Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

2025 жылға аталып өтілетін мерейтойлармен атаулы күндер күнтізбесі

Қаңтар

5 қаңтарҚадыр Мырза Әлі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның  Халық жазушысы, Сырым ауданының тумасы, туғанына  90 жыл ( 1935 -2011)

10 қаңтарІлияс Есенберлин қазақтың атақты жазушысы, тарихи романдардың авторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты 110 жыл(1915-1983)

Ақпан

2 ақпан -Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты, Түркияның Халықаралық «Түрік дүниесіне қызмет» сыйлығының иегері, Улан-батордағы Халықаралық Шыңғыс хан Академиясының құрметті академигі Мұхтар Мағауин туғанына 85 жыл (1940)

Наурыз

1наурыз - Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл 1995

19 наурызҚажымұратов Сердеш ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, театр және кино  актері, режиссер, Казталов ауданының тумасы, туғанына 75 жыл. (1950)

20 наурыз -көрнекті ақ­ын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сый­лы­ғының лауреаты, Қазақстанның халық жазу­шысы Тұманбай Молдағалиев туғанына 90 жыл (1935-2011)

22 наурызШаку Рәшид Есетұлы , сатирик, ақын, Журналисттер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Казталов ауданының тумасы, туғанына 60 жыл (1965-2013)

Сәуір

13 сәуір  - Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Сәбит Мұқанұлы Мұқанов туғанына 125 жыл (1900-1973)

Мамыр

9 мамыр –Ұлы Жеңіске 80 жыл.

24 мамырШолохов Михаил Александровичтің, орыс жазушысы дүниеге келгеніне 120 жыл (1905-1989)

Маусым

20 маусым — ақын, Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі. Айтқали Нұрышқалиұлы Нәріков  Тасқала ауданының тумасы (1940)

Шілде

6 шілде –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мемлекет және қоғам қайраткері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туғанына 85 жыл

23 шілдеБақтыгереев Темірәлі композитор, Казталов ауданының тумасы, туғанына 75 жыл. (1950)

Тамыз

10 тамызАбай (Ибраһим) Құнанбайұлы ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер туғанына 180 жыл (1845-1904)

30 тамыз –Конституция күні. Ата заңымызға 30 жыл.

Қыркүйек.

15 қыркүйек – Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері, заң қызметкері Жақыпов Хабидің туғанына 110 жыл (1915-2002)

Қазан

5 қазанМолдағалиев Жұбан, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО және Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ақжайық ауданының тумасы туғанына 105 жыл (1920-1988)

6 қазан –Батыс Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасына ақын Жұбан Молдағалиевтің есімі берілгеніне 25 жыл. (2000)

15 қазанӘбу Сәрсенбаев Қазақстанның халық жазушысы, ақын туғанына 120 жыл (1905-1995)

Қараша

2 қарашаҚадырбаева Айсұлу ақын, қоғам қайраткері, қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қаратөбе ауданының тумасы , туғанына 75 жыл (1950)

13 қараша- Хасанғалиев Ескендір әйгілі әнші –композитор, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қаратөбе ауданының тумасы, туғанына 85 жыл (1940)

24 Қараша – қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі. Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл. (1885-1935)

24 қараша- Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл (1895)

28 қарашаИманғалиев Қибат Бәйішұлы аудармашы, баспагер, ақын Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Казталов ауданының тумасы туғанына 95 жыл (1930-2000)

28 қараша - Бүгін қазақ поэзиясының құбылысы, аса дарынды қаламгер, Мемлекеттік сыйлық иегері, ҚР әнұранының авторы  Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовтың туғанына 90 жыл. (1935-1983)

Желтоқсан

5 желтоқсанТұяқов Жәрдемғали Бисенұлы, журналист, ақын, КСРО-ның құрметті доноры, Казталов ауданының тумасы , туғанына 90 жыл(1935-1999)

21 ЖелтоқсанКамал Сухан Мақсотұлы, ғалым геология-миниралогия ғылымдарының докторы, Қазақстан ҰҒА –ның мүшесі, Казталов ауданының тумасы, туғанына 90 жыл (1935-2018)

24 желтоқсан  -Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлы туғанына 115 жыл (1910-1982)

24 желтоқсанИсатаева Роза Жақияқызы, ітапханашы «Кітапхана ісінің шебері», 2008-2016 жылдары Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒҚ –ның директоры, Ақжайық ауданының тумасы туғанына 70 жыл (1955)

 

Туған күні, айы белгісіз қайраткерлер тізімі.

  • Әл-Фарабидің 1155 жылдығы -2020 жылдың екінші атаулы мерейтойы «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығы.
  • Алтын Орданың 755 жылдығы
  • Айшуақ хан –кіші жүз ханы, туғанына 305 жыл (1720-1810)
  • Шығайұлы Дәулеткерей –күйші, композитор туғанына 205 жыл.
  • Сармалай – сыбызғышы, күйші Казталов ауданының тумасы туғанына 190 жыл (1835-1885)
  • Қараш Ғұмар –ойшыл ақын, қоғам қайраткері, Жәнібек ауданының тумасы туғанына 150 жыл (1875-1921)
  • Досқалиев Мектеп –«облыс ақыны» атанған айтыскер ақын Казталов ауданының тумасы туғанына 105 жыл. (1920-1985)
  • Сүлейменов Әділбек Нәсекенұлы –компазитор, Казталов ауданының тумасы туғанына 70 жыл (1955)
  • Мәмбетов Сержан – Социалистік Еңбек Ері Жалпақтал ауылының тумасы (1890-1954)

 

МЫРЗАЛИЕВ ҚАДЫР

туғанына 80 жыл (1935-2011)

       Қадыр Мырзалиев 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған "Балдырған" балалар журналында бастаған. Кейін "Жұлдыз" журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болды.

      1968-1973 жылдары "Жазушы" баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған. Тұңғыш туындысы 1954 жылы "Пионер" журналында жарияланды.

      Ақынның 40-тан астам жыр жинақтары мен әдеби- сын, ән өлеңдері мен прозалық кітаптары жарық көрді. Қазақ әдебиетінің майталманы атанған жазушының "Көктем" (1959), "Данышпан" (1961), "Сабақ", "Ой орманы" (1965), "Дала дидары" (1966), "Бұлбұл бағы" (1967), "Ак отау" (1968), "Күміс қоңырау", (1970), "Домбыра" (екі кітап, 1971 және 1974), "Кеш" (1973), "Жерұйық" (1976), "Қорамсак", "Көкпар", "Қызыл кітап", "Алақан" (1981), "Сөз сиқыры" (1982), "Күндер-ай" (1984), сондай-ақ тоқсаныншы жылдары ақынның таңдамалы шығармаларының бес томдығы жарық көрді. 2001 жылы "Қазығұрт" баспасынан 15 томдығы шықты.

    Өлеңдері көптеген шетел тілдеріне аударылған. Ол Овийдің, Румидің, Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Межелайтистің, Петифидің, т.б. жырларын қазақ тіліне аударған. Сонымен қатар бірнеше пьесасы сахнада қойылды.

    Ақынга 1966 жылы "Ой орманы" жинагы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы "Жерұйық" жыр кітабы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді.

    Қазақстанның Халык жазушысы, Қазақстан Республикасының Әнұраны жаңа мәтіні авторларының бірі, 1966 жылы Қазақстан Лениндік комсомолы премиясының лауреаты атанды, 1980 жылы Қазақстанның мемлекеттік премиясын, тәуелсіз "Тарлан" және «Дарабоз» сыйлығын алды. 2005 жылы Қазақстан Республикасының «Парасат» орденімен марапатталды.

 

Әдебиеттер:

1. Мырза Әли Қадыр: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.- Алматы, 2002.-406 б.

2. Әбілұлы М. Қадыр Мырза Әлидің "Күлтегін" жыры: [ақын Қадыр Мырза Әлі шығармашылығы] // Ұлағат.-2013.-№5.-45-50 6.

3. Бейісбай С. Сәттер өтіп барады ау..: [бұлбұл ақын, дүлдүл ақын Қадыр Мырза-Әлімен театрда өткен соңғы сыр-сұхбаттан түйген ой] // Егемен Қазақстан.- 2013.- 20 тамыз.-5 б.

4. Ғилымханов М. Туған жер сағынышы: [ақын Қадыр Мырза Әліге арналған өлең] // Самал.-2014.-20 наурыз.-13 б.

5. Ержанова А. Ақынға арнау: [ақын Қадыр Мырза Әліге арналған өлең] //Самал.-2014.-20 наурыз.-13 б.

6. Есенғалиева М. "Жырымен жас ұрпақты тербеткен": ақын Қадыр Мырза Әлі шығармашылығы] // Орал өңірі.-2014.-25 қаңтар.-5 б.

7. Зұлпакарова Ж. Қазақтың Қадыры: [өлең] // Самал.- 2014.-12 ақпан.-1 б.

8. Кемелбаева А. Қадыр Мырза Әлидің жұмбақтар әлемі: [жұмбақтар жанрының ғылыми негізі мен әдеби үндестігі хақында) // Әлем әдебиеті.-2013.- №1.-203-221 6

9. Қадыр Мырза Әлидің айтқандарынан: [Қадыр Мырза Әлидің афоризмдері] // Ақиқат.- 2013.- №3.-96 б.

10. Құрманай 3. Жыр тұлпары: [ақын Қадыр Мырза Әліге арналған өлең] //Самал.-2014.-20 наурыз.-13 б.

11. Мағзомова Г. Қадыр ақынға арнау: [ақын Қадыр Мырза Әліге арналған өлең] // Орал өңірі.-2013.-18 маусым.-8 б.

Шығармалары:

12. Мырза Әли Қ. Алаштың арманы: Жыр жинағы.-

Алматы, 2001.-256 б.

13. Мырза Әли Қ. Ғибратнәмә. Алматы, 2001.-496 б.

14. Мырза Әли Қ. Еңіреп өткен ерлер-ай..: Өлең-тарих, өлең-портреттер.-Алматы, 2001.-112 6.

15. Мырза Әли Қ. Жазмыш.-Алматы, 2001.-464 б.

16. Мырза Әли Қ. Таңдамалы шығармаларының көп томдығы: 12т. Т.1.-Алматы, 2002.-Т.1.-480 б.

17. Мырза Әли Қ. Алтын омырау: Өлеңдер.-Алматы, 2003.-160 б.

18. Мырза Әли Қ. Иірім.-Алматы, 2004.-360 б.

19. Мырза Әли Қ. Шырғалаң: Жаңа өлеңдер кітабы.- Алматы, 2004.-336 б.

20. Мырза Әли Қ. Таңдамалы. Екі томдық шығармалар жинағы.-Алматы, 2005.-Т.1.-424 б.

21. Мырза Әли Қ. Таңдамалы. Екі томдық шығармалар жинағы.-Алматы, 2005. -Т.2.-432 б.

22. Мырза Әли Қ. Таңдамалы жинақтар. Екі томдық жинақ: Өлеңдер.-Алматы, 2006.

23. Мырза Әли Қ. Егізжолдар: Нақылмана.-Алматы, 2008.-320 б.

24. Мырза Әли Қ. Ой-өріс: Өлеңдер, нақыл сөздер.- Орал, 2009.-320 б

 

НӘРІКОВ АЙТҚАЛИ

туғанына 75 жыл (1940)

           Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айтқали Нәріков 1940 жылы 20 маусымда Тасқала ауданының Ширяв ауылында дүниеге келген.

          1960 жылдары лирикалық жырларымен әдебиет сүйер қауымға таныла бастаған ақынның поэзиядағы тұсауын қазақтың аса көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі кескен болатын.

           Айтқали Нәріков орта мектепті бітіргеннен кейін біраз жылдай шалғайдағы шағын ауылда кітапхана меңгерушісі болып істеген. 1961 жылы пединституттың тарих-филология факультетіне түсіп, үш ай гана оқығаннан кейін әскер қатарына шақырылады. 1968 жылы Орал педагогикалық институтын бітірген. 1968-1988 жылдары Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстық газет редакцияларында қызмет істеген. 1988-1992 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросының Орал, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары бойынша уәкілі қызметін атқарды.

         Айтқали Нәріковтің топтама өлеңдері 1969 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Жас керуен» деп аталған ұжымдық жинақта жарық көрген. 1992 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы «Аққұс» қауымдастығы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесі басқармасының төрағасы, облыстық теледидарда жұмыс істейді. «Көк майса» (1970), «Еркін есейіп келеді» (1975), «Тыныштықты тілеймін» (1980), «Еңбек зейнеті» (1985), «Самал» (1990), «Сағыныш» (2001), «Қырық жыл қырық жыр» (2004), «Жайықтың жарық жұлдыздары» (2005), «Ойшылдың өскен ортасы» (2005), «Жанғали ақын» (2006), «Жылдар жаңғырығы» (2009), «Мен майдангер ұлымын» (2010), «Елу жыл елу жыр» (2010) атты кітаптары жарық көрді.

     Айтқали Нәріков лирик ақын. Жырларында сезімді бірінші кезекке қояды. Өлең жолдары әуелі сезімді шарпуы керек. Сонда ғана санаға сәуле түсіріп, ойыңды жаулап алады. Аз сөзді ақынның қысқа өлеңдері ауыр салмақты көтеріп тұрады. Ұлылардың бірі «мыңдаған сөздерді ойлап таба тұра, солардың ішінен біреуін қаншалықты қиын» деген екен. Сол айтқандай, Айтқали ақын керекті сөзді дәл тауып, бір тармаққа екінші тармақ әр беріп тұруына үлкен мән береді.

«...Сөз өнеріне салғырттықпен қарамай, өлеңдерін ойында ұзақ қорытып, «піскенде» ғана қағазға түсіреді. Оның қазір қазақ поязиясында өзіне лайықты орны бар» деп жазды Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі ақын Айтқали Нәріковтің 2009 жылы жарық көрген «Жылдар жаңғырығы» кітабындағы алғы сөзінде. Республикалық жастар поэзия фестивалінің (1972ж.) дипломанты. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтары тарапынан марапатталған. Тасқала ауданының Құрметті азаматы.

Әдебиеттер:

1. Нәріков Айтқали: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.- Алматы, 2010.-408 б.

2. Ахметова М. Айтқали ақын-70 жаста: [белгілі ақын- жазушы А. Нәріков -70 жаста] //Айна.- 2010.-16 қыркүйек.-12 б.

3. Баденұлы Е. Облыс әкімі ақынға құрмет көрсетті: [облыс әкім ақын А. Нәріковті қабылдады] // Орал өңірі.-2012.-21 маусым.-2 б.

4. Бектұрғанов А. Апат пен ажал: [Нәріковтер әулеті]//Орал өңірі.-2008.-23 тамыз.-6 б.

5. Жыр кеші "Қос қанат": Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын және журналист А. Нәріковтың шығармашылық қызметіне 40 жыл // Жайық арулары.- 2004.-2 желтоқсан.

6. Қасымова А. Ақын шығармашылығына 45 жыл: [ақын А. Нәріковтің шығармашылық кеші] // Жайық үні.-2008.-25 қазан.-2 б.

7. Құсайын Т. Ауылдан алыстамаған ақын: [ақын А. Нәріков туралы] // Егемен Қазақстан.-2010.-22 қазан.- 8 б.

8. Сабыр М. Жайықтың қоңыр үнді қоңырауы: немесе ақын Айтқали Нәріковтің шығармашылығы хақында // Информбиржа.-2007.-22 қараша.-15 б.

9. Сариев С. Қауып айтпай, тауып айтатын қаламгер: [ақын А. Нәріков маусым.-7 б. 70 жаста] // Айна.-2010.-10

10. Шарабасов С. Желмая жылдар жемісі: [ақын А.Нәріков] // Орал өңірі.-2010.-17 маусым.-8б.

Шығармалары:

1. Нәріков А. Елу жыл елу жыр.-Орал, 2010.-64 б.

2. Нәріков А. Жанғали ақын.-Орал, 2006.-100 б.

3. Нәріков А. Жылдар жаңғырығы: өлеңдер.-Орал, 2009.-220 б.

4. Нәріков А. Мен майдангер ұлымын: өлеңдер, очерктер, мақалалар.-Орал, 2010.-334 б.

5. Нәріков А. Ойшылдың өскен ортасы: очерк.-Орал, 2005.-80 б.

6. Нәріков А. Сағыныш: өлеңдер.-Алматы, 2002.-216 б.

7. Нәріков А. Адамның кейбір..: өлең // Орал өңірі.- 2006.-27 мамыр.-3 б.

8. Нәріков А. "Әр жылдар жырлары" // Жайық үні.- 2007.-13 желтоқсан.-10 б.

9. Нәріков А. Жылжиды жылдар... // Қазақ әдебиеті.- 2008.-5 қыркүйек.-13 6.

10. Нәріков А. Көңіл күнделіктерінен: [өлеңдер] // Орал өңірі.-2009.-13 тамыз.-8 б.

11. Нәріков А. Көңіл күнделігі: өлеңдер // Орал өңірі.- 2008.-4 желтоқсан.-12 б.

12. Нәріков А. Күзгі көңіл: өлең өлкесінде // Орал өңірі.- 2006.-11 қараша.-4 б.

13. Нәріков А. Момындардың ақысын жеп семіргендер: өлен // Жас Алаш.- 2008.-9 қазан.-3 б.

14. Нәріков А. Моңғолдың құпия шежіресі: Темүжін қалай Шыңғыс хан болды? // Жайық дәрігері.-2004.-1шілде.

15. Нәріков А. Наурыз келді: өлендер // Орал өңірі.- 2004.-20 наурыз.

16. Нәріков А. "Ойлап тұрсаң, бұл дүние шолақ екен...": Қазақтың халық әндері // Орал өңірі.- 2006.-3 тамыз.- 11 6.

17. Нәріков А. Ойшылдың өскен ортасы // Орал, өңірі.- 2005.-13 тамыз.

18. Нәріков А. Өмір шіркін..: [өлеңдер] // Жұлдыз.-2010.- №6.-90-92 б.

19. Нәріков А. Сарғайған дәптер сыр шертсе..: [өлеңдер] // Орал өңірі.-2007.-1 караша.-12

 

 

ЖАҚЫПОВ ХАБИ

туғанына 100 жыл (1915-2002)

Заң қызметкері, Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері Хаби Жақыпов 1915 жылы 15 қыркүйекте Жаңақала ауданының Жаңа Қазан ауылында дүниеге келген. Хаби Жақыпұлының ерте есейіп, ержетуіне негізгі себеп 14 жасында әкесінің өмірден өтуі болса керек. Хаби Жақыпұлының қолында анасы Динаш, інісі Төремұрат, қарындасы Қазимаш калды. Заманның ауыр кезі, ел ішінде дүрбелең туып, байларды кәмпескелеу науқаны басталған, әне-міне, аштық келейін деп тұрған заман еді. Жесір анасы мен жетім бауырларын асырау үшін оған ерте еңбекке араласуға тура келеді. Хаби Жақыпұлының бақытына ауылда 4 жылдық мектепті бітіргені зор септігін тигізді. Осы тұс халықты жаппай сауаттандыру туралы КСРО Халық комиссарының шешімі шығып, жер-жерде сауат ашу курсы ұйымдастырылып жатқан кез. Жас Хабиды жергілікті билік Тұрдығұл ауылына сауатсыздарды оқытатын ұстаз етіп жібереді. Өзі 14 жастағы Хаби Жақыпұлы отызды алқымдап қалған сақа қыз-жігіттерді оқытады. Осылай ұстаздық жолын бастаған Хаби Жақыпұлы 1932-1933-ші аштық жылдары ашыққан адамдарға көмек көрсету мақсатымен салық жинау саласында еңбек етті. Ауыл мектебін, жұмысшылар факультетін, Мәскеудегі бүкілодақтық заң институтын, кейін ҚазМУ-дің заң факультетін бітірген. Еңбек жолын 1928 жылы сауатсыздықты жою мектебінде мұғалім боп бастап, 1934 жылдың қазан айында аудандық комсомол комитеті аудандық сотқа хатшылық қызметке жібереді. Осылай өз өміріне ғұмырлық азық болған, 40 жыл ыстығына күйіп, суығына тоңған сот жұмысына бет бұрған. 1938-1978 жылдары Бөрлі аудандық сот төрағасы, Орда ауданында, Жәнібек ауданында, үш рет Казталов ауданында сот төрағасы, Орал облыстық сот мүшесі боп қызмет еткен.

    Хаби Жақыпұлы Жәнібек ауданы сотының төрағасы қызметін істеп тұрғанда, соғыс басталыпты. Аудан аумағынан 180 шақырымда соғыс жүріп жатқан. Күндесін күнде ауық-ауық аудан жеріне жау ұшақтары ұшып келеді. Дүркін-дүркін бомбаның үні де естіле бастайды. Қазак даласына диверсия жүргізу үшін немістер майдан шебіне жақын Жәнібек ауданының жерін нысана етіп ұстайды. Ауданның барлық аумағына күшейтілген режим енгізіліп, Хаби Жақыпұлы аудандық сот төрағасы қызметімен қоса, әскери трибуналды қоса атқарады.

    1957 жылдан бастап Батыс Қазақстан облыстық сотының мүшесі болды. Қазақстан Республикасы Жоғары сотының Құрметті грамотасымен марапатталған.

    Хаби Жақыпұлы республика судьяларының арасында бірінші болып 1967 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері» деген құрметті атақты алғашқылардың бірі болып алды.

Казталов ауданындағы көшеге есімі берілген. Оралдағы ол тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылған.

Әдебиеттер:

1. Ақбаев Е. Хаби аға хақында бір үзік сыр: [заңгер Хаби Жақыпов жайында] // Заң газеті.-2010.-4 маусым.-8 б.

2. Әбдірайымов Б. Әділдікті ту еткен // Ақиқат.- 2008.- №7.-67-70 6.

3. Жұмағалиев С. Заңгер аға есімі мәңгі есте қалады // Ақиқат.-2008.-№8.-92 б.

4. Заңгерге құрмет: [Белгілі заңгер Хаби Жақыповқа ескерткіш тақта ашылды] // Орал өңірі.- 2008.-14 маусым.-1 б.

5. Құсайын Т. Би төрелігі қайтсе жаңғырмақ?//Егемен Қазақстан.-2008.-20 маусым.-7 б. 6. Омаров Н. Есімі ел есінде // Заң газеті.-2008.-4маусым.-4 б.

7. Омаров Н. Судьяның мәртебесін биіктете өсірген, әділ, турашыл би болған ер есімі ел есінде мәңгі сақталады // Заң.- 2008.-№5.-9-11 б.

8. Шамұратов М. Ел ағасы бола білген жан: Қазақстан Республикасына еңбек сіңген заңгер, құрметті судья Хаби Жақыпов туралы сөз // Заң газеті.-2008.-31 қаңтар.-3 б.

9. Шамұратов М. Сабырлы қалпынан танбаган // Орал өңірі.-2008.-3 сәуір.-14 б.

 

ХАСАНҒАЛИЕВ ЕСКЕНДІР

туғанына 75 жыл (1940)

      Әнші, композитор Хасанғалиев Ескендір Өтегенұлы 1940 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының Қалдығайты ауылында дүниеге келген. 1956 жылы қазақ орта мектебін аяқтаған. 1959 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясына оқуға түседі. Сырттай Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы өнер институтын бітірген. 1963-1969 жылдары Қазақ радиосында музыка редакторы, 1969-1970 жылдары Алматыдағы мемлекеттік қыздар институтында мұғалім, 1970 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік радио-теледидарының эстрадалы-симфониялық оркестрінің әншісі болып қызмет атқарады.

    Әнші-композитордың 200-ден астам әні бар. Әндері француз, қытай, түрік, неміс тілдерінде шырқалған. Оның ішінде танымал әндері «Әдемі-ау», «Асылым-әнім», «Асыл арман», «Келші, келші, балашым», «Құтты болсын туған күн», т.б. Ә. Тәжібаев, Қ. Мырза Әли, Қ. Жұмағалиев сынды ақындардың өлеңіне көптеген әндер жазған. Сонымен қатарбалаларға арнап жазган әндері де баршылық. Бес әндер жинагы жарық көрген. Олар: «Асыл арман», «Атамекен», «Бозторгайым», «Өмірімнің жазы», «Ескірмеген махаббат». Көптеген кинофильмдер мен спектакльдерге музыка жазган. Олар: «Нан мен тұз», «Такыр», «Студенттер» т.б. Сонгы кездері Х. Ергалиевтың сөзіне жазылған «Немерем» әні тыңдармандардың көңілінен шықты. Ескендір Хасангалиев шыгармашылыгының негізгі бағыты лирико-патриоттық такырып. Әнші ретінде ол Ш. Қалдаяқов, М. Сағатов, С. Бәйтереков, Ә. Есбаев сынды т.б. көрнекті қазақ композиторларының коптеген әндерінің алғашқы орындаушыларының бірі болып табылады. 1970 жылы Ескендір Хасанғалиев Жастар сыйлығының лауреаты болды. 1979 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі деген құрметті атаққа ие болды. 1984 жылы Қазақстан Республикасының Халық әртісі атағын иеленді. Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Халықаралық Д. Қонаев атындағы Қордың мүшесі, Орал мемлекеттік университетінің, Семейдегі Шәкәрім атындағы университеттің құрметті профессоры. Пирогов атындағы «Адамгершілігі мен қайырымдылығы үшін» (За гуманизм и милосердие) медалімен марапатталған. «Қазақстан-Корея» Достық қоғамының Президенті. 2000 жылы «Жаңа ғасырға жаңа әнмен» атты байқаудың лауреаты марапатталган. атанып, «Құрмет» орденімен

2006 жылы әдебиет пен өнер саласы бойынша ҚР мемлекеттік сыйлығы берілді. 2008 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығына ие болды.

Әнші-композитор жыл сайын авторлық шығармашылық кешін өткізіп тұрады. Соңғы 5 жыл ішінде «Ескірмеген махаббат», «Атамекен» атты циклды тақырыптармен республикамыздың көптеген қалаларында. Оның ішінде Астана мен Алматы қалаларында үлкен концерттер өткізілді. 2000 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жыл сайын «Атамекен» деген атпен Ескендір Хасанғалиев әндерінің фестивалін өткізіп келеді. Бұл өнер рәсімі 2006 жылдан бері халықаралық фестиваль мәртебесіне ие болды.

Әдебиеттер:

1.         Хасанғалиев Ескендір Өтегенұлы: өмірдерек // Қазақстан композиторлары Композиторы Казахстана: анықтамалық /Құраст.: Б. Қуатов.- Алматы, 2011.-197-198 б.

2.         Абылаев С. Сазгерлердің серкесі, ел ағасы Ескендір // Ел.- 2010.-10 тамыз.- 6 б.

3.         ЁАмантайқызы Г. Мені шексіз бақытқа бөлейтін халқымның ықыласы // Игілік.- 2010.-№2.-24-25 б.

4.         Асылбектегі А. Ел еркесі Ескендір // Мәдениет.- 1994.- №5-6.- 33-34 б.

5.         Байдәулетова Қ. Айым болып тудың ба? // Айқын.- 2009.-27 қаңтар.-8 б.

6.         Боранқұл А. Елінің Ескендірі // Орал өңірі.- 2010.-4 ақпан.-6 б.

7.         Ескендір Хасанғалиевке «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы: [Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі, №23-9] // Орал өңірі.- 2010.-10 тамыз.-2 б.

8.         Ескендір: Қазақстан Республикасының Халық артисі Ескендір Хасанғалиев // Айқын.- 2008.-13 ақпан.-8 б.

ҚАРАШ ҒҰМАР

Туғанына 140 жыл (1875-1921)

     Көрнекті Алаш қайраткері, діндар- акын Ғұмар Қараш 1875 жылы Ішкі Бөкейліктің (қазір Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы) Қырқұдық деген жерінде дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін, Жалпақталдағы Ғ.Ғәлікейұлы ұстаған медреседе окиды. 1902-1910 жылдары жиған білімімен ауылында, Тіленшісайда жәдитше бала оқытады. Сол шамада әйгілі Шәңгерей Бөкейұлының шақыруымен Көлборсыға мұғалім болып келеді. Жаңалыққажаны құмар, имандылық пен дәстүрдің жібін үзбеген әдеби орта қалыптастыруға себепші болады. Қайраткер 1907 жылдан бастап татар және қазақ тіліндегі мерзімді басылымдарға мақала жариялай бастайды. 1911-1913 жылдары алғаш Ордада, кейін Оралда басылған «Қазақстан» газетін шығарысуға, оның саяси- мәдени әлеуетін көтеруге атсалысты. Осы кезеңде қазақтың саяси көзін ашатын, рухани байытатын «Ойға келген пікірлерім», «Бала тұлпар», «Аға тұлпар», «Қарлығаш», «Өрнек», «Тумыш», «Бәдел қажы» атты кітаптар жарияланды. Ол Ғабдолла Мұштақ (Алланың зерделі кұлы) атты бүркеншікпен «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетіне мақалалар жазып тұрды. Орынборда «Шайыр...» және «Көксілдер...» атты жинақ шығарды. Ғ. Қараш ұлт идеясын көтеру мен елшілдік мәселесін талдап-таразылауды бірізді және жүйелі жазған каламгер. Ол ХІХ ғасырда мұсылмандық Шығысқа ерекше серпін берген, тіпті Қазақ даласындағы Абай сынды даналардың рухани ниеттесіне айналған Мысыр мүфтиі Мұхамед Абдо мен пәлсапашы Жәлелатдин Афғани реформаларынан хабардар еді. Мысалы, ол «Ойға келген пікірлерім» атты фәлсафалық еңбегінде (1910) Мысырда оқыған, бірақ ізденгісі келмеген бір мұғалімге: «Рух туралы төрт кітап оқығаннан гөрі, Мұхаммед Ғабдудың (Абдо – Д.Қ.) Бахра сүресі туралы тәфсірін оқығаның дұрысырақ шығар»,- деп айтқанын жазады. Әлбетте, Ғұмар бұл жерде басты ислам кітаптарын оқыма деп тұрған жоқ. Оның айтпағы канондарды таптаурын етпей, тазарту һәм тарату турасында болып отыр.

      Осы ретте рухты оңалту мәселесін түбірлеп зерделеген Ғұмардың ойлары аса бағалы. Санаткер «Өрнек» аталынған еңбегінде (1911): «Адамдар әр ісінде Алланың көрсеткен жолымен жүрмесе, яғни себебіне кіріспесе, ыждағат етпесе, ғылым-өнер үйреніп, орнына қолданбаса, ол адам иман келтіріп, бойұсынған болып шықпайды. Бұл екпей егін күту һәм әкесіз перзент үміт ету секілді нәрсе», -дейді. Бұрынғы-кейінгі қазақ шындығын осы қағидатпен сараптап жіберсек, «әй, қап!»-қа үн қосып жіберетін жағдайымыз жоқ та емес. Мұны Ғ. Қараш та жақсы аңғарса керек, аталған кітабында: «Өнерсіз, жалқау халықтардың ақырында көрешегі өз алдына, дүниеде-ақ бек ащы жаза тартады. Тартқаны сол: басқа өнерлі, ғылымды елдерге құл болады. Қара басының билігі, ықтияры болмайды. Адамдар ретінде кіре алмайды, хайуан деуге сорты келмейді. Әлбетте, Ғ. Қараш сыны ұлтқа шын жаны ашыған адамның сыны. Оның елге, замандастарына айтқан ақылын да осы өреде түсінеміз. Заманаға шынайы көзбен қарайтын ақын: «Дүниеде не арзан?» деп сұраушыға «Біздің қазақ жігіттерінің гұмыры» деп жауап берілсе, бек дұрыс жауап болмақ» дейді. Бұл пәлсапалық сұрақ пен жауап бүгін де көкейкесті естіледі. Қайраткер 1916 жылы бөкейліктер атынан Петерборға барып, Астрахан қазағы басып алған жерді және тиесілі жерді қазаққа орнымен бөліп бер деген өтініш хатты бас министрге тапсырады. 1917 жылы Ордада өткен Бөкей қазақтарының сьезіне қатысады. 1917-1919 жылдардағы Алаш қозғалысына белсене араласады. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сьезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сьезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Өмірлік мәселелер мен діни ахуалды күн тәртібіне қойған Алашорда үкіметі Ұлт кеңесі анықталатын екінші сьезде қази болып сайланды. 1918 жылы Ордадағы педагогика техникумында сабақ береді. Сол жылы қыркүйекте Бөкей губерниясының мұғалімдер сьезіне қатысады. 1918-1920 жылдары губерниялық кеңестердің төрт сьезіне делегат болады. Мұнда мағыналы сөз айтады. 1919 жылы Бөкей губаткомында істейді. Ордада ұйымдастырылған айына екі рет шығатын «Мұғалім» атты журналды шығарушылар алқасына кіреді. Ол осы журналда «Педагогика» атты еңбегін жариялайды. 1919 жылы «Дұрыстық жолы» газетінің алқа мүшесі әрі тілшісі болады. 1920 жылы маусымда Бөкейдің II губерниялық партконференциясында  Губкомның пленум мүшесі, ал сол жолы 1 пленумда губкомның үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болып сайланды. Қайраткер жаңа қоғам жұмысына белсене араласып, халық қамқоршысы ретінде танылды. Сөйткен тұлға 1921 жылы 12 сәуірде Құнаншапқан деген жерде қашқын әскерилер қолынан капияда мерт болды.

Әдебиеттер:

1.         Ғұмар Қараш: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002.-221-222 6.

2.         Кенжалиев И.Н. Ғұмар Қараш.-Орал, 2004.-130 б.

3.         Тәж-Мұрат М. Ғұмар Қараш: өмірі шығармашылығы.-Ақтөбе, 2004.-384 б. Мен

4.         Ақжайық ақиықтары: [діндар-ақын Ғұмар Қараш жайында] // Айна.- 2010.-25 ақпан.-8 б.

5.         Жұбан Б. Халқына қастерлі есім: [Ағартушы, ойшыл, ақын, ғалым, публицист Ғұмар Қараш] // Орал өңірі.- 2009.-6 тамыз.-6 б.

6.         Исахан М. Алаш ардақтыларының әйел жайлы пайымдаулары: [Ғұмар Қараштың әйел бостандығы мен теңдігі турасында айтқан сөздері] // Қазақстан- zaman.- 2012.- 8 наурыз.-11 б.

7.         Құсайынұлы С. «Алаштың» үні болған Ғұмар Қараш: [көрнекті Алаш қайраткері Ғұмар Қараш туралы] // Дарабоз.- 2012.- №10.-4-9 6.

8.         Сафуллин Ж. «Атамның есімін мақтан тұтамын»: [философ ақын, ағартушы Ғұмар Қараштың немересі Надежда Бұрханқызымен сұхбат] // Дарабоз.- 2012.- №10.-10-13 б.

Шығармалары:

            Ғұмар Қараш. Замана.-Алматы, 1994.-240 б.

ҚАЖЫМҰРАТОВ СЕРДЕШ

туғанына 70 жыл (1950)

           

            Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, театр және кино актері, Сердеш Қажымұратов Батыс Қазакстан облысы, Казталовка ауданы, Әжібай ауылында 1950 жылы 13 наурызда дүниеге келген.

            1971 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтының актерлік факультетін бітірді. 25 жыл бойы Қарағанды облыстық драма театрының актері болып еңбек етті. Ол Әлібек, Жапал, (М. Әуезовтың "Айман Шолпан" мен "Енлік Кебегінде"), Шоқан (С. Мұқановтың "Шоқан Уалихановында"), Қодар, Сердалі (Ғ.Мүсіреповтың "Қозы Көрпеш-Баян сұлуы" мен "Ақан сері. Ақтотысында"), Бакыт, Алтынбек (С. Жүнісовтың "Тырау-тырау тырналары" мен "Қысылғаннан қыз болдығында"), Нияз (Т.Ахтановтың "Махаббат мұңында"), Жангелдин (М. Д. Симашконың "Төтенше комиссарында"), тағы басқа да ролдерді ойнаған. Қажымұратов Сердеш 10-нан астам киноға түсті, әсіресе 1986 жылғы "Күзет бастығы" фильмінде Құрымбайдьң ролін жұртшылық талғамынан шығарлықтай шынайылықпен шебер сомдай білді. Сол жылы С. Жүнісовтың "Өліара" спектаклінде Жакай Тайшиевтің ролін орындағаны үшін оған Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді. Сердеш Қажымұратов Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында бас режиссер болып істеген жылдарда театр репертуарын байытуға үлес қосты.          

                Әдебиеттер:

           

            1. Қажымұратов Сердеш: өмірдерек // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. Алматы, 1989. – Т. 4. – Б. 318 Қажымұратов Сердеш: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: -. энциклопедия. Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. – Б. 334.

            2. Жұмағали С. Айтулы актерді ардақтайық... // Орал өңірі. 2017.25 cəyiр. - Б. 6.

            3. Құттымұратұлы Қ. Сахнаны сағындым дейді Сердеш: Қазақ драма театрының әртісі С. Қажымұратов // Жас Алаш. – 1999. – 30 қантар.

           4.  Сейтақ Ғ. Ел үшін еткен еңбек еш кетпейді: облыстық қазақ драма театрының бас режиссері С. Қажымұратовпен сұхбат // Орал өңірі.- 2003. – 15 шілде.

          5.  Төлеуғали, Айым. «Сахна саңлағы»: С. Қажымұратовтың кеші // Орал өңірі. 2018. 21 маусым. Б. 9.

БАҚТЫГЕРЕЕВ ТЕМІРӘЛІ

туғанына 70 жыл (1950-1914)

        Композитор Бақтыгереев Темірәлі 1950 жылы 23 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Березин ауылында дүниеге келген. 1967 жылы орта мектепті, содан COH Алматыдағы атындағы аяқтаған, Π. Музыкалық Чайковский училищесін 1993 жылы ҚазМҰУ-дің истика факультетін сырттай журналистика бітірген. Саратов қаласындағы Сабанов атындағы консерваторияда оқыған. 1970 ж. Баяншы ретінде Орта Азия әскери ән-би ансамблін құруға катысқан. Композитордын «Барып кайт балам, ауылға» (А. Қадырбаеваның сөзіне жазылған), «Ғашықтар сенімі» (Ж. Қашкыновтың сөзі), «Сағыныш» (Ф. Оңғарсынованың сөзі), т.б. әндері жұртшылық арасында кең тараган. Т. Бақтыгереев мерзімді басылымдарға музыка өнері және өнер қайраткерлері туралы танымдық мақалалар жазып тұрды. «Барып кайт, балам, ауылға» (1999), «Әнімді саған арнадым» (2001) атты аудиоальбомдары шыккан.

Әдебиеттер

1.         Бақтыгереев Темірәлі: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. Алматы: «Арыс» баспасы, 2010. Б.172.

2.         Набиоллаұлы Н. «Барып кайт, балам, ауылға» // Орал өңірі. – 2017. – 9 қыркүйек. Б.

3.         Облыстық қазақ драма театрда жерлес композитор Темірәлі Бақтыгереевті еске алуға арналған «Барып қайт, балам, ауылға» атты сазды кеш өтті.

4.         Сату О. Жайықтың сазгері: композитор Темірәлі Бақтыгереевтің шығармашылық кеші // Жайық үні. – 2013. – 20 наурыз. С. 8.

МОЛДАҒАЛИЕВ ЖҰБАН

туғанына 100 жыл (1920-1989)

        Ақын, жазушысы, Қазақстанның КСРО халық Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жұбан Молдағалиев 1920 жылы 5 қазанда Батыс Қазақстан облысы Акжайық ауданы Жыланды ауылында дүниеге келген. 1940 жылы Орал ауыл шаруашылық техникумын бітіріп, 1940-1947 жылы әскер қатарында болған. Ұлы Отан соғысына катыскан. 1948-1952 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторының орынбасары, 1958-63 ж. «Жұлдыз» журналының бас редакторы болған. Бірнеше жыл Қазақстан Жазушылар одағын басқарды. Жұбан Молдағалиев КСРО және Қазақстан Жазушылар одақтары баскармаларының мүшесі, КСРО Министрлігі Кеңесі жанындағы әдебиет, көркемөнер және архитектура саласындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің, «Новый мир» журналы редколлегиясыны және «Библиотека поэта» басылымы редколлегиясының мүшесі болды. Ж.Молдағалиевтің «Ленин тірі» атты алғашқы өлеңі Батыс Қазақстан облысында «Комсомол ұрпағы» газетінде 1939 жылы басылды. «Менің антым», «Кел, жолдастар, жырлайық» деген өлеңдері 1939 жылы «Екпінді құрылыс» газетінде басылды. 1949 жылы «Жеңіс жырлары» атты алғашкы өлендер Жинағы шықты. Содан бергі жылдар ішінде ақынның жалпы 60-тан астам кітабы, әр кезеңде қазақ және орыс тілдерінде таңдамалы шығармаларының бір томдығы, қос томдығы, үш томдығы жарық көрді. Жұбан қаламынан «Жесір тағдыры», «Мен қазақпын», «Кісен ашкан», «Қыран дала», «Сел», «Байконыр баспалдақтары», т.б. поэмалар туды. 1970 жылы «Кісен ашқан» поэмасы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Ол сондай-ақ КСРО Қорғаныс министрлігі сыйлығының лауреаты және А. Фадеев атындағы алтын медалдың иегері. Оның көптеген шығармалары бірнеше Шет ел халықтары тілдеріне аударылған. Ж. Молдағалиев КСРО Жоғары Кеңесінің, Казакстан Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. Қазакстан Жоғары Кеңесі Төралқасының мүшесі болды. Ол бірнеше ордендермен және медалдармен марапатталды. 1990 жылы облыстағы жоғары оқу орны студенттеріне арналған Жұбан атындағы степендия тағайындалды, облыс орталығында және Ақжайық ауданының орталығында ақынға ескерткіш орнатылды. 2000 жылы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына Жұбан Молдағалиевтің есімі берілді. Жұбан Молдағалиев 1988 жылы Алматы қаласында кайтыс болды.

Әдебиеттер:

1.         Молдағалиев Жұбан: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. Алматы: «Арыс» баспасы, 2010. – Б. 393- 394.

2.         Молдағалиев Жұбан: өмірдерек // Қазакстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С. Қамшегер, Қ. Жұмашева.- Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. – Б. 272.

3.         Молдагалиев Жубан (1920-1989) // Иманғалиев С. Улицы столиц Астаналардағы көшелер = Streets of capitals.- Алматы, 2013. – С.117.

4.         Жубан Молдагалиев 1920-1989: өмірдерек // Наурызгалиева М., Капушова Г. Одаренные люди земли: информационно- познавательный сборник = Әлімнің шапағатнұрлы адамдары: акпаратық-танымдық жинақ. Алматы: «Таугул Принт», 2011.-C. 274-277.

5.         Ақбай Ж. Жауһар жырдың жампозы: естелік // Орал өңірі. – 2015.8 казан. – Б. 10.

6.         Аманжол Қ. «Асыл жарым, азаматым Жұбақаң!.» әйгілі Жұбан ақынның зайыбы Софья Мәлімқызымен сұхбат // Қазақ үні.2018. 11 маусым. Б. 8-9.

7.         Байжанова М. Жұбан Молдағалиев: «Ар-ұят туралы»: ақиық акын Жұбан Молдағалиетың өмірі мен шығармашылық жолынан мағұлмат беру // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл. 2015. № 8-9.- Б. 20-21.

8.         Бақтыгереева А. «Жұбан жыры жадымызда» / Α.

9.         Бақтыгереева А. Ерлікті көзбен көрген күн: желтоқсан 86: ақын Жұбан Молдағалиевке арнау // Орал өңірі. 2017. – 16 желтоқсан. Б. 10.

10.       Бияшева Г. 100 жылдық бастау алды: Қазақтың ақиық ақыны Ж. Молдағалиевтің 100 жылдығына орай өтетін шараларға бастау беру және «Мен казакпын» поэмасының жарық көргеніне 55 жыл толуына орай «Қазақтың Жұбаны» атты конференция // Орал өңірі. 2019. 19 ақпан. – Б. 16.

11.       Елеукенов Ш. Өмірі де, өлімі де халқына қайрат беретін ақын // Қазақ әдебиеті. – 2015.- 8 мамыр. Б. 7.

12.       Жеңісқызы Г. Елін жырлаған Жұбан // Шұғыла. 2019. 16 Сәуір. – Б. 2. 13.

13.       Құттымұратұлы Қ. Жұбан Жайықтағы қазақтың рухын көтерді: Жұбан ескерткіші туралы // Жас Алаш. – 2017. – 9 караша. – С. 5.

14.       Молдағалиев Т. Жұбан ағаның рухымен сырласу // Намыс найзағайы / Социал Пұсырман. Орал: «Туресаев М.М.», 2012.- Б. 19-22.

15.       Молдағалиев Ж. Бір бассаң да, алға бас: өлең // Қазақ әдебиеті. 2018. 4 мамыр. Б. 14

16.       Мырза Әли Қ. Жұбан Молдағалиевтың рухымен сырласу: автордың Ж. Молдағалиевке арнаған өлеңі // Намыс найзағайы / Социал Пұсырман. Орал: «Туресаев М. М.», 2012.-C. 23-25.

17.       Пұсырман С. Қазактын Жұбанымен кездесу. Жұбан ақынға. Жұбан ақынмен сырласу. Жұбандай өр ақынға. Қазақтың Жұбаны атанған асыл аға қолтаңбасы: өлеңдер // Жырлайды жүрек. Орал: WESTA, 2015. – Б. 17-18, 32.

18.       Рабаева Я. Жұбан ақын туралы жаңа кітап // Орал өңірі. 2019. 15 ақпан. – Б. 13.

19.       Рысбеков Т. Ұлттық намыстың қаһарманы // Тарихи тұлғалар: уақыт және өмір жолдары. Алматы, 2014. – Б. 427- 441.-  2017. – 22 маусым. Б. 9.

 

ҚАДЫРБАЕВА АЙСҰЛУ

туғанына 70 жыл (1950)

        Айсұлу Қадырбаева 1950 жылдың 21 қарашасында Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылында дүниеге келген. Қаратөбе орта мектебін бітіре салысымен қаласындағы Қазак ол Алматы педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түседі. Айсұлу Қадырбаева 1972-1984 жылдары «Жазушы» баспасында жұмыс істейді. Қазақ радиосының қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш меншікті тілшісі. 1990 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Орал облыстык, бөлімшесінің төрайымы қызметіне тағайындалды.

Лауреаты

     1991 жылдары Айсұлу апайымыз маңызды ic- прекеттердің басы-касында болып, әсіресе, жерді жеке меншікке беріп, сату саясатына карсы дер кезінде көрегендікпен дабыл кануымен көзге түсіп, Қазакстанның бүкіл аймактарын аралап, белсенді күрестің алдынғы шебінде жүрді. 2005 жылы ұлттық-патриоттық «Халық дабылы» козгалысы төрағасының орынбасары, 2006 жылдың қарашасынан «Алга» (ДВК) Халықтық партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, 2007 жылдың желтоксанынан осы партияның Үйлестіру комитетінің мүшесі, 2007 жылдың ақпанынан «Шанырак айнасы-Зеркало Шанырака» газетінің бас редакторы, 2008 жылдын кантарынан «Күретамыр» коғамдық қорының президенті Қазақстан Жазушылар одағының, Халыкаралык Журналистер Федерациясының мүшесі, коғам қайраткері Айсұлу Кадырбаеваның өлеңдері Қазақстан мен Түркия баспасынан жарық көрді. «Перне», «Қарлығаш», «Ақ мама», «Айту парыз», «Парыз», «Барып кайт, балам, ауылға» секілді т.б. толғауларының және бірнеше зерттеу материалдарының авторы.

Әдебиеттер:

1.         Кадырбаева Айсұлу: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: Энциклопедия. Алматы: «Арыс» баспасы, 2010. – Б. 333.

2.         Қадырбаева Айсұлу: өмірдерек // Акжайыктың асыл арулары: энциклопедия. Екінші басылымы. Алматы, 2018.- Б.144.

3.         Ақ Жайықтың ақын қызы // Орал өңірі. 1989. – 15 шілде.

4.         Қазақ әйелдерінің энциклопедиясы // Қазакстан әйелдері. 2015.-№12.- Б. З.

5.         Мұратова Н. Жас ақындар өлең оқыды: «Ақберен» жас ақындар мектебінің шәкірттеріме акынмен кездесу // Орал өңірі. – 2016. – 5 наурыз. Б. 12.

6. «От шашқан жанарында»: Х. Есенжанов атындағы облыстық 6 балалар және жасөспірімдер кітапханасының оқырмандары танымал акын, қоғам кайраткері Айсұлу Қадырбаевамен сыр- сұхбат кешін өткізді // Орал өңірі. 2016. 16 акпан. – Б. 3.

7.         Өмірзақ А. Қан төгіссіз жеткен женіс: жазушы, коғам қайраткері Айсұлу Қадырбаевамен сұхбат // Жайық үні. – 2015. 2 маусым. Б. 14-15.

 

ДОСҚАЛИЕВ МЕКТЕП

туғанына 100 жыл (1920-1985)

      Белгілі айтыс ақыны Досқалиев Мектеп Батыс Қазақстан облысының, Жалпақтал ауданы, Балықшы ауылында 1920 жылы дүниеге келген. 1939 жылы Казталов аулының Алма Оразбаева атындағы орта мектебін мақтау Мбітірген. Кағазымен М. Доскалиев мектепте ок жүрген кезден бастап өлең жазумен шұғылданған. Аудандық, облыстык ақындар айтысының жүлдегері. Өлеңдері аудандық, облыстық газет беттерінде жарияланып отырған. Мектеп Досқалиев 1958 жылы алғашқы облыстық ақындар айтысына қатынасып, Чапаев ауданының акыны Хамидолла Қыдыровпен айтысты. Сол жылы «Облыс ақыны» деген үлкен құрметті атақ алды. Мектеп аға жас талапкерлерді бауырына тартып, олардың шындалуына, қанатының астына алып, үнемі қамқорлық көрсетіп отырды. Мектеп Доскалиев еңбек демалысына шыққанға дейін облыс аудандарында аудандық ішкі істер бөлімін баскарды. Өзінің өлеңдерінде туған өлкені, еңбек тынысын, халықтың калаулы ұлдары мен қыздарын жырлады. Алғашқы айтыска катысқан өлеңдері 1958 жылы «Ақындар үні» атты жинаққа енді. Ал ақынның «Сол бір дәурен» атты өлеңдер жинағы қалалық «Дастан» баспасынан 1997 жылы жарық көрді. Мектеп ағамыздың көптеген өлендері окырмандар арасында айтылып жүр.

Әдебиеттер:

1.         Досқалиев Мектеп: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: Энциклопедия.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2010. – Б. 231.

2. Досқалиев Мектеп: өмірдерек // Айтыстың аясында ару 2 Жайық: облыстық ақындар айтысына 40 жыл. Орал, 1998. – Б.8.

3.         Доскалиев М. Сол бір дәурен: өлеңдер. Орал, 1997. – 72 б. 4. Досқалиев М. Шыңдалған жыр семсері: өлендер, толғаулар мен поэмалар.-Алматы, 2008.- 200 б