Сексенбаев ауылдық кітапханасының өзіндік тарихы бар. Көне көз қариялардың айтуынша алғаш 1969 жылы кітапхана ауылдық клубтың жанынан ашылған. Кітапханашы болып Сарсенбаева Уазипа жұмыс істеген. Сарсенбаева Уазипа 1938 жылы дүниеге келген. Мамандығы агроном. Содан белгісіз бір себептермен кітапхана 2-3 жыл жұмыс істеп жабылып қалған. 1990 жылы кітапхана қайта ашылып, кітапханашылық қызметке Қауметова Шолпан келеді. 1100-дей кітап қорымен, сол кездегі мерзімді басылымдардан: «Лениншіл Жас», «Социалистік Қазақстан», «Правда», «Труд», «Орал өңірі», «Сарыөзен тынысы», «Комсомольская Правда», «Жұлдыз», «Жалын» басылымдарын кітапханаға алдырып отырған. 3-4 жыл істеген кейін кітапхана жабылып қалған. Сол жабылғаннан 2004 жылы қайта ашылып жұмыстануда. Кітапханашылық қызметте Букатова Жауһар жұмыс жасайды. Кітап қоры – 3353 дана.