Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Оралбай Сатуов

satuОралбай Сатуов –ақын,1947 жылы 4 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Мирон ауылында (Богатырево) дүниеге келген. 1952 жылдан 1961 жылға дейін Кошанкөл ауылында тұрған. Орал қаласындағы 11- ші қазақ орта мектеп – пансионын бітіргеннен кейін, 1966 жылы Алматы медицина институтына түсіп, оның емдеу факультетін бітірген. Одан бергі жарты ғасыр уақыт ішінде медицина саласында Оралда,

Алматы облысындағы Қаскелең қаласында, Іле ауданында дәрігер, бас дәрігердің орынбасары, жедел жәрдем көрсету мекемесінің бас дәрігері болып қызмет істеген. 2001 жылдан бері туып –өскен Орал қаласына оралып, медицина колледжінде психиатрия, неврология, терапия, ЛОР (құлақ, тамақ, мұрын аурулары) пәндерінен сабақ беріп келеді. « Жыр –шипа», «Аққулар –ай», «Темірқазық», «Ақжайық, әсем Оралым» атты өлең кітаптары басылып шықты. Жиырма шақты өзі ән шығарған өлеңдерінің кейбіреуі «Қазақ радиосында», теледидарда орындалып жүр.