«Қазақстанда шағаланың 9 түрі мекен етсе, біздің өңірде көл шағаласы мен өгіз бас шағала көптеп кездеседі.
Нұрсай ауылынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан «Шағалалар аралы» атанған шағын сорды аралды мекендеген, үлкен топ құрап су жағасында ұя салатын және қорегін сол жерден табатын шағала күні бойы дауыс шығарып шаңқылдаудан танбайды. Қызығы, олар дауыстау арқылы өз тобына белгі береді екен. 2-5 дана көкшіл ала шұбар жұмыртқалар салып, біршама жетіл¬ген ширақ балапандар өргізеді. Үлкендігі тауықтың жұмыртқасынан екі еседей үлкен болып келетін көкшіл-тарғыл жұмыртқаны ешбір құстың жұмыртқасымен шатастыра алмайсың. Шағала Қазақстанның жазықты суаттарының көпшілігінде қоныстайды. Салмағы 1,2 кг, қанатының құлашы 1,5 метр. Керемет ұшады, жақсы жүзеді және жерде жүгіреді. Дауысы жынды адамды суреттеген әртістің қарқылдаған даусына ұқсас. Ал балапандарының даусы құлындардың кісінегені сияқты. Топ болып, көбіне басқа құстардың топтарымен қатар ұялайды. Шағалалар ұясын жауларынан және ауа райының қолайсыздығынан қорғану үшін жасайды. Шоғырласып ұя салады. Жауларына жем болмау үшін ұяларын алыс, тасалау жерге салып, бетін бүркеп жасырады. Шағала ұясына 2-3 жұмыртқа салып, жылына бір рет балапан басып шығарады. Сәуір айының басында шағала жұмыртқа салады. Олардың жұмыртқалары көлемді келеді. Ұзындығы – 75, ені – 50 миллиметр. Кейбірінің салмағы 90 граммға жетеді.
Шағала аралы – Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Тереңкөл ауылы, Жұмыр Қылыш зираты жатқан жерден алыс емес Арал сордың ортасында орналасқан шағын арал бар. Сол жерді жаз айына тек құстардан шағала мекендейді. Көктем айында ұя басып немесе ұшып жүрген шағала құсынан көз сүрінеді. Сонымен қатар шағалалар жұмыртқалаған кезде кейбір адамдар барып, шелек-шелек жүмыртқа жинап алатын көрінеді.
Шағалаға тиіспесе, тез көбейетін құс. Соңғы жылдары адамдардың жаппай жұмыртқасын жинап алуларына байланысты саны күрт азайып кеткен. 2005 жылдан бері Нұрсай ауылы жанындағы «Шағала аралына» барып жүрген адамдардың сөзіне құлақ түрсек, сол жерді мекендейтін құстың қарасы мүлдем төмендеген. Бұрынғыдай даусы шаңқылдап, төбеге жайған құрттарды қоймайтын шағалалар некен-саяқ. Шағалаларды табиғаттың тазалықшы дәрігері деуге болады. Олар ауру, өлген балықтарды жеп, су қоймаларын тазалап пайда келтірсе, кейде зиянды кемірушілер мен жәндіктерді қорек қылып, табиғатқа санитарлық қызмет атқарады. Сәуір айының басында аралға ұшып келіп, жұмыртқа басатын ақ шағаланы қорғауға алу қажет етеді.