1946 жылдары Ордабай ауылында алғаш кітапхана ашылған. Ордабай ауылы ол кезде Микоян колхозы болып аталған. Колхоздың үлкен конторы, мектебі болған, контордың бір бөлмесінде «Қызыл отау» ашылған. Кітапханада кітап қоры мен газет журналдар аз болғанына қарамастан кітапханашы күнделікті жаһанда болып жатқан жаңалықтармен дала қостарына барып үгіт жұмыстарын жүргізген. Халықтың рухани сауатын ашуда сол кезде Сейтова Рабиға ауылдағы 7 жылдық мектеппен тығыз байланы
ста бірлесе жұмыстар жасаған. 1948-1949 жылдары халықтың жағдай түзеле келе, кітап қоры көбейіп орын тарыла бастағасын, мектеп жанына 2 бөлмелі орын береді. Ауыл жастарымен бірлесе отырып, әр мереке сайын шаралар оздырып отырды. Сол жылдардан кейін Ғабасова Марфуға, Абдрахманова Тәрбие, Қабылтаева Света, Қадешова Гүлбаршын, Губаева Бақыт қызмет атқарды. Кітапханада күні бүгін 6288 дана кітап қоры бар. 195 адам кітапхананың тұрақты оқырмандары. Кітапханада тұрақты кітап көрмелері, тақырыптық шолулар мен картатекалар шығарылып тұрады. Бүгінде Ордабай ауылдық кітапханасында Елешова Жанаргүл кітапханашылық қызмет атқарып келеді.