Бердіғалиева Лаура Әдиетқызы– кітапханашы, 1968 жылы 14 мамыр айында Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданында Бердіғалиев Әдиет пен Тұқпатова Ұлпаттың жанұясында дүниеге келген тұңғыштары. 1975 жылы Қайыңды орта мектебінің 1- сыныбына Елеусінов Талип ағайдың оқушысы болып қабылданған.1985 жылы Алма Оразбаева атындағы Казталов орта мектебін бітірген.1986 жылы Орал мәдени- ағарту училищесінің кітапхана ісі бөліміне оқуға түсіп 1988 жылы бітіріп,
Қараоба ауылдық кітапханасында еңбек жолын бастаған. 1999 жылы Орал қаласындағы «Дәулеткерей» атындағы Өнер институтының «библиограф-кітапханашы» бойынша мамандығын жетілдіріп,жоғары білім алған. Қараоба ауылдық кітапханашысы болып, 35 жылдан беріеңбек етіп келеді. 35 жыл еңбек жолында Қараоба ауылының мәдени тарихына өзіндік үлесін қосқан. Облыстық Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана өткізген «Жұбан шығармаларын насихаттау» әдістемелік құралдар байқауы қорытындысы бойынша «қабілеті мен белсенділігі үшін» алғыс хатпен, 2013 жылы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталған.Облыстық Х.Есенжанов атындағы балалар кітапханасы үйымдастырған «Ақжайық оқырман отбасы -2014» оқырмандар байқауында Қараобалық Сұпығалиевтар отбасы облыста бас жүлдеге ие болып, «Читающий Оренбуржья» байқауына Орынбор қаласына барып қатысып, дипломант атанып, дипломмен марапатталып, толыққанды оқырман отбасы мәртебесімен ақшалай сыйлыққа ие болды. ҚР Конституциясының 20 жылдық мерекесіне орай мерекелік награда «ҚР Конституциясына -20 жыл» медалімен марапатталды. 2015 жылдың жыл қорытындысы бойынша «Үздік мәдениет қызметкері» атанып,аудандық үздіктер тақтасына фотосы ілінді. Облыстық «Ж.Молдағалиев» кітапханасы 2014 жылы жинақтап шығарған «Көңіл көктемі» кітабына өлеңдері шыққан. Кітапханашылардың кәсіби мерекесіне күні «Халыққа қызмет көрсетуде» оқырман алғысына бөленгені үшін 2015 жылы облыстық «Ж.Молдағалиев» атындағы кітапхана директорының алғыс хатымен марапатталды. 2022 жылдың желтоқсан айында «Қазақстанның Құрметті Кітапханашысы» деген төсбелгі алған.