Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Қаракөл ауылдық кітапханасы

    қаракөл кітҚаракөл ауылдық кітапханасының ірге тасы 1932 жылдар шамасында қаланды. Себебі ол жылдарда Қызыл отау жұмыс істей бастады. Кітап қоры мол болмаған мен мерзімді басылымдар жинақталып, ел жаңалықтары ауыл тұрғындарына насихатталып жеткізіліп отырды.  Уақыт өткен келе кітапханаға бір бөлме беріліп, кітап қорымен толықтырыла бастады. Ауыл кітапханасы тұрғындардың рухани орнына айнала бастады. Сисенова Рая кітапханашылық қызмет атқарды. Ол дала қостарына барып әртүрлі бұрыштар ұйымдастырды. Бұдан соң ауыл кітапханасына Жусупова Қалима, Шодаева Раушан, Базартаева Гүлжан, Нуғманова Ақмәнет, Каримова Жарқынай, Базартаева Гүлім, Молдағалиева Нұргүл ауыл тұрғындарына рухани қызмет көрсетіп, еңбектене білді.

    Ел егемендігінің алғашқы қиын – қыстау жылдары мәдени ошақтарды ұстауға қаражаттың тапшылығынан жабылып қалған рухани орындардың ішінде Қаракөл кітапханасы да болды. Жабылып қалып, ел еңсесін көтергеннен кейін мәдени ошақ қайта ашылып ауыл тұрғындарының рухани орнына айнала бастады. Бүгінде ауыл кітапханасы жаңадан салынған орынға көшіріліп, онда кітапханашы жас маман Әсел Сейітова ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандырып келеді.