Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Мұқанов Сағынғали

raxmatullinnМұқанов Сағынғали– журналист, айтыскер, ақын, педагог, 1928 жылы 15 қазанда Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылында дүниеге келген.Жалпақтал ауылының құрметті азаматы. Еңбек жолын 1941 жылы шопандықтан бастаған. Ауылшаруашылығының әр саласында, кәсіподақ, мәдениет, партия,

кеңес, комсомол ұйымдарында жұмыс істеді. 1968 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық газет редакторының орынбасары болды. Жергілікті халық театрының құрылуына атсалысты. 1959 жылы ақындар айтысында «Облыс ақыны» атанды. «Еңбек туы» жинағына топтама өлеңдері енді. Бүкілодақтық байқаулар мен фестивальдардың 3 рет лауреаты атанып, медальдармен марапатталған.