Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Қошанкөл ауылдық кітапханасы

 қошанкөл Кошанкөл ауылында 1956 жылдары клуб және ауылдық кітапхана ашылған. Кітапханада Ищанова Маржан, Қаражігітова Марзия қызмет етіп, малшы шопандарды науқан кезде қой төлдету, шөп шабу жұмыстарына барып кітапхана жұмыстарын ұйымдастырды. Кітапханада Үмітханым Мажитова 1963-78 жылдары кітапханада еңбек еткен. Сол кездері халық саны-1200, оқырман саны- 450, кітап қоры-1300 дана болған. Көп жыл еңбек еткені үшін Мажитова Үмітханымға облыстық кітапханадан «Құрмет грамотасы» берілді. 1998-2019 жыл аралығында Қошанкөл ауылдық кітапханасында Адаялиева Жанар кітапханашы болып қызмет атқарды. 2019 жылдың 25 желтоқсанынан бастап Ақболатова Лиза кітапханашы болып қызмет атқарып келеді. 2020 жылдың 1 қазаннан бастап 0,5 бірлікте Бисенова Ақерке кітапханашы болып орналасты.