Талдыапан ауылдық кітапханасы 1954 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Кітапханада алғашқылардың бірі болып Айман жұмыс істеді. Әр түрлі шаралар мен көрмелер өткізіп, бөлімшелерді аралап оқырмандарға кітаптарды насихаттап, қызығушылығын арттыра білді. Араға жылдар салып, кітапханаға кітапханашы Бекболатова Жаңылсын орналасты. Кітапханада көрмелер шығарылып, ауылдарды аралап, әдебиеттерді насихаттап, жастар мен үлкендерді оқуға тартып, түрлі мәдени шаралар өткізілді. Сол кездегі мерзімді басылымдардан: «Комсомольская правда», «Коммунист», «Социалистік Қазақстан», «Орал Өңірі», «Мәдениет және тұрмыс», «Пионер» т.б. мерзімді басылымдарды үзбей алдырып тұрды. 1975 жылы жаңадан салынған екі қабатты мәдениет үйі іске қосылып, кітапхана сол жаңа орынға қоныстанды. 1975 жылы Мурзалиева Сәуле кітапханашы болып орналасып, 20 жылдың үстінде еңбек еткен. Әр түрлі тақырыпта кітап көрмелері мен кездесу кештерін, әңгімелер ұйымдастырды. 1993 жылы Жубаналиева Жаңылсын кітапханашы болып орналасады. Жаңылсын өз ісіне шын берілген маман-кітапханашы, оқырмандармен өте жақсы тіл табыса білді. 2002 жылы кітапханашы болып Мурзалиева Сауле орналасты. Кітапханада жыл сайын әр жылдың аталуына байланысты кітап көрмелері ұйымдастырылды. 2005 жылы Мурзалиева Сауле зейнеткерлікке шығуына байланысты, Шаекенова Ұлман 2005 жылы кітапханашы болып қызмет етті. Бүгінде Талдыапан ауылдық кітапханасында кітап қоры – 9500 дана. 750 оқырманға қызмет көрсетеді. Кітапханашысы Джанғалиева Меңсұлу Тілепбергенқызы.