Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге ескерткіш белгі- ескерткіштің негізі астыңғы жағы сұр тастармен көмкеріліп, қызыл тастардан қабырға тасталып, Отан соғысында қаза тапқан 185 боздақтардың есімдері жазылған. Қабырғаның үстіңгі жағында екі құлақты төрт мұнара негізінде таспен өріліп шығарылған белгі. Ал алдыңғы жағында мәңгілік алау ортасында қызыл жұлдыз бейнеленген.Тарихи ескерткіші 2000 жылы орнатылған.Тұрған жері Болашақ ауылы.