Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш белгі – Ғ.Қараш атындағы Қараоба ауылдық мектеп гимназиясы ауласындағы «Отан қорғаушылар даңқы мәңгі өшпесін!» - атты ескерткіш тақтасы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына ауыл маценаттары мен кәсіпкер жігіттердің қолдауымен тұрғызылды. Ескерткіш қабырғасы 5 шаршы ұзындықта, алдыңдағы стеласы 6 шаршы биіктікте, негізі қызыл тастан өрілді, қабырғасының үстіне белгісіз жауынгердің темір қаңылтырдан ойылып жасалған мүсіні жапсырылып 226 боздақтың есімдері ақ-сұр мәрмәрға қашалып жазылған.Оң жақ шетінде бөлек қабырғада «Отан қорғаушылардың даңқы мәңгі өшпесін» деген жазу бар.Алдыңғы жағында «Мәңгілік алау» қара қоңыр граниттен төртбұрышты етіп жасалып, жұлдызы алтын түстес темірмен қапталған.Тұрған жері Қараоба ауылы.