Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Бердіғалиев Қатимолла Жәңгірұлы (1952)

    Бердіғалиев Қатимолла Жәңгірұлы 1952 жылы 29 қаңтар күні Казталов ауданында Қарашеген ауылында дүниеге келген - айтыс ақыны, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәденит қайраткері (1989) . Казталовкадағы А. Оразбаева атындағы орта мектепті бітіріп,Орал музыкалық училищесі- нің әншілер даярлайтын бөліміне оқуға түседі. 1975 ж. оны А.Ф. Муравьева класы бойынша бітіріп шығады. Кейін аудандық Мәдениет үйінде әтдістемеші,үйірме жетекшісі,автоклуб меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1985ж. алғаш рет аудан     ақындар айтысына қатысады. Көп ұзамай өнерімен халыққа танылған ол «облыс ақыны»   атағына ие болады(1987) . Халықаралық ақындар жеңімпаз (1989). 1991 жылдан Оралдағы Құрманғазы атындағы музыкалық училищеде халық әндері бөлімінің Мұхит класына жетекшілік етеді.Қ. Бердіғалиев бірнеше рет республика деңгейдегі ақындар айтысына қатысып , бірінші бәйге мен жүлделі   орындарды жеңіп алды.          

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Майшина С.

Ақжайығын әнге қосқан Қатимолла.// Ауыл айнасы.-2017.-№12.- 24 наурыз.-5 б.

  1. Жақып Қ.

     Дәстүрлі өнер-өміршең[Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қ.Бердіғалиевтің 65 жылдығына орай]// Ауыл айнасы.-2017.-№11.-17 наурыз.-6 б.

  1. Болат Ә.

     Қазақтың Хатимолласы 65 жаста.// Ауыл айнасы.-2017.-№8.- 24 ақпан.-6 б.

  1. Төлекенова М.

       «Айман-Шолпанды» сағат жарым жырлады.Тыңдарман риза болды.[Әнші,жыршы Қ.Бердіғалиевтің жырлағаны] // Ауыл айнасы.-2012.-№25.-18 маусым.-2 б.

  1. Жақып Қ.

   Дәстүрлі өнер-өміршең [Қ.Бердіғалиев туралы]// Орал өңірі.-2017.-№28.-14 наурыз.-12 б.

  1. Ән сұңқары-Ғарекең.[Қ.Бердіғалиев Ғ.Құрманғалиевтің 100 жылдығына орай әдеби-сазды кеште]// Ауыл айнасы.-2009.-№25.-25 мамыр.-2 б.

 Ақынның шығармалары:

  1. Бердіғалиев Қ.

     73 жылдан соң табылды.[Әкесінің ағасы Сәтек Бердіғалиевтің жерленген жерінің табылғаны туралы] // Орал өңірі.-2015.-№55.- 9 мамыр.-5 б.