Нағымов Нығмет 1928 жылы Казталов ауданы Мереке ауылында дүниеге келіп 1984 жылы қайтыс болған. Белгілі суырыпсалма айтыскер ақын, айтыс өнерінің от ауызды қайталанбас жарық жұлдызы. Казталов ауданының Тереңкөл кеңшарында кадр бөлімінің инспекторы, ауданның «Коммунизм жолы» газетінде тілші қызметін жауапкершілікпен атқарған. 1958 жылы 12 рет айтысқа қатысып, азулы Ғ.Көшенов, С.Қалиев, К.Балабаев, Ғ.Дүйсенов, С.Мұқанов секілді серке ақындармен айтысып жеңіске жеткен. Жары Үміт мұғалім, төрт қыз бен бір ұл тәрбиелеген.
Анасы Ғазиза Дәулетова табан астынан өлең шығаратын, қоңыр дауысымен ән салатын жан болған. Нығмет Нағымовтың бір кіндіктен туған Сұлуқия деген қарындасы болды. 1967 жылы облыс ақындар айтысында І-дәрежелі дипломмен марапатталып, «Облыс ақыны» атанды. 1977 жылы облыс ақындар айтысының жеңімпазы болды. Нығмет Нағымовтың шәкірті ауданымыздың айтыскер ақыны Қатимолла Бердіғалиев. Нұрсай ауылында бір көше Нығмет Нағымовтың есімімен аталады.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Меңешев Е.
Нығмет мықты ақын еді...[Ақын Н.Нағымовты еске алу]// Орал өңірі.-2008.-21 ақпан.-10 б.
- Ғұбашев З.
Айтыс өнерінің қайсары.// Ауыл айнасы.-2015.-1 қаңтар.-4 б.
- Ғұбашев З.
Сөзі өмірдің оғындай // Орал өңірі.-2009.-2 сәуір.-14 б.
- Ғұбашев з.
Мен білетін Нығымет // Орал өңірі.-2006.-№28.-3 шілде.
- Болат Ә.
«Тентек ақын» Нығымет Нағымов.// Ауыл айнасы.-2017.-№13.-31 наурыз.-7 б.
- Болат Ә.
«Нықан айтқан» [Суырып салма ақын Н.Нағымов туралы]// Ауыл айнасы.-2016.-№26.-24 маусым.-7 б.
- Аймуханова Г.
Өз алдына ел болғанын көреміз бе...?[Ғ.Қарашқа Қараоба ауылынан ескеркіш ашылды]// Ауыл айнасы.-2005.-№53.-26 желтоқсан.-2 б.
- Әбішев У.
От ауызды,орақ тілді ақын Нығмет [Н.Нағымовтың 80 жылдығына орай] // Ауыл айнасы.-2009.-№16-17.-13 сәуір.-3 б.