Жазбаев Темірғали Тілепбергенұлы (1938 - 2004) Фурманов ауданы, Талдықұдық ауылдық кеңесіне қарасты Таскүтір ауылында дүниеге келген. 1960 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының тарих және филология факультетін, кейін 1971 жылы Алматы жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін бітірген.
Еңбек жолын 1961 жылы Орал облысы Фурманов ауданы, Пятимар орта мектебінің мұғалімі болудан бастады. 1961 – 1965 жылдары Қазақстан ЛКЖО Фурманов аудандық комитетінің бірінші хатшысы, 1965 жылы Фурманов аудандық «Коммунист» газеті редакциясының хат бөлімінің меңгерушісі, газет редакторының орынбасары, 1969 – 1971 жылдары Алматы жоғары партия мектебінің тыңдаушысы, 1971 – 1997 жылдар аралығында Фурманов аудандық «Коммунист», Жалпақтал аудандық «Жалпақтал өңірі» газеттерінің редакторы болып, ширек ғасырға жуық уақыт абыройлы жұмыс жасады. 2004 жылға қаңтар айында Атырау қаласында өткен Республика журналистерінің III Конгресінде біздің облысымыз бойынша мақтаулы үш журналистің бірі болып, Дариға Назарбаеваның қолы қойылған Мақтау қағазы және ақшалай сыйлыққа ие болды.