Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Хайруш ауылдық кітапханасы

  хайрушХайрош ауылы бұрын «Қызыл таң» ауылы аталған. Ол кезде 2-3 үй ғана болатын. 1961 жылы Жаңақала ауданы Айдархан совхозынан осы ауылға тракторист, шофер, малшылар жіберілген. №4 Хайрош фермасы болған. Мамандар келген соң шағын медпункт, 1-4 класстық бастауыш мектебі ашылды. 1964-65 жылдары клуб салынып, «Қызыл отау» атымен кітапхана ашылды. Сол кезде кітап қоры 640 дананы құраған. Қызыл отауда Құсайынова Бақыт, Қайкешова Күмісханым қызмет атқахайруш кітрған. 1978-79 жылдары ауылға жаңадан клуб салынып, жанынан кітапхана салдынды. Кітап қоры 1450 данаға жетті. 1982-1990 жылдар аралығында Кеңесова Әлия, 1990 Құлмажитова Әлия, 1994-95 жылдары Даукенова Меңсұлу қызмет атқарды. Бүгінде кітапханада кітапханашы Рысқалиев Амангелді қызмет атқаруда. Кітап қоры - 4996 дана оқырмандар саны-100. Кітапхана жыл сайын жәй жөндеуден өтіп тұрады. Соңгы жылдары кітапхана жаңа әдебиеттермен толыға бастады. Даталы күндерге байланысты ауыл тұрғындарына мәдени шаралар оздырылып тұрады.