Карабалина Сәуле Зайдағалиқызы – Журналистер Одағының мүшесі, 1963 жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Әжбай ауылында дүниеге келген. 1987 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану бағытында география факультетін бітірген. 2020 жылы
М.Өтемісов атындағы БҚМУ– нің «Мәдениет және өнер» факультетін «Режиссер» мамандығы бойынша бітірген. С.Карабалина еңбек жолын аудандық Пионерлер үйінің директорынан бастап, білім саласында инспектор, әдіскер, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, кейін аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, аудан әкімшілігінің референті қызметтерін атқарған. 2004-2009 жылдар арасында Казталов аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, 2009 жылдан бастап күні бүгінге дейін БҚО мәдениет басқармасының ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келеді. 2013 жылы Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, 2015 жылы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» және «Қадыр Мырза Әлі» және тағыда басқа мерекелік мадальдарымен наградталған.