Талдыапан совхозының Сарықұдық бөлімшесінің кітапханасы 1962 жылы 300 дана кітап қорымен ашылған. Кітапхана Сарықұдық клубының ішінде орналасқан. 1967 жылы қыркүйекте Сагинова Мүслима Сарықұдық кітапханасында қызмет атқарды. Сол кезде кітапханада кітап қоры 520 дана, 50 шақты оқырманы болды. 1980-83 жылдар аралығында Сары
құдық селолық кітапханасында Аманғалиева Сара кітапханашылық қызмет атқарды. Кітапханада кітап қоры 2000-дай, оқырман саны -150 дей болды. Жыл өте келе кітап қоры көбейіп, кітапхана жұмысы бір салаға түсті. 1983 жылы Орал мәдени ағарту училищесінің түлегі Қалекенова Айгүл Сарықұдық ауылдық кітапханасының кітапханашысы болып жұмысқа кіреді. Ол қабылдап алған кезде оқырман саны – 200-дей, халық саны -360 болды. Оқырман сұранысын толық қамтамасыз ету мақсатында кітапхана ішкі функцияларын ерекше тәртіппен бір жүйеге арнайы бөлімдерге бөлді. Бүгінде кітапхана ауыл тұрғындарының мәдени, рухани ордасына айналып отыр. Кітап қоры - 6046 дана, 270 оқырманға қызмет көрсетуде.