Сатыбалды ауылдық кітапханасы 1946 жылы ашылған. Кітапхана алғаш рет құрылған жылдарда – ақ көпшіліктің жиі баратын сүйікті орнына айналды. Кітапханада сол жылдары әр түрлі тақырыптарға байланысты кітап бұрыштары, көрмелер, фото-монтаждар озат тәжірибе тақтасы, қызыл бұрыштар шығарылған. Қыс мезгілінде қыстақтарға, жаз мезгілінде жазғы маусымдық жұмыстарға көшпелі кітапхана елді-мекендерді үнемі кітаппен, газет-журнал басылымдармен қамтып отырған. Бүгінде кітапхана өзінің қалыптасу кезеңінен бастап, азаматтық барлық мәдени құндылықтарын жинақтаушы, ғылым мен білімді таратушы ағарту ордасы және ауыл тұрғындарының кәсіби деңгейін көтеретін, білімін жетілдіретін орталық болып табылады. Кітапханада Алмагүл Оспанова кітапханашы болып қызмет атқарып, 2017 - 2019 жылдары аралығында Сатыбалды ауылдық кітапханасына Серғалиева Айнагүл кітапханашы болып жұмыс атқарды. 2019 жылдан 20 қарашадан бастап Абужалитова Жазира кітапханашы болып жұмыс атқарып келеді. 2020 жылы 27 қарашада Сатыбалды ауылында сәні мен салтанаты келіскен ауылдық клубы бой көтеріп, клуб жанынан ауылдық кітапхананың ашылу салтанаты өтті. Кітап қоры – 4468 дана.