Ахметқалиев Тасқали Ахметқалиұлы
1927 жылы Жалпақтал ауданы Төртпішен ауыл совтінде дүниеге келген.Жұлдыз 7 кластық мектепте 2 жылдық білім алған. 14 жастан еңбекке араласты.Яғни 1942 жылы 1 мамырда Пятимар ауылындағы жылқы заводында жұмыс істеген.Содан 1952 жылы 8 табында бригадир болып жұмыс істеген.1955 жылы Керейге ауысты. 1962 жылдың күзінде «Кіндік бидайық» деген жерде жылқы баққан.1962 жылы 8 қыркүйекте отбасылық жағдайына байланысты Жұлдыз ауылына көшіп келген.1968 жылға дейін жылқы бақты.1968 жылдан 1984 жылға дейін рабкоопта дайындаушы болып жұмыс істеді.1987 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты.
1947 жылы «За доблестный труд в великой отечественной войне 1941-1945»,1988 жылы 15 шілдеде «Еңбек ардагері» медалі белгісімен марапатталған. Қолы бос уақытында өлең жазумен айналысқан. Ақындар айтысына қатысып,көзге түсіп,ел алғысына бөленді. Өлеңдері аудандық газет беттерінде жарық көрді.1970 жылы В.И.Лениннің100 жасқа толуына орай өткізілген айтыста тапқырлығымен,суырып салма ақын екенін көрсетіп көзге түскен Ахметқалиев Тасқалиға «Облыс ақыны» атағы берілді. Т.Ахметқалиев С.Мұқанов, С.Бисенғалиев, Ұ.Махатов т.б. ақындармен айтысты