Хадиша Бөкееваға арналған кеуде тұғыры – Казталов аудандық мәдениет үйінің ауласындағы оң қапталда Қазақ ССР-нің халық артисі, профессор жерлесіміз Хадиша Бөкееваның 100-жылдық мерей тойы қарсаңында қойылған кеуде тұғыры тастан құйылып, беті қара гранитпен құйылған. Ескерткіш бетінде Хадиша Бөкеева (1917-2011) деген жазулары бар. Ескерткіш авторы Оралдық мүсінші Р.Шамсуддинов.