Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Досқалиев Мектеп (1920)

Досқалиев Мектеп - белгілі айтыс ақыны Батыс Қазақстан облысының, Жалпақтал ауданы, Балықшы ауылында 1920 жылы дүниеге келген. 1939 жылы Казталов аулының Алма Оразбаева атындағы орта мектебін мақтау қағазымен бітірген. Мектеп Досқалиев мектепте оқып жүрген кезден бастап өлең жазумен шұғылданған. Аудандық, облыстық ақындар айтысының жүлдегері. Өлеңдері аудандық, облыстық газет беттерінде жарияланып отырылған.

Мектеп Досқалиев 1958 жылы алғашқы облыстық ақындар айтысына қатынасып, Чапаев ауданының ақыны Хамидолла Қыдыровпен айтысты. Сол жылы «Облыс ақыны» деген үлкен құрметті атақ алды. Мектеп аға жас талапкерлерді бауырына тартып, олардың шыңдалуына, қанатының қатарына үнемі қамқорлық көрсетіп отырды. Мектеп Досқалиев еңбек демалысына шыққанға дейін облыс аудандарында аудандық ішкі істер бӛлімін басқарды. Мектеп аға өзінің өлеңдерінде туған өлкені, еңбек тынысын, халықтың қалаулы ұлдары мен қыздарын жырлады. Алғашқы айтысқа қатысқан өлеңдері 1958 жылы Ақындар үні атты жинаққа енді. Ал ақынның «Сол бір дәурен» атты өлеңдер жинағы қалалық Дастан баспасынан 1997 жылы жарық кӛрді. Мектеп ағамыздың көптеген өлеңдері оқырмандар жадында айтылып жүр.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Досқалиев Мектеп: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы,2010.-231 б.
2. Досқалиев Мектеп: өмірдерек // Айтыстың аясында ару Жайық:облыстық ақындар айтысына 40 жыл.-Орал,1998.-8 б.
3. Досқалиев М. Сол бір дәурен: өлеңдер.-Орал, 1997.-72 б.
4. Досқалиев М. Шыңдалған жыр семсері: өлеңдер, толғаулар мен поэмалар.-Алматы, 2008.-200 б.