Оразғали ауылдық кітапханасының тарихы.
Патшалық Ресей кезінде Нағым деген қажы болған. Нағым қажының Төреғали,Оразғали деген екі ұлы болған. Төреғали қазір ауылдың “Қарасу”деп аталатын өзеннің арғы бетінде орын тепкен. Қазір “Төреғали” деп аталатын елді мекен әлі де бар. Ал Оразғали деген ұлы ” Жұлдыз” ауылынан он шақырым жерден орын тепкен. Қазіргі кезде ол жер “Оразғали”деп аталады. Тұрғы
ндар санының өсуіне байланысты 1963 жылы Оразғали ауылы Көктерек совхозының 4 фермасы болып құрылады. 1979жылы ауылда бастауыш мектеп ашылалды. 1980 жылы мәдениет үйі мен кітапхана ашылады. Алғаш кітапханашы болып Адиетова Ақжүніс жұмыс жасады.1982 жылы кітапханашы болып Сафина Айша. 1984жылы Құлмажитова Алия. 1987жылы Шмалиева Сара. 1991-1992 жылдары Шакуова Райса жұмыс жасайды. Халық санының жетіспеуіне байланысты кітапхана 1992 жылы жабылып қалады. 2016 жылы 10 қазанда, 24 жыл өткеннен кейін халық санының өсуіне байланысты кітапхана қайтадан ашылады. Кітапханашы болып Иманғалиева Әсем қызмет жасап келеді. Қазіргі таңда кітапхана қорында 2680 дана кітап, 120-ға жуық оқырманы бар.