Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Тереңкөл ауылдық кітапханасы

  теренкөлТереңкөл ауылы 1950 жылға дейін «Жаңа Талап» колхозы деген атпен аталған. Ал Тереңкөлге қарасты «Мереке» ауылы «Молотов» сосын «Октябрь» колхозы болды. 1950 жылдары «Жаңа талап» пен «Энгельс» атындағы колхоз бірігіп, 1964 жылы 24-ші ақпанда «Тереңкөл» совхозы өз алдына жеке бөлініп шықты. Қазір Тереңкөл ұжымы Нұрсай ауылы деп аталады. 1951 жылы Тереңкөл деген жерде алғаш рет «Қызыл Отау» ашылады. Онда Ищанов Шұғай жұмыс істеген. Білімі орта. Соғыс ардагері. Армиядан келген соң осында жұмысқа орналасады. «Мирное», «Саралжын», «Талдапан» елді мекендеріне кітаптар мен газет-журналдар апарып, халыққа қызмет көрсеткен. 1961 жылға дейін еңбек етті. Кейіннен, 1961 жылы Қызыл Отауда Еслямов Тілекқабыл 1964 жылға дейін жұмыс істейді. 1964 жылы Тереңкөл совхозы құрылғанда алғаш рет кітапхана ашылды. 1964-78 жылдар аралығында кітапханашы Ғаббасова Рабиға жұмыс жасады. Білімі орта. Ол кезде кітапхана атқару комитетіне қарайтын болған. 1978-81 жылдар аралығында Қалиева Ұлпат кітапханада жұмыс істеді. Ол кезде кітап қоры 3983 дана болған.1981 жылдан бастап 2017 жылға дейін Ищанова Гүлнәр қызмет етіп келді. Білімі арнаулы орта, мамантеренкөл кітдығы бойынша жұмыс істейді. Бұрынғы кезде науқанды жұмыстарға байланысты төл алу, егін себу, шөп шабу сияқты науқанды кездерде дала қостарына барып жылжымалы кітапхананың жұмысын атқарды. Еңбек адамдарына жаңа көркем әдебиеттер таратып, халықаралық жағдай туралы саяси хабарламалар өткізді. 2017 жылы Ищанова Гүлнар зейнеткерлікке шығып, орнына жас маман Махош Ару кітапханашы болып жұмыс атқарып келеді. Ал 2020 жылы 20 қазанда 0,5 бірлікте Измаганбетова Гүлнұр кітапханашы болып орналасты. Бүгінде кітапхана үш бөлмелік орында орналасқан. Кітапханада кітап қоры 15982, қазақ тіліндегісі 11815 кітаптар бар. Оқырман саны-328. Оқырманның кітап оқуына барлық жағдай жасалған. Жаңа кітаптар кітапханаға уақытылы түсіп тұрады.