Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Көпкүтір ауылдық кітапханасы

   көпкүтір  Көпкүтір ауылдық кітапханасы шамамен 1946 жылдар шамасында «Қызыл Отау» атымен ашылған. Кітапханада сауат ашу үйірмесі жұмыс жасаған, ол сол ағымдағы кітаптар мен басылымдар арқылы халықты хабардар етіп отырды. Алғаш болып 1917 жылы туылған Мамабетов Қаби еңбек еткен. Одан бертін келе кітапхана белгісіз себептермен жабылып, 1969 жылы ауыл селолық советі жанынан қайта ашылады. Кітапханашы болып 1939 жылы туылған Баймурзина Сайран жұмыс істейді. Жұмыс атқарған жылдарында Марксизм Ленинизм идеясына тәрбиелеу Отанын сүю, Отанға адал болу тақырыптарында плакаттар шығарып, үгіт бригадасымен бірге ауызша лекциялар оқыды. Озат механизаторлар мен шопандарға тақталар шығарып тұрды. Осындай белсенді жұмыстар атқара жүріп, 25 жыл еңбек етіп зейнеткерлікке шықты. 1994 жылдан Темирова Нұрсауле Ғариполлақызы кітапханашылық қызмет атқарды. Кітап қоры 4800-дей болды. Жыл өте келе кітапханаға қоғамдық саяси, көркем әдебиеттер, балалар әдебиеттерімен толығуда. Көпкүтір ауылдық кітапханасында жас маман Мәншүк Маширова ауыл тұрғындарына заман талабына сай қызмет атқарды. Бұл күні Көпкүтір ауылдық кітапханасында Темешова Гүлзада кітапханашы болып қызмет атқаруда.