Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

2024 жылға аталып өтілетін мерейтойлармен атаулы күндер күнтізбесі

Қаңтар

1 қаңтар - Қазақстанның Халық суретшісі Қастеев Әбілханның туғанына 120 жыл (1904-1973)

1 қаңтар - Қаз ССР халық әртісі, әнші Құрманғалиев Ғарифолланың туғанына 115 жыл (1909-1993)

*10 қаңтар - Социалистік Еңбек Ері Ерешев Сағындықтың туғанына 95 жыл, Казталов ауданының тумасы (1929-2009)

12 қаңтар - Жәнібек ауданында партия комитетінің І –ші хатшысы болған Шарафедденов Шыныбайдың туғанына 85 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1939-1991)

14 қаңтар - Ақын, Қазақстан Журналисттер одағының мүшесі, «Ақжайық» телеарнасының тілшісі Балмолда Мұнайдар Мұқамеджанұлының туғанына 55 жыл, Жаңақала ауданының  тумасы (1969)

19 қаңтар – «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 25 жыл (қазіргі «Аманат» партиясы) (1999)

29 қаңтар - Совет Одағының Батыры Ахмедияр Хұсайыновтың туғанына 100 жыл (1924 – 1986)

Ақпан

1 ақпан - Қазақстанның халық жазушысы Жүнісов Сәкен Нұрмақұлының туғанына 90 жыл (1934 -2000)

4 ақпан - Ақын және драматург, филология  ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық  жазушысы Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл (1909-1998)  

9 ақпан - 15 ақпан -  КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сылықтарының лауреаты Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл.

17 ақпан - Журналист, ақын, Қазақстан Журналисттер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Көшенов Ғарифолланың туғанына 85 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1939) 

Наурыз

9 наурыз - Тұңғыш ғарышкер Гагарин Юрий Алексевичтің туғанына 90 жыл (1934-1968)

*13 наурыз - Айтыскер ақын, жазушы, журналист Дариға Ғазизқызы Мұштанованың туғанына 70 жыл (1954)

Сәуір

3 сәуір - Жазушы, ақын, сыншы, Қазақстанның комсамолы сыйлығының тұңғыш лауреаты Ерубаев Саттардың туғанына 110 жыл (1914-1937)

12 сәуір - Ғалым, қоғам қайраткер, геология ғылымдарының докторы, КСРО Ғылым академиясының академигі, Қазақ ССР академиясының ұйымдастырушысы және бірінші президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл (1899-1964)

20  сәуір - Совет Одағының Батыры Молдағұлова Әлия Нұрмұхамедқызының туғанына 100 жыл (1924-1944)

29 сәуір - Ақын, Қазақстан мемлекеттік, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Есдәулет Ұлықбектің туғанына 70 жыл

Мамыр

4 мамыр - ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ақмурзина Зауреш Ибатқызының туғанына 75 жыл (1949)

14 мамыр - Ақын Жансүгіров Ілиястың туғанына 130 жыл (1894-1838)

16 мамыр - Ғалым, филология ғылымдарының докторы Нұрмұқанов Хайролла Мырзағалиұлы ( Казталов  ауд., Таскүтір а.) (1929)

*5 мамыр - Соғыс ардагері, Даңқ орденінің  иегері Имашев Қайырғазының туғанына 100 жыл, Казталов ауданының тумасы. (1924-1980)

Маусым

19 маусым - Ақын, компазитор, әнші  Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жыл (1884-1976)

Шілде

*29 шілде - «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері Дәулетиярова Балдай Садырқызы туғанына 85 жыл, Казталов ауданының тумасы (1939 -

Тамыз

*2 тамыз - Ғалым-ұстаз, тарих ғылымдарының докторы, профессор Шынтемірова Баян Ғаббасқызының туғанына 75 жыл, Казталов ауданының тумасы (1949)

20 тамыз - Жазушы Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл (1914-1937)

23 тамыз – Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақұштап Бақтыгерееваның туғанына 80 жыл (1944)

Қыркүйек

*2 қыркүйек - Казталов ауылшаруашылық бөлімінің  ардагері , «Құрмет белгісі» орденінің  иегері Абулхатин Махамбет Насырұлы туғанына 75 жыл, Казталов ауданының тумасы ( 1949)

10 қыркүйек - Мемлекет және қоғам қайраткер, ғалым, публицист СұлтанбекҚожановтың туғанына 130 жыл (1894-1938)

*14 қыркүйек – ҚР халық ағарту ісінің озық қызметкері, әнші, термеші Баян Қабиеваның туғанына 75 жыл, Казталов ауданының тумасы (1954)

*16 қыркүйек - Мемлекет қайраткері, техника ғылымдарының кондидаты Жақыпов Қабиболла Қабенұлы туғанына 75 жыл, Казталов ауданының тумасы (1949)

Қазан

13 қазан – Балалар әдебиетінің классигі, жазушы Соқпақбаев Бердібектің  туғанына 100 жыл (1924-1991)

15 қазан - Ақын, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл (1894-1938)

19-қазан - Рейхстағқа ту тіккен қазақ азаматы, Халық қаһарманы РақымжанҚошқарбаевтың туғанына 100 жыл (1924-1988)

Қараша

7 қараша - Халық ағарту ісінің озық қызметкері «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері Жақашева Сәндеш Жақашқызының туғанына 95 жыл, Казталов ауданының тумасы (1929 - .

15 қараша - Қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл (1894-1938)

17 қараша - Соғыс және еңбек ардагері «Құрмет Белгісі», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордені , «Еңбек ардагері» медальдарының иегері Кабиров Рысқали Есенғалиұлының туғанына 100 жыл, Казталов ауданының тумасы (1924-2020)

22 қараша -  Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан білім беру ісінің үздігі Мәшімбаев Серік Мектепұлының туғанына 85 жыл,  Казталов ауданының тумасы (1939 -    )

Желтоқсан

6 желтоқсан - Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл (1939 - 2015)

16  желтоқсан -  Соғыс ардагері «Құрмет белгісі» орденінің иегері Оразбай Ғабдошевтің туғанына 100 жыл, Казталов ауданының тумасы (1924 -       )

25 желтоқсан - Алаш қозғалысының қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресінің жеткешілерінің бірі, публицист Шоқай Мұстафаның туғанына 135 жыл (1889-1941)

25 желтоқсан - Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл (1939       )

26 желтоқсан - Мемлекет қайраткері Тұрар Рұсқыловтың туғанына 130 жыл (1894-1938)

29 желтоқсан - Еңбек ардагері, «Құрмет» орденінің иегері Нәсіпқали Иманғалиевтің туғанына  75 жыл, Казталов ауданының тумасы (1949)

Айы мен күні белгісіз 2024 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер

  • *Қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері  Кенжебек Меңдәлиевтің туғанына 110 жыл, Казталов ауданының тумасы (1914-1985)
  • Социалистік Еңбек Ері Ахат Аяповтың туғанына 115 жыл, Казталов ауданының тумасы, Беспішен ауылы (1909 - 1971)
  • 1836-1838 ж.ж. Батыс Қазақстандағы қазақ көтерілісінің қолбасшыларының бірі Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл (1804-1846)
  • Соғыс және еңбек ардагері «Қазақстанның еңбек сіңірген үздік статистика маманы» атағының иегері Жәнібек Акмалиевтің туғанына 100 жыл, Казталов ауданының тумасы (
  • «Құрмет белгісі» орденінің иегері Майдан Асановтың туғанына 80 жыл, Казталов ауданының тумасы, Қайыңды ауылы (1944-2000)
  • «Социалистік еңбек ері» Алғазы Есниязовтың туғанына 135 жыл, Казталов ауданының тумасы, Жалпақтал ауылы. (1889-1971)
  • Ұлы Отан соғысының ардагері Ғазиз Луқпановтың туғанына 115 жыл, Казталов ауданының тумасы (1909 - 1945 )
  • Соғыс және еңбек ардагері Сейфуллин Пангерей Сейфоллаұлының туғанына 100 жыл, Казталов ауданының тумасы (1924-1977)
  • Әнші, ақын Ерғали Аязбайұлының туғанына 155 жыл, Казталов ауданының тумасы, Бостандық ауылы (1869-1937)

Ескерту : * белгісімен белгіленген күндерге қысқаша анықтамалар мен әдебиеттер тізімі берілген

 

 

 

 

 

 

Мерейтойлық күндерге қысқаша анықтама

және әдебиеттер тізімі

10 қаңтар                       Ерешев Сағындық

                                        туғанына 95 жыл (1929-2009)

 

Фото

Ерешев Сағындық Фурманов ауданы Жұлдыз ауылында Төртпішен мекенінде 1929 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 18 жасында Фурманов (қазіргі Жалпақтал ауылы) ауданы, Жұлдыз шаруашылық артелінде бастаған. 1961-62 жылдары бағымдағы отарды шығынсыз өсіріп. Қозы алуда жоғары

көрсеткіштерге жеткені үшін және адал қызметі үшін 1966 жылы сол уақыттағы ең мәртебелі атақ Социалистік Еңбек Ері атағы берілген. Жалпақтал ауылындағы бір көшеге С.Ерешевтің есімі берілген.

Әдебеттер

  • Еңбектің Ері Ерешев [Социалирстік Еңбек Ері туралы] // Ауыл айнасы.-2008.-22 қыркүйек.-2 б.
  • Мақатов Ұ.

 Өнегелі өмірдің өткеніне де қырық күн...[С.Ерешев туралы естелік]// Ауыл айнасы.-2009.-№28.-15 маусым.-3 б.

  • Нариманов М.

Сағындық аға   80 жас сеңгірінде [C.Ерешевтің 80 жылдығына орай] // Ауыл айнасы.-2009.-№15.-6 сәуір.-2 б.

...

 

13 наурыз                       Мұштанова Дариға Ғазезқызы

                                             туғанына 70 жыл (1954)

 

Мұштанова Дариға Ғазизқызы 1954 жылы 13 наурызда Орал қаласында дүниеге келген. 1977 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша бітіріп, жоғары білім алып шыққан соң, бұрынғы Жалпақтал, қазіргі Казталов ауданының Көктерек орта мектебінде аға пионер-вожатыйы, мұғалім болып еңбек жолын бастады.

Мектеп қабырғасында жүрген оқушы кезінен аудандық газетке өлеңдері жариялана бастаған. Он жеті жасында тұңғыш рет облыстық айтысқа қатысып, жеңімпаз атанып, сол жолы оған «Облыс ақыны» деген құрметті атақ берілді. Ауыл өмірінің көркеюіне үлес қосып, қоғамдық, мәдени шараларға белсене араласты. Өзінің өскен ауылы Кировтағы сегізжылдық мектепте еңбек еткен жылдары (Қазіргі Казталов ауданы, Саралжын ауылы) «Қарлығаш» эстрадалық жастар ансамблін, драма үйірмесін, оқушылардың домбыра оркестрін құрып, ауыл балаларын көптеп өнерге баулыса, Көктерек ауылдық клубының меңгерушісі болған жылдары да өнерлі жастарды жанына жиып, жемісті еңбек етті. Аудандық, облыстық газет редакциясында журналист болып, партия-кеңес органдарында лауазымды қызмет атқарды. Жалпақтал аудандық «Қазақ тілі» қоғамын басқара жүріп, көптеген келелі іске қозғаушы болды.

Республикадағы алғашқы наурыз айтысына қатысып, Әселхан Қалыбекова, Қатимолла Бердіғалиевтермен қатар бірінші жүлдені жеңіп алды. Торғайлық Қонысбай Әбіловқа тізе бүктірген, Баянғали Әлімжанов, Серік Құсанбаев, Әзімбек Жанқұлиев, Шорабек Айдаров ақындармен үзеңгі қағыстырып, жұртшылыққа әдемі әзіл айтыстар сыйлаған. Шолпан Қыдырниязовамен қайым айтысы, Александр Қауеновпен қыз бен жігіт айтыстары да ел аузында. Дариға Мұштанова – Теректі ауданы, Подстепный ауылындағы республикаға танымал, алдыңғы қатарлы «Үміт» лингвистикалық гимназиясының іргесін қалап, негізін салушы. 2001-2016 жылдар аралығында аталған оқу орнының директоры болып қызмет атқарып, білім ошағын облыстағы, республикадағы маңдайалды майталмандар қатарына алып шықты.

Дариға Ғазизқызы сонымен бірге ұжымның іскерлігін арттыруға, әр ұстаздың шығармашылықпен жұмыс істеуіне үлкен көңіл бөлді. Олардың шығармашылық өсуіне барлық жағдайды жасады. 2005 жылы Дариға Ғазизқызы Астана қаласында өткен Республикалық мұғалімдер форумына қатысты. 2006 жылы Алматы қаласында өткен ІІІ мұғалімдер съезінің, 2011 жылы Астанада өткен әйелдер съезінің делегаты болып сайланды. Д.Мұштанова Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен», ҚР мәдениет саласының үздігі, «Қазақстан Республикасының Құрметті білім қызметкері» белгісімен, «Ы.Алтынсарин» медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» "Тәуелсіздікке 25 жыл" мерекелік медальдарының иегері. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Есімі, өмір жолы "Батыс Қазақстан облысының энциклопедиясына" енгізілген.

Әдебиеттер

Д.Мұштанова. «Адамның жаны бір жұмбақ» (2001 ж.)

«Өмір – арна» (2004 ж.),

 "Қос қанат" ("Жылама, жырла, Жайығым" 2010 ж.)

 «Үміт жетелеген бес жыл» (2005 ж.)

"Үміт" атты бір ел бар... " (2015 ж.)

 "Аңыз болған абысындар" (2018 ж.)

"Әз ғұмыр" (2019 ж.)

****

 

 

Қайырғазы Имашев

(1924ж.т., Казталов ауд.) соғыс ардагері, Даңқ орденінің толық иегері. 19472 жылы әскер қатарына шаұырылып, 110 –гвардиялық атқыштар полкі  құрамында Орталық және Беларусь майдандарына қатысқан 2 дәрежеліОтан соғысы ордені, 3Даңқ орденімен, медальдарымен марапатталған.

 

Дәулетиярова Балдай Садырқызы

1939 жылы 29 шілде жалпақтал ауылы, Балықты ауылында дүниеге келген. Білімі 4 сыныптық. Сталин, Ақкөл савхоздарында (1957-66), Қараөзен совхозында аға шопан болып еңбек еткен (1966-1976). 1976 жылы зейнеркерлікке шыққанға дейін әртүрлі жұмыстар атқарған. «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.

Абулхатин Махамбет Насырұлы

1949 жылы 2 қыркүйек Казталов ауданында дүниеге келген. Казталов ауылының орта мектебін бітірген соң (1967), Алматы қаласында Қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылығы институтын бітіріп, ограном мамандығын алды. Орал қаласында «Каззапгиппроводхоз», Ленин атындағы колхозда, аудандық өсімдік қорғау басқармасында бас агроном (1972-86), Бостандық совхозының директоры (1987-90), аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бас араномы (1990-98), бөлім меңгерушісі  (1998 ж. бері)  қызметтерін атқарып келеді. «Құрмет белгісі» орденімен (1984), бірнеше медальдармен марапатталған.

 

 

Қабиева Баян Құбайқызы (1954)

Қабиева Баян Құбайқызы 1954 жылдың 14 қыркүйегінде Қарасу ауылында дүниеге келген. Кішкентайынан әнші,актриса болуды армандайды.1971 жылы Фурманов орта мектебін бітіріп,арман жетегімен Алматы қаласына барады . Содан эстрадалық студиясының Ғ.Құрманғалиев класында оқып дәріс алған. Ол кезде Жүсіпбек пен Ғ.Құрманғалиев екеуіде студияда жұмыс жасаған. Сол кездегі жас өнерпаз Баянға ұстаздары Жүсіпбек Арқаның,ал Ғарекең Батыстың әндерін орындауды үйреткен.Сөйтіп,таңдаған оқу орнын тәмәмда- ған ол алғаш еңбек жолын Жас ауылында 1975 жылы ашылған сегізжылдық мектептен бастаған.

Баян Құбайқызы оқушыларға ән айтуды,күй тартуды үйрете жүріп,ұстаздардан үгіт бригадасын құрып,малшы-шопандар ауылын аралап концерт,пьессалар қоюды да ұйымдастырған.Осы аталған мектептен 1988 жылы өнерге шыңдалып шыққан ұстаздың шәкірті Жібек екеуі Қаратөбеде өткен ақын,әншілер айтысына қатысып,екеуі де жарыс жеңімпазы болды. 1990 жылы Жалпақталға келген Б.Қабиева терме сыныбын ашып, оқушылар ға дәріс берді.Өнер жолындағы ұстаздың еңбегі бағаланып, оған «ҚР Халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағы берілді.Ол өз жанұя- лық ансамблін құрып,талай рет сахнада өнер көрсетті. «Баянның әндері-ай» атты кітабы да басылып,жұртшылыққа таралды.Сондай-ақ 30-дан аса табиғат,махаббат,туған жер туралы әндері да бар.

1. Қажиақпарова Б.
 Өнерімен елге сыйлы ұстаз.[Баян Қабиева туралы]// Ауыл айнасы.-  2007.-№46.-18 қазан.-2 б.
2. Ғазизқызы Ғ.
Ақбаян десе,Ақбаян. // Ауыл айнасы.-2004.№44.-18 қазан.-2 б.
3. Мұштанова Д.
Жалпақталдың Баяны.[Б.Қабиеваға арналған өлең] // Ауыл айнасы.-2004.-№44.-18 қазан.-2 б.
4. Абилов Қ.
Өнерлі жанұя-өнегелі ұя [Б.Қабиеваның отбасы туралы] // Ауыл айнасы.-2009.-№16-17.-13 сәуір .-1 б.
5. Ақмурзин Т.
Бас жүлдемен оралып,Германияға жолдама алды[Б.Қабиеваның оқушыларының жүлдесі] //Ауыл айнасы.-2013.-№16.-12 сәуір.-5 б.
6. Қайырғалиұлы Т.
Биікті бағындырған өнерпаздар [Б.Қабиеваның оқушылары бас жүлде алғандығы туралы] // Ауыл айнасы.-2014.-№13.-4 сәуір.-4 б.
7. Карабалин М.
Өнермен өрілген өмір[Ерен еңбегі үшін медалінің иегері Б.Қабиева туралы] // Ауыл айнасы.-2014.-№13.- 4 сәуір.-4 б.
8. Ақмурзин Т.
Жалпақталдың «ақ Баяны» [ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық иегері Б.Қабиева туралы] // Ауыл айнасы.-2014.-№1.-1 қаңтар.-3 б.

Қабиболла Қабенұлы Жақыпов

(16 қыркүйек 1949 жылы туған, Казталов ауданыБатыс Қазақстан облысы) — мемлекеттік қызметші, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің төрағасы, техника ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын аудандық байланыс торабының электромонтері ретінде бастаған.

1972 жылы Ақмола инженерлік-құрылыс институтын бітірген.

1972 жылдан аудандық құрылыс мекемелерінде прораб, инженер, бас инженер, «Оралұжымшарқұрылысы» тресінде бас инженер.

1979 жылдан Орал қалалық, кейін аудандақ партия-кеңес орындарында еңбек етті.

1991-1992 жылдары Орал қалалық атқару кеңесінің төрағасы

1992-1993 жылдары Орал қаласының әкімі

1993-2000 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі

2000 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрінің бірінші орынбасары болып тағайндалды.

2003 жылдан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатындағы өкілі.

2007 жылдан – төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

2012 жылдың қаңтар айынан бастап – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халық-тық-Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

2012 жылдың қыркүйегінен – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып сайланды.

2014 жылдың 3 сәуірінен бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды.

Марапаттары

«Құрмет» (1999)

«Парасат» (2009)

II дәрежелі Әулие Даниил ордендерімен марапатталған.

ҚР Құрметті құрылысшысы.

Үйленген. Жұбайы - Жақыпова Баян Сейсенқызы (1949 жылы туған). Ұлдары - Жақыпов Жаслан (1974 жылы туған), Жақыпов Аслан (1977 жылы туған). Немерелері - Темірлан (1998 жылы туған), Ерлан (2001 жылы туған), Алан (2002 жылы туған), Дана (2004 жылы туған), Мәдина (2007 ж.т.), Лаура (2008 ж.т.).

Меңдәлиев Кенжебек

  Меңдәлиев Кенжебек (1914, бұр. Жымпиты ауд., Қаратөбе а. – 1985, Казталов ауд., Жалпақтал а.) – қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері (1971).Орал ауыл шаруашылық техникумын бітірген. Еңбек жолын 1934 ж. механизаторлықтан бастаған. Ол Батыс Қазақстан облыстық кеңесі атқару комитеті мен облыстық партия комитетінде нұсқаушы (1938 – 41), Қазақстан КП Орал облыстық комитетінде сектор меңгерушісі қызметін атқарды (1941 – 47), Орда және Чапаев ауданында партия комитетінің (1947 – 62), Жалпақтал аудандық партия комитетінің 1 – ші хатшысы (1962 – 78). Екі рет «Ленин» және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған. Екі рет Қазақ ССР-і Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланды. 30 жылдан астам Қазақстан Компартиясы Орал облыстық комитетінің мүшесі және облыстық Советтің депутаты болды. Жалпақтал орта мектебіне М. есімі берілген, сондай-ақ М. есімімен аталатын көше бар.

Шынтемірова Баян Ғаббасқызы

  Шынтемірова Баян Ғаббасқызы (1949 ж.т., Казталов ауд., Бостандық а.) – ғалым-ұстаз, тарих ғылымдарының докторы, профессор (1998). 2000 жылдан Ресей Федерациясының әлеуметтік-педагогикалық ғылым академиясының корреспондент – мүшесі. А.Оразбаева атындағы орта мектепті бітіріп (1966), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түсіп, 1971 ж. аяқтаған соң Орал педагогикалық институтына «КСРО тарихы» кафедрасына оқытушылық жұмысқа қабылданды. «Саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы, доценті міндеттерін атқарды (1989-90). Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанынан ашылған гуманитарлық-экономикалық институтының ректоры (1998), 2000 жылдан Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы ректоры және осы оқу орнының дамыту бойынша бас менеджері. Ш.-ның ғылыми жұмыстарының нәтижелері 100-ден астам еңбектерінде республикада және шетелдерде жарық көрген. «ҚР білім беру ісінің үздігі» (1997), «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2004), «Ы.Алтынсарин» (2007) атындағы медальдармен марапатталған.