Мұқанов Бейбіт Сағынғалиұлы– өлкетанушы, 1962 жылы 4 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауылы, Жаңажол елді мекенінде дүниеге келген. 1980 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1986 жылы «Сурет,сызу, еңбек пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Фурманов орта мектебінің сурет, бейнелеу өнері, еңбек пәндерінің мұғалімі, Фурманов аудандық білім беру бөлімінің инспектор- методисі, Жалпақтал аудандық «Өнер» мектебінің директоры, К. Меңдалиев атындағы ОЖББ мектебі жанындағы «Өнер» мектебінің оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Фурманов орта мектебінде ұстаздық қызмет ете жүріп, сабақтан тыс өлкетану, туризм үйірмелерін жүргізіп, нәтижесінде Республикалық «Тірек мұражайына» айналдыра білді. 1991 жылы аудандық балалар өнер мектебінің (құрамында Ақпәтер, Көктерек,Сарықұдық елді мекендерінде) филиалдарының ашылуына атсалысып, Республика көлемінде Көркемсурет мектептері мен Өнер мектебіне жеке авторлық бағдарлама қарастырып, алыс – жақын шетелдерге таратылды. 1993 жылы Облыстық Білім басқармасының шешімімен Б.С.Мұқановтың «Облыстық атаулы өнер мектебі» атағы берілді.1995 – 1996 жылдары БҚО, тіпті Республика көлемінде нарықтық экономиканың қыспағына түсіп, түгелге жуық «Саз» және «Өнер» мектептері жабылып жатқан уақытта Ақпәтер және К.Меңдалиев атындағы эстетикалық бағыттағы арнаулы орта мектептерінің жеке авторлық бағдарламасын ұсынып, нәтижесінде «Эстетикалқ бағыттағы арнаулы орта мектебі» лицензиясы табыс етілді. 2004 жылы Республикалық байқаудың Облыстық кезеңі «Дарыңды балалар үшін ғылыми жобалар» сайысының жеңімпазы, 2010 жылы Астана қаласының Республикалық ғылыми баспасынан «Сердце отданное детям» атты жинағына мұражай жетекшісі ретінде және 2011 жылы Орал қаласынан жарық көрген « Ұстазым менің ұстазым» атты аудандық энциклопедиясына енгізілді. 2012 жылы Облыс Әкімінің Алғыс хатына, Облыстық Білім басқармасы және Облыстық Мәдениет басқармасының Мақтау грамотасымен марапатталды. Облысымызда Оскар жүлдесі атанып кеткен «Хрустальді шоқыр» белгісінің иегері, «Ұлт мақтанышы», «Мәдениет пен өнерге сіңірген еңбегі үшін», «Бейбітшілік әлемі», «Алаш ұстазы», «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына қосқан үлесі үшін», «Бақытты елдің ұрпағы», ҚР Білім беру ісінің үздігі, Халықаралық қолөнершілер одағының мүшесі, ҚР Президентінің «Ерен еңбегі» медалінің иегері.