Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Қособа ауылдық кітапханасы

  қайшақұдық1960 жылы еңбекшілердің құрметіне Никанор бөлімшесінен клуб пен кітапхана ашылды. Құрамында 100-ге тарта кітаптары мен мерзімді басылымдармен қамтылды. 1963-69 жылдары Сания Орынғалиева еңбек етті. Науқандық жұмыстарға белсене араласып, дала қостарында үгіт насихат жұмыстарын жандандырды. 1970-89 жылдары аралығында Акмурзина Зәуреш, Құрмашева Айтжамал, Айткалиева Зоя қызмет атқарып, сол кезде кітап қоры 1500 дана болды. Бүгінде кітапханада 3560 дана кітап қоры, 219 оқырманы бар. Қособа ауылдық кітапханашысы Тукенова Жұма Орынғалиқызы ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде.