Ғаббасов Энгельс 1937 жылы Казталов ауданы Жалпақтал тауылында дүнигене келген жазушы, филолог, ғылым кандидаты(1976), доцент (1978). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері(2001) . 1957 жылы Орал пед. институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін бітірген. 1966 жылы Алматы жоғарғы партия мектебінің журналистика бөлімшесін бітірген. Ғаббасов Энгельс ауылдық мектепте мұғалім, партия және қоғамдық ұйымдардың қызметкері болды. Жоғарғы оқу орынында сабақ берді. 1995 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының және халықаралық «Пен-клуб» жазушылар ұйымының мүшесі. Екі рет ҚР (1996,1997) Парламентінің депутаты болып сайланған, Батыс Қазақстан өңіріндегі сынақ палигондарын жабу жолындағы қоғамдық қозғалыстың жетекшісі. Шығармаларын орыс тілінде жазады.
«Азаматтың асау аты» (1979), «Ақ қардағы жасыл жапырақ» (1982), «Кішкентай бала мен екі еркек» (1983), «Махаббат хикаясы» (1984), «Ескірмейтін соқпақ жол» (1989), «Я с табой!»(2009), «Прасти меня я стабой!» (2009) атты әңгіме, повесттер жинақтары жарық көрді. Ол «Құрмет Белгісі» орденімен және бірнеше медальмен марапатталған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Әбішев У.
Елге қызмет жасаған азамат болды [Жазушы Энгельс Ғаббасов туралы] // Ауыл айнасы.-2014.-№30.-2 тамыз.-4 б
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: Аруна, 2010 жыл.
- Ғаббасов Э.
Жапандағы жалғыз ағаш.-1976.-152 б.
4. Ғаббасов Э.
Өткен жаз бен қыста.-1979.-66 б.
5. Ғаббасов Э.
Ескірмейтін соқпақ жол.-1989.-110 б.
6. Габбасов Э.
Маленький мальчик и двое мужчин.-1983.-65 с.