Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Рахматуллин Ұзақбай Құмаұлы

 

raxmatullinРахматуллин Ұзақбай Құмаұлы- 1943-ші жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Көкәт ауылдық кеңесінде қарапайым отбасында өмір есігін ашқан. 1963-ші жылы Жаңақазан ауылындағы С. М. Киров атындағы орта жалпы білім беретін мектебін аяқтаған. 1963-67 жылдары А. С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын тәмамдап, "Қазақ тілімен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім алған. Еңбек жолын 1967-ші жылы Фурманов ауданы, Қараөзен сегіз жылдық мектебінің мұғалімі болудан бастады.

1967-68 жылдары Фурманов аудандық" Коммунист" газетінің меншікті тілшісі, 1968-69 жылдары Қазақстан ЛКЖО Фурманов аудандық комитетінің нұсқаушысы, 1969-70 жылдары Фурманов аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1979-73 жылдары Фурманов аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1973-83 жылдары Фурманов ауданы, "Қараөзен" қой кеңшарының партком хатшысы, 1983-84 жылдары Фурманов аудандық "Коммунист" газеті редакциясының ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, 1984-86 жылдары Алматы жоғары партия мектебінің тыңдаушысы, 1986 жылы Жаңақала аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1986-92 жылдары Жаңақала аудандық "Жаңарған өңір" газетінің редакторы, 1992-2000 жылдары Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етті. КСРО және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, "Еңбектегі ерлігі үшін" медалінің иегері. 2001-ші жылы Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылында қайтыс болды. Шығармашылық еңбектері 2004-ші жылы "Ізгі жүрек әуендері" деген атаумен кітап болып басылды. Ұ. Рахматуллинді мәңгілік ел есінде қалдыру мақсатымен Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылындағы көшелердің біріне есімі берілді.