Қарасу ауылдық кітапханасы алғаш 1959 жылы Калинин колхозы жанынан кітапхана ашылады. Кітапханада 1000-ға тарта кітап қоры болды, дала қостарына барып қызмет етті. 1963 жылы Ленин және Калинин колхозы біріктіріліп, «Жұлдыз» қой өсіру кеңшары болып құрылды. Кеңшар орталығы Қарасу ауылы болды. Кітапханада кітап қоры 4385 болды. 1968 жылы Альмуханова Амина еңбек етті. 1948 жылы Көктерек ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтының кітапхана ісі факультетін бітіріп шыққан. Қарасу ауылдық кітапханасы өз саласы бойынша ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп, мәдени шаралар оздырды. 1986-87 жылдары кітап қоры 5148 дана, оқырман саны 435 болды. 1987 жылы зейнеткерлікке шығады. 1987-2018 жыл аралығында Қарасу ауылдық кітапханасында Қапашева Салтанат кітапханашы болып қызмет атқарды. 2018 жылдың 13 шілдесінен бастап Мақсотова Айнаш кітапханашы болып қызмет атқарып келеді. Күні бүгін кітап қорында 10782 дана кітап бар.