Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Қайыңды ауылдық кітапханасы

   қайыңдыҚайыңды ауылдық кітапханасы 1937-38 жылдары Қызыл бұрыш атымен ашылған. Онда Досаханов Хамза, 1946 жылдары Әділов Бақтығали, 1958 жылдан Ерғалиева Жамал қызмет атқарған. Бұл кісілер жылжымалы кітап беру пунктерін ұйымдастарып, ауыл еңбеккерлерінің рухани дамуына мол үлес қосқан жандар. Жылдар өте келе клуб салынып, кітапхана соның ішіне көшіріледі. Сол кездері кітапханада Сипанова Биғаным, Жолайтова Сара, Мырзахметова Венера қызмет атқарған. 1994 жылы орыс Таловка жабылып, Березин селолық кітапханасы біріктірілді. Ауылдық кітапхана Революция (қазіргі Құсайынов) көшесінде қызыл шатырлы жер үйде орналасқан. Кітапханада 1951-52 жылдары Елеусинова Үнзила, Қабышева Марзия жұмыс жасаған. 1964 жылы жаңа мәдениет үйінің іргетасы қаланып, 1966 жылы пайдалануға беріледі. Жаңа мәдениет үйінің ішінде кітапхана орналқайыңды кітасқан. 1971 жылға дейін Қабышева Марзия еңбек етті. Қабышева Марзия 1939 жылы Орда ауданы, Құрманғазы совхозында дүниеге келген. Орал мәдени ағарту училищесін 1962 жылы бітірген. 1962 жылы кітапханаға орналасып, 1971 жылға дейін кітапхана қызметкері болып жұмыс жасаған. 1971-80 жылдары Бекешова Амангүл жұмыс жасаған. 1980-84 жылдары Құмарова Рая, 1984-86 жылы Сейткалиева Дархан, 1986 жылдан күні бүгінге дейін Хасанова Гүлсім еңбек етіп келеді. Хасанова Гүлсім 1967 жылы дүниеге келген. 1984 жылы Гурьев мәдени ағарту училищесін бітірген. Бүгінде кітап қоры 10716 дана болып отыр.