КЕНЖАЛИЕВ ИСАТАЙ НӘСЕКЕНҰЛЫ
(1927-2011)
Исатай Кенжалиев саналы ғұмырын
жерінің тарихын зерттеу арқылы халқымыздың ұлт,
этнос ретінде қалыптастыру кезеңдерін
ашып көрсеткен тарихи тұлға
Серік Жапақов
Белгілі тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты И.Кенжегалиев көп жылдар бойы Қазақстан тарихын зерттеген ғалым.
Кенжегалиев Исатай Несекенұлы 1927 жылы 10 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Казталовка ауданының Берекелі бөгетінде дүниеге келген. Оның балалық кезеңі соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді. Исатай Нәсекенұлы елдегі қиын жағдайға қарамастан алғыр да зерек бала болып өсіп, еңбекте де ересек адамдармен қатар бірге жүрді.
И.Кенжалиевтің өз қолымен толтырылған өмірбаянында көрсеткендей, әкесі – Насиболла Кенжалиев ауылда ұстаз, ал анасы – Уабила қарапайым, алайда көзі ашық, көкірегі ояу адам болған. Әкесінің жұртшылықта болуы, бала тәрбиесін толықтай анасының қолына алуына себеп болды. Ұлынан білімділік пен біліктілікті талап еткен анасы Уабила көзі көріп, қолына түскен кітаптарды ұлына әкелетін, ондағы ойы баласының білімді болуына көмектесу . Осылайша, болашақ ірі тұлға ретінде қалыптасуына алғашқы түрткі болған ол ата-анасы.
Исатай Нәсекенұлы 1935 жылы орыс мектебінде оқи бастап, 1937 жылы Казталовкада жалғастырады. 1942 жылы Әжібай қонысында 7 класс бітіріп шығады да, Киров колхозына жұмысқа орналасады.
Соғыс аяқталған кезде оқуын аяқтауға тырысқан Исатай Нәсекенұлы 10-шы сыныпқа оқуға түседі. Үзіліп барып жалғасқан оқу арнасын тауып, мектепті үздік бітіріп, 1947 жылы Орал педагогикалық институты тарих факультетіне қабылданды. Оқу қадірін біліп, жасы ересек тартып барып қолы жеткен студенттік жылдарды да барынша мазмұнды, жемісті өткізуге тырысты. 1951 жылы оқуын тҽмҽмдап, өзінің туған жеріне жұмысқа орналасады. Казталовкаға оралған Исатай Нәсекенұлының еңбек жолы өзі оқып шыққан орта мектебінде инспектор қызметінен басталды. Богатырев ауылында мектеп директоры болып қызмет атқарғаны да бар. Құрылыс материалдарының тапшылығы кезеңінде мектеп салып, үлкен ерлік жасағандай болды. Исатай Нҽсекенұлының еңбегін ескерген ауыл парткомы оған аспирантураға жолдама береді. 1954 жылы Алматыға келіп, бірден аспирантураға түсе алмаған тарихшы, елге бірден қайтпады. Нарынкөл ауданының Сарыжаз орта мектебінде қызмет етеді, бір жағынан аспирантураға түсуге дайындықты қолға алады .
1955-1958 жылдар аралығында Алматы қаласындағы облыстық оқу бөлімінде, яғни мұғалімдердің біліктілігін арттыру иститутында тарих кабинетінің әдістемелік меңгерушісі қызметін атқарады. 1958 жылы Алматы қаласының Фрунзе ауданының №60 мектебінде директорлық қызмет атқарып, 1959 ж Ленин ауданының №70 орта мектебіне тарих пәнінің мұғалімі қызметіне ауысады. Ал, 1960 жылы ол кезде С.М.Киров есімімен аталған қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне аспирантураға түсіп, 1964 жылы аталған жоғары оқу орнының тарих факультетінің толық курсын тарих мамандығы бойынша жақсы жҽне үздік бағалармен бітіріп шығады. Сондай-ақ,
1970-1975 жылдар аралығында тарихшы Исатай Нәсекенұлы Ауыл шаруашылық институтының сырттай бөліміне түсіп, «ауыл шаруашылық өндірісінің экономист-ұйымдастырушы» мамандығын алып шығады.
Тарихшы ғалымның әр жылдардағы жазылған еңбектерімен таныса отырып, Исатай Нәсекенұлының өлке тарихы туралы еңбектерінің кеңестік дәуірден бастау алғанына көз жеткізуге болады. Кеңестік дҽуірдің сонау 70 жылдарынан Исатай-Махамбет көтерілісін, Бөкей Орда тарихын зерттеумен айналысып, содан 30 жылдай үзбей зерттеп Отандық тарихқа өзіндік үлес қосқаны сөзсіз.
Тарих ғылымдарының докторы Х.М.Әбжанов «Тұлғасыз тарихтың шығыршығы айналмайды» дегендей, Отандық тарих ғылымының дамуына үлес қосқан, мемлекетімізде орын алған келелі мәселелерді шешуде жетекші рөл атқарғанын ескере отырып, Исатай Нәсекенұлы Кенжалиевті Батыс Қазақстан интеллигенциясының ірі қайраткерлерінің бірі екеніне көз жеткіземіз.
Кітапхана оқырмандары тарихшы ғалымның әр жылдардағы жазылған зерттеу еңбектерімен таныса отырып, Исатай Кенжеалиевтің өлке тарихы туралы, кеңестің дәуірдің сонау 70 жылдарынан Исатай-Махамбет көтерілісін, Бөкей орда тарихын зерттеумен айналысқан еңбектеріне, деректерге тоқсталып, баяндайды.