Қабиева Баян Құбайқызы 1954 жылдың 14 қыркүйегінде Қарасу ауылында дүниеге келген.Кішкентайынан әнші,актриса болуды армандайды.1971 жылы Фурманов орта мектебін бітіріп,арман жетегімен Алматы қаласына барады . Содан эстрадалық студиясының Ғ.Құрманғалиев класында оқып дәріс алған. Ол кезде Жүсіпбек пен Ғ.Құрманғалиев екеуіде студияда жұмыс жасаған. Сол кездегі жас өнерпаз Баянға ұстаздары Жүсіпбек Арқаның,ал Ғарекең Батыстың әндерін орындауды үйреткен.Сөйтіп,таңдаған оқу орнын тәмәмда- ған ол алғаш еңбек жолын Жас ауылында 1975 жылы ашылған сегізжылдық мектептен бастаған.
Баян Құбайқызы оқушыларға ән айтуды,күй тартуды үйрете жүріп,ұстаздардан үгіт бригадасын құрып,малшы-шопандар ауылын аралап концерт,пьессалар қоюды да ұйымдастырған.Осы аталған мектептен 1988 жылы өнерге шыңдалып шыққан ұстаздың шәкірті Жібек екеуі Қаратөбеде өткен ақын,әншілер айтысына қатысып,екеуі де жарыс жеңімпазы болды. 1990 жылы Жалпақталға келген Б.Қабиева терме сыныбын ашып, оқушылар ға дәріс берді.Өнер жолындағы ұстаздың еңбегі бағаланып, оған «ҚР Халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағы берілді.Ол өз жанұя- лық ансамблін құрып,талай рет сахнада өнер көрсетті. «Баянның әндері-ай» атты кітабы да басылып,жұртшылыққа таралды.Сондай-ақ 30-дан аса табиғат,махаббат,туған жер туралы әндері да бар.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қажиақпарова Б.
Өнерімен елге сыйлы ұстаз.[Баян Қабиева туралы]// Ауыл айнасы.-2007.-№46.-18 қазан.-2 б.
2. Ғазизқызы Ғ.
Ақбаян десе,Ақбаян. // Ауыл айнасы.-2004.№44.-18 қазан.-2 б.
3. Мұштанова Д.
Жалпақталдың Баяны.[Б.Қабиеваға арналған өлең] // Ауыл айнасы.-2004.-№44.-18 қазан.-2 б.
4. Абилов Қ.
Өнерлі жанұя-өнегелі ұя [Б.Қабиеваның отбасы туралы] // Ауыл айнасы.-2009.-№16-17.-13 сәуір .-1 б.
5. Ақмурзин Т.
Бас жүлдемен оралып,Германияға жолдама алды[Б.Қабиеваның оқушыларының жүлдесі] //Ауыл айнасы.-2013.-№16.-12 сәуір.-5 б.
6. Қайырғалиұлы Т.
Биікті бағындырған өнерпаздар [Б.Қабиеваның оқушылары бас жүлде алғандығы туралы] // Ауыл айнасы.-2014.-№13.-4 сәуір.-4 б.
7. Карабалин М.
Өнермен өрілген өмір[Ерен еңбегі үшін медалінің иегері Б.Қабиева туралы] // Ауыл айнасы.-2014.-№13.- 4 сәуір.-4 б.
8. Ақмурзин Т.
Жалпақталдың «ақ Баяны» [ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық иегері Б.Қабиева туралы] // Ауыл айнасы.-2014.-№1.-1 қаңтар.-3 б.