облысының Ақбұлақ стансасындағы қазақ мектебінде сабақ берген (1912-18). 1918 ж. Орал қаласында бірыңғай еңбек мектептеріне мұғалімдер даярлайтын курс ұйымдастыруға қатысып, онда негізгі пәндерден дәріс оқыған, орыс кластары үшін қазақ тілі оқулықтарын жазған. Орда қаласындағы педтехникумда мұғалім (1922-24), 1924-30 ж. «Қызыл Ту» (Орал), «Еңбекші қазақ» (Алматы) газеттерде әдеби қызметкер, ҚазПИ-де қазақ тілінің, әдістеме пәнінің оқытушысы, ҚазССР Оқу министрлігінде инспектор. Мәскеу педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында оқыған (1931-33). Қазақ тілінің терминология және түсіндірме сөздіктерін жасауға қатысқан. Казталов ауданы Қошанкөл ауылындағы орта мектеп Б. есімімен аталады.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Батыс Қазақстан облысы.Энциклопедия.-Алматы:Арыс баспасы,2002.-181 б.
- Казталов ауданы.Шежіре.-Алматы:Арыс баспасы,2008.- 61 б.
Егізбаева Қадиша Елеусінқызы
(1927 )
Егізбаева Қадиша Елеусінқызы (23.11.1927 ж.т., Казталов ауд., Жалпақтал а.) – ғалым, биология ғылымдарының докторы (1984) профессор (1996), ҚР Жаратылыстану академиясының толық мүшесі (1996). Алматы зоотехникалық – мал дәрігерлік институтын бітірген (1958). 1962 жылдан Қазақстан ҒА – ның зоология институтында кіші, аға ғылыми қызметкер. Кейін Қазақ қыздар институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі болған. Е. 150-дей ғылыми еңбек, соның ішінде 6 монография, 5 ұсынбалық - әдістемелік көрсеткіш, жоғары оқу орындарына арналған оқулық жазған. Өнер – табыстық жұмысы үшін 2 патент алған. Негізгі ғылыми еңбектері гельминтология мәселелерін зерттеуге арналған.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Казталов ауданы.Шежіре.-Алматы:Арыс баспасы,2008.- 76 б.
- Батыс Қазақстан облысы.Энциклопедия.-Алматы:Арыс баспасы,2002.-239 б.
- Қазақстан:Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә.Нысанбаев –Алматы. «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы,1998.- Т.5.
Ержанов Махамбет Ержанұлы
(1947)
Ержанов Махамбет Ержанұлы (19.9.1947 ж.т., Казталов ауд., Бостандық а.) – профессор (1997), педагогика ғылымдарының докторы (2006), Мәскеу қаласының педагогикалық және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының корреспондент – мүшесі, Халықаралық педагогикалық білім беру Академиясының корреспондент – мүшесі. 1969 ж. Құрманғазы атындағы Орал музыка училищесіне оқуға түсіп, оны ойдағыдай тәмамдаған. Еңбек жолын Жымпиты аудандық музыка мектебінде оқытушы, кейін директоры болып бастады. 1980 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында сырттай оқып, білім алды. Сол жылы алғаш рет Орал қаласында ашылған мәдени-ағарту училищесінің директоры болды. 1988 жылы Мәскеу мемлекеттік мәдениет институты аспирантурасының сырттай бөліміне оқуға түсті. Дәулеткерей атындағы аймақтық мәдениет институтының ректоры, 2000 жылдан бері, Орал қаласындағы үш жоғарғы оқу орнының бірігуіне байланысты, Е. Құрманғазы атындағы саз колледжінің директоры болып тағайындалды.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Казталов ауданы.Шежіре.-Алматы:Арыс баспасы,2008.- 79-80 б.
- Алаштың ардагер азаматтары.-Почтенные люди казахской земли.К.3: Батыс Қазақстан облысы бойынша./Құраст.Ғ.Хаймулдин.-Алматы:Ниса,1998.-55 б.
- Маемиров А.
Өнер-білімді тең ұстаған[Профессор М.Ержановтың 60 жылдық мерейтойына орай] // Орал өңірі.-2007.-20 қыркүйек.-10 б.
Шығармалары:
- Ержанов М.
Тереңнен тартқан тамырын[Құрманғазы атындағы Орал саз колледжіне -60 жыл] //Орал өңірі.-2005.-№37.-26 наурыз.-3 б.
- Ержанов М.
Педагогические традиции народов Казахстана. // Мир образования –образование в мире.-2006.№3.-79-90 с.
Жаданов Сәбит Қайырұлы
(1931)
Жаданов Сәбит Қайырұлы (5.5.1931 ж.т., Жаңақала ауд., Новая Казанка а.) – мемлекет, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі (1969), Казталов ауданының «Құрметті азаматы» (2006). Жалпақтал орта мектебін (1948), Мәскеу мемлекеттік экономика институтын бітірген (1953), 1953-57 ж. Ресейдің Орлов облысы, Ливны қаласында «Ливгидромаш» зауытында экономист, цех бастығы, 1957-58 ж. Қазақ ССР мемлекеттік жоспарлау комитеті электрлендіру және автоматтандыру бөлімінде аға экономист. Алматы қалалық, облыстық комсомол комитетінің 1-ші хатшысы қызметтерін атқарған (1958-60). Алматы «Эмаль-посуда» зауытының директоры болған (1960-63). Қазақ ССР Мемлекеттік жоспарлау комитетінде халық шаруашылығын жоспарлау бөлімінде аға экономист, бөлім бастығы (1963-68), Мәскеуде КСРО Министрлер Кеңесінде Қазақстанның тұрақты өкілінің орынбасары (1968-80), тұрақты өкілі (1980-87), КСРО Мемлекеттік статистика комитеті іс басқару бөлімінің бастығы (1987-91) қызметтерін атқарды. 1991 жылдан зейнет демалысында. «Казахстан коммерция» жоғарғы экономикалық ассоциациясының Мәскеудегі тұрақты өкілі (1991-97), Мәскеу қаласындағы «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы (1997-2001). «Еңбек Қызыл Ту», екі мәрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Батыс Қазақстан облысы.Энциклопедия.-Алматы:Арыс баспасы,2002.-255 б.
- Казталов ауданы.Шежіре.-Алматы:Арыс баспасы,2008.-82 б.
Жақыпов Серікқали
(1892-1939)
Жақыпов Серікқали (1892, Ресей, Саратов обл., Александров – Гай стансасы – 1939) – қоғам қайраткері. Жоғарғы бастауыш училищесін, педагогикалық курсты бітіріп, мұғалім болған. Бөкей губерниясындағы революциялық қозғалысқа араласқан (1917). 1918 ж. қарашада Бөкей ордасында алғаш комсомол ұясын құрып, губернияның комсомол комитеті хатшылығына сайланған (1919). Мәскеудегі Коммунистік университетте оқып жүріп, РК (б) П ОК жанындағы Шығыс халықтарының коммунистік ұйымдары секциясының жауапты ұйымдастырушысы (1919), РК (б) П Ок – нің Қазақстандағы штаттан тыс нұсқаушысы болған. Бүкілодақтың төтенше комиссиясы құрамында қызмет істеген (1921), Серовтың бандыларын жоюға қатынасқан. Облыстық комсомол комитетінің, РК(б)П Гурьев укомының хатшысы (1923 – 26). Қостанайда, Қарақалпақ автономиялық облысында және Қазақстанда ІІХК – нда жауапты қызметтер атқарған (1926-37). Сталиндік «Қызыл қырғын» кезінде Ж – тың жазықсыз қуғындалған қазақ зиялыларына араша түсіп, «егер С.Сейфуллин халық жауы болса, мен де жаумын» деген сөзі азаматтық ерлік пен асқақ рухтың рәмізіндей қанатты тіркеске айналып кеткен.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Казталов ауданы.Шежіре.-Алматы:Арыс баспасы,2008.-84 б.
- Батыс Қазақстан облысы.Энциклопедия.-Алматы:Арыс баспасы,2002.-261 б.
- Әнес Ғ.
Қаламымен қызмет еткен арыстар.[Қоғам қайраткері С.Жақыпов туралы] // Ана тілі.-2017.-13 шілде.
Камалов Сухан Мақсотұлы
(1935)
Камалов Сухан Мақсотұлы 1935 жылы Казталов ауданы Асанқұдық ауылында дүниеге келген. С.Камалов ғалым, геолог-минеролог ғылым докторы 1989 жылдан бері. Қазақстан ҰҒА корр. мүшесі 1994 жылдан. Қазақстан инженерлік академиясының академигі 1995 ж. 1959 жылы ҚазМУ-дің геология бөлімін тәмамдаған. Геолог партия коллекторлығынан бастап республикалық геолог және жер қайнарын қорғау комитеті төрағасының 1- орынбасарлығына дейінгі қызмет сатыларынан өтті. Каспий маңы ойпаты аймағында барлау жұмыстарын жүргізіп, геоло құрылымын айқындау жұмыстарымен айналысқан. С.Камалов сұйық көмірсутекті Өзен және Жетібай кендерін, Ақтөбе олб. «Жаңа жол» мұнай кен орнын зерттеп, ашқан. Бірегей Қарашығанақ газконденсат кенін ашуға қатысқан ғалымдардың бірі.С.Камаловтың жетекшілігімен мұнайдың және газ кендерінің орналасу картасы жасалды. 1992-1998 жылдары Газ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметінде болды. 80-дейін ғылыми еңбектің авторы. Респубдикалық инженерлік академиясының Батыс Қазақстан облысының ғылыми орталығының басшысы. «Газжобалау» ғылыми зерттеу институты ААҚ-нің президенті. «Құрмет белгісі», «Парасат» (1999ж) ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 2011 жылдан Казталов «Ауданымыздың Құрметті азаматы».
Пайдаланған әдебиеттер:
- Жұмағалиев С.
Елдің даңқын ер шығарады,Ердің даңқын ел шығарады.[ғалым Сухан Камалов туралы]// Ауыл айнасы.-2011.-15 тамыз.-3 б.
- Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма.
Шығармалары:
- Геология и нефтегазоносность Карачаганакского месторождения, Саратов, 1958.
- Строение и перспективы подсолевых отложений Северо-Восточной части Прикаспийской впадины и вопросы их полеоморфологического изучения, Алматы,
Кенжалиев Исатай Нәсекенұлы
(1927)
Кенжалиев Исатай Нәсекенұлы (10.6.1927 ж. т., Казталов ауд., Саралжын а.) – ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, БҚМУ-дың құрметті профессоры. Орал педагогикалық институтын бітірген соң (1951), Казталов аудандық оқу бөлімінде мектеп инспекторы қызметін атқарады. ҚазМУ – дің аспирантурасын бітіріп (1955), Алматы ауыл шаруашылығы институтында, қыздар педагогикалық институтында жұмыс істеген. «Махамбет» (1974), «Исатай Тайманұлы» (1975), «Казталовка – байырғы атамекен» (1974), т.б. тарихи – танымдық кітаптарын шығарды. Сондай – ақ «Батыс Қазақстанның қасіретті жылдары» (2000), «Бөкей облысы» (1901 – 1925), «Жеті жыл соғыстың кесапаты» (2001) монографиялары жарық көрген.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Жапақов С.
Тағылымы мол тарихшы [тарихшы И.Кенжәлиев туралы] //Ауыл айнасы.-2017.-№ 16.- 21сәуір.-5 б.
2. Казталов ауданы.Шежіре.-Алматы:Арыс баспасы,2008.-100 б.
3. Батыс Қазақстан облысы.Энциклопедия.-Алматы:Арыс баспасы,2002.- 314 б.
4. Ізбасарұлы С.
Ешқашан тыным таппайды [тарихшы-ғалым И.Кенжәлиев туралы] // Орал өңірі.-2007.-9 маусым.-4 б.
Меңдәлиев Кенжебек
(1914 –1985)
Меңдәлиев Кенжебек (1914, бұр. Жымпиты ауд., Қаратөбе а. – 1985, Казталов ауд., Жалпақтал а.) – қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері (1971).Орал ауыл шаруашылық техникумын бітірген. Еңбек жолын 1934 ж. механизаторлықтан бастаған. Ол Батыс Қазақстан облыстық кеңесі атқару комитеті мен облыстық партия комитетінде нұсқаушы (1938 – 41), Қазақстан КП Орал облыстық комитетінде сектор меңгерушісі қызметін атқарды (1941 – 47), Орда және Чапаев ауданында партия комитетінің (1947 – 62), Жалпақтал аудандық партия комитетінің 1 – ші хатшысы (1962 – 78). Екі рет «Ленин» және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған. Екі рет Қазақ ССР-і Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланды. 30 жылдан астам Қазақстан Компартиясы Орал облыстық комитетінің мүшесі және облыстық Советтің депутаты болды. Жалпақтал орта мектебіне М. есімі берілген, сондай-ақ М. есімімен аталатын көше бар.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Айтасов М.
Мен білетін Кеңжеақаң [К.Меңдәлиев туралы] // Ауыл айнасы.-2013.-№51.- 6 желтоқсан.-3 б.
2. Оразаев Н.
Бірде Кеңжеақаң [Қоғам қайраткері К.Меңдәлиев] //Ауыл айнасы.-2013.-№51.- 6 желтоқсан.-3 б.
3. Хайроллаұлы Ш.
Есімі елдің есінде [Социалистік Еңбек Ері К.Меңдәлиев] // Ауыл айнасы.-2013.-№50.-1 желтоқсан.-6 б.
4. Ақмурзин Т.
Мұражайда Социалистік Еңбек Ерінің дүниелері сақталуда[К.Меңдәлиевтің мұражайы туралы] // Ауыл айнасы.-2013.-№49.-22 қараша.-3 б.
5. Өтеғұлов К.
Есімі ел есіндегі ер[Еңбек Ері К.Меңдәлиевтің 95 жылдығына орай] // Ауыл айнасы.-2009.-№48.-9 қараша.-2 б. МАҚАЛАҒА ӨТУ
6. Жұмағалиев С.,Оразаев Н.,Ақмурзин Т.
Бұл адам – Меңдәлінің Кенжебегі...[Қоғам қайраткері К.Меңдәлиевтің туғанына 100 жыл толуына орай] // Ауыл айнасы.-2014.-№4.-24 қаңтар.-4 б.
7. Текебаев Ғ.
Кенжеақаң Бәйтерек іспеттес жадымда сақталған [Қоғам қайраткері К.Меңдәлиев туралы] // Ауыл айнасы.-2014.-№ 3.-17 қаңтар.-3 б.
8. Жаданов М.
Өмірде ізгілік іздерін қалдырған азамат [Қоғам қайраткер К.Меңдәлиев туралы] // Ауыл айнасы.-2014.-№2.-10 қаңтар.-4 б.
9. Өтеғұлов К.
Есімі ел есіндегі ер [Социалистік Еңбек Ері К.Меңдәлиевтің 95 жылдығына орай] // Ауыл айнасы.-2009.-№47.-2 қараша.-2 б.
10. Нұртасов Ж.
Ел есінде қалған жан[Қоғам қайраткер К.Меңдәлиев туралы] // Ауыл айнасы.-2004.-№46.-1 қараша.-2 б.
11. Оразаев З
Ұмытпайтын халқы бар [Қоғам қайраткері К.Меңдәлиев туралы] //Ауыл айнасы.-2005.-№6.-7 ақпан.-3 б.
12. Галимуллин Р.
Байлық пен атақ қумаған [Социалистік Еңбек Ері К.Меңдәлиев туралы] // Ауыл айнасы.-2004.-№28-29.-12 шілде.-2 б.
13. Батыс Қазақстан облысы.Энциклопедия.-Алматы:Арыс баспасы,2002.-391 б.
14. Казталов ауданы.Шежіре.-Алматы:Арыс баспасы,2008.-120 б.
15. Алаштың ардагер азаматтары.-Почтенные люди казахской земли.К.3: Батыс Қазақстан облысы бойынша./Құраст.Ғ.Хаймулдин.-Алматы:Ниса,1998.-92 б.
16. Қайырғалиұлы Т.
Ұмытылмас ұлы есім.[ Социалистік Еңбек Ері К.Меңдәлиевтің 95 жылдық мерейтойына орай] // Ауыл айнасы.-2009.-16 желтоқсан.-3 б.
Нұрмұқанов Хайролла Мырзағалиұлы
(1929)
Нұрмұқанов Хайролла Мырзағалиұлы (16.6.1929 ж.т., Фурманов ауд., Таскүтір а.) – ғалым, филология ғылымдарының докторы (1994), профессор (2000). Талдықұдық орталау мектебін (1942), Орал педагогикалық институтын (1954), ҚазМУ-ді сырттай оқып бітірген (1962). Осы жылдар Қарағанды облысының Ақтөбе орта мектебінде мұғалім, мектеп директоры болған. 1963 жылдан Қарағанды педагогикалық институтының оқытушысы, кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары, деканы. Қазақстан Әлеуметтік ғылымдар академиясының мүшесі болды (1998). Ол 50-ден аса ғылыми еңбек, соның ішінде «Сөз және шеберлік» (1997) атты монография жаған.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Батыс Қазақстан облысы.Энциклопедия.-Алматы:Арыс баспасы,2002.-416 б.
- Казталов ауданы.Шежіре.-Алматы:Арыс баспасы,2008.-129 б.
Темірболатов Серікқали Есқалиұлы
(1938)
Темірболатов Серікқали Есқалиұлы (1938 ж.т., Казталов ауд., Бөгет а. (Қошанкөл а. фермасы) – ғылым докторы (1990), профессор (1991). 1955 ж. А.Оразбаева атындағы орта мектепті үздік бітіріп, Әл – Фараби атындағы Қаз.МУ-ды бітіріп (1960), өзі білім алған факультетіне оқытушылық қызметке қалдырылды. «Талдау және математикалық физика қисынсыз есептері» саласында Қазақстандағы екінші ғылым докторы. 80 – нен аса ғылыми еңбектің және 4 әдістемелік құрал, 2 кітаптың авторы.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Казталов ауданы.Шежіре.-Алматы:Арыс баспасы,2008.-149 б.
Хұсайын Сара Хұсайынқызы
(1944)
Хұсайын Сара Хұсайынқызы (1944 ж.т. Фурманов ауд., Қарасу а.) – ҚазҰТУ профессоры (2000), ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері (2004). Орал қаласндағы орта мектепті бітіріп (1961), Киров атындағы Қазақ ұлттық университетінің (қаз. Әл-Фараби атындағы) химия факультетінде оқыған (1961-65). Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы синтетикалық каучук зауытының цех инженері болып бастайды. 1967 жылдан Әл-Фараби атындағы Қазақ МУ-нің аспиранты, ғылыми қызметкері, кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін химия факультетінің «Жоғарғымалекулярлық қосылыстар химиясы» кафедрасында аға оқытушысы, 1982 ж. Ленин атындағы ҚазақҰТУ-ның (қаз. Қ.Сатбаев атындағы ҚазақҰТУ) физикалық-аналитикалық химия кафедрасында доцент, кафедра меңгерушісі болып қызмет етеді. Х. 120 ғылыми, ғылыми-методикалық еңбектердің, сондай-ақ техникалық жоғарғы оқу орындарына арналған екі кітаптың: «Органикалық химияға кіріспе» және «Органикалық химия» авторы. Бірнеше рет университеттің құрмет грамоталарымен және «ҚазақҰТУ-нің ардагері» ерекше белгісімен марапатталған.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Казталов ауданы.Шежіре.-Алматы:Арыс баспасы,2008.-157-158 б.
Шығармасы:
- Хұсайын С.
Физикалық химия: Оқу құралы.- Алматы: ҚазҰТУ,2011.-237 б.
Шалабаев Қайрат
(1947)
Шалабаев Қайрат (1947 ж.т., Казталов ауд., Березино с.) – қоғам қайраткері. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірді (1970). 1970-72 ж. Казталов ауданының Жаңақала совхозында бас инженер болып еңбек жолын бастады. Аудандық партия комитетінде нұсқаушы, хатшы болып істеді (1972-81). Алматы жоғарғы партия мектебін үздік бітіріп (1981-83), Чапаев (1983-85), Қаратөбе аудандарында басшылық қызметтерде болды (1985-87). Бұр. Фурманов аудандық (қаз. Қазталов ауд.) партия комитетінің 1-ші хатшысы (1987), аудандық атқару комитетінің төрағасы болды (1990). Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы қызметінде (2000 ж.-ға дейін), Парламент мәжілісінің депутаты (2000-2004 ж.) қызметтерінде болды.
Пайдаланған әдебиеттер:
Казталов ауданы.Шежіре.-Алматы:Арыс баспасы,2008.-157-160 б.
Шынтемірова Баян Ғаббасқызы
(1949)
Шынтемірова Баян Ғаббасқызы (1949 ж.т., Казталов ауд., Бостандық а.) – ғалым-ұстаз, тарих ғылымдарының докторы, профессор (1998). 2000 жылдан Ресей Федерациясының әлеуметтік-педагогикалық ғылым академиясының корреспондент – мүшесі. А.Оразбаева атындағы орта мектепті бітіріп (1966), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түсіп, 1971 ж. аяқтаған соң Орал педагогикалық институтына «КСРО тарихы» кафедрасына оқытушылық жұмысқа қабылданды. «Саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы, доценті міндеттерін атқарды (1989-90). Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанынан ашылған гуманитарлық-экономикалық институтының ректоры (1998), 2000 жылдан Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы ректоры және осы оқу орнының дамыту бойынша бас менеджері. Ш.-ның ғылыми жұмыстарының нәтижелері 100-ден астам еңбектерінде республикада және шетелдерде жарық көрген. «ҚР білім беру ісінің үздігі» (1997), «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2004), «Ы.Алтынсарин» (2007) атындағы медальдармен марапатталған.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Жүсіпбекқызы А.
Ақ Жайықтың аруларын көргің келсе келісті...[Ғалым-ұстаз,тарих ғылымдарының докторы Баян Ғаббасқызы Шынтемирова туралы] // Қазақстан әйелдері.-2010.-№7.-шілде.-4-7 б.
2. Казталов ауданы.Шежіре.-Алматы:Арыс баспасы,2008.-163 б.